Сабақ: «Астана Опера»



Дата30.01.2023
өлшемі0.76 Mb.
#468926
түріСабақ
8 қазақ Астана опера


Тексерілді: К.М.Жумырова
(оқу ісі орынбасары)



САБАҚ: «Астана Опера» театры

Мектеп: Жем қалалық №5 ЖББОМ

Күні: 16.11.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні: Р.М.Жетпісбай

Сынып: 6

Қатысқандардар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.2.1 оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау;
6.2.2.2 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

Сабақ мақсаттары
(бағалау критерийі)
берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Барлығы: мәтінмен жұмыс жасай алады,сұрақтарға жауап береді, жоспар құрады.
Көпшілігі:мақсатқа сәйкес жоспар құрады,өзі пікірін дәлелдеп эссе жазады.
Кейбірі:күрделі жоспар құрады, эссе құрылымын сақтап жазба жұмысын орындайды.

Алдыңғы оқу

Әлемдегі ең кішкентай театр

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Басы


6
минут

«Көңіл –күйді анықтау» әдісі бойынша оқушылармен амандасу, түгендеу.
«Миға шабуыл»
Театр деген не?
Қандай театрларды білесіз?
Театрға барып көрдіңіз бе?






Ортасы


31
мин


Тарихы
«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Дәл осы алып театр сахнасынан 2012 жылы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады.
Театр туралы мәлімет
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал, «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр» дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. «Осының барлығы «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады» дейді Мәдениет және ақпарат министрі. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептеліпті.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.






https://www.youtube.com/watch?v=eeWsbMc38tk





Соңы
3 мин

Үйге тапсырма: 4 тапсырма. Оқушылар толымды және толымсыз сөйлемдерге мысал жазады.
Оқушылардың орындалған тапсырмаларын тексере отырып, смайликтермен бағалаймын.


Білемін

Білдім

Білгім келеді








Кері байланыс





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет