Сабақ. Аудиторлық дәлелдеудің ұғымы. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі



бет1/2
Дата26.09.2022
өлшемі17.6 Kb.
#461321
түріСабақ
  1   2
аудитор


Практикалық сабақ . Аудиторлық дәлелдеудің ұғымы. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі.

  1. Аудиторлық дәлелдеулерді жүргізудің ерекшеліктері.

Аудиторлық дәлелдемелердің қайнар көздері

  • экономикалық субъект пен үшінші тұлғалардың бастапқы құжаттары;

  • экономикалық субъектінің бухгалтерлік есеп регисторлары;

  • экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау нәтижелері;

  • экономикалық субъект қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың ауызша айтулары;

  • экономикалық субъектінің құжаттарын басқа құжаттармен салыстыру, сонымен қатар экономикалық субъект құжаттарын үшінші тұлғалардың құжаттарымен салыстыру;

  • экономикалық субъект қызметкерлерімен жүргізілген мүлікті түгендеу нәтижелері;

бухгалтерлік есептілік

  1. Аудиторлық дәлелдеу мен оның аудиттегі ролі.

Аудиторлық дәлелдемелер дегеніміз – аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процесінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдемелерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.
Егер аудитор бұл мәліметтерге сенім артуға шешім қабылдайтын болса, онда ол тексеруге аз уақыт шығындайды. Клиент басшылығы дайындап берген мәліметтерге қарағанда, үшінші жақтан алынған дәлелдемелер сенімдірек болады. Сонымен бірге, клиент басшылығы тарапынан қысым жасау ықтималдығы орын алды, ал аудитордың бұл ақпараттарды дайындаған үшінші жақтың жұмыскерлеріне сұрақ қою мүмкіндігі жоқ деп пайымдауға болады. Егер аудитор өзінің тікелей бақылауындағы ақпарат көздерінен алынған дәлелдемелерді пайдаланатын болса, әрине, жақсырақ болады. Бірақ, ол жеткілікті түрде күрделі және қымбат. Сондықтан аудитор үшін кәсіпорындағы шаруашылық операцияларының өзі жүргізген талдауы маңыздырақ. Мұндай кезде аудитор есеп құжаттарында қате көрсетілу мүмкін болғандықтан, шаруашылық операциялары жөнінде қауіпке көбірек ұшырайтын ақпараттарды алуына болады. Бір ғана шаруашылық операциясы жөнінде бірнеше ақпарат көздерінен алынған дәлелдемелер бір көзден алынған дәлелдемелерге қарағанда әлдеқайда сенімдірек.

  1. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.

Аудитор еш уақытта өз пікірінің түгелімен дұрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдемелерді салыстыра отырып, аудитор қорытынды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдемелер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:

  • дұрыстық;

  • жеткіліктілік;

  • өз уақытында алынуы.



  1. Дәлелдеулер жіктелімі.

Кепілдік деңгейі жоғары техникалық тәсілдер жабдықтаушылармен, кредит берушілермен, бюджетпен және басқа да орындармен есеп айырысуда қолданылатын тікелей айғақтар мен жаппай дәлелдеу әдістерін қамтиды. Мысалы, проценттерді төлеу кезінде ресми жарияланған немесе келісілген проценттік мөлшемелерді берешек туралы проценттерге қатынасын көрсететін коэффициенттермен салыстырылады.
Мұндай аспаптарды пайдалануда аудитор талдаудың дәл болуын қамтамасыз етіп, тіпті азғантай өзгерістердің бизнес тиімділігінің арақатынасына әсерін ашып көрсетуі керек. Оның ішінде, кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналылымдылығын есептеу барасында өнім, жұмыс және қызметті өткізу мөлшері мен осы қаражаттың орташа жылдық қалдықтарын дәл анықтау қажет.

5. ХАС 500 «Аудиторлық дәлелдеулер».


ХАС 500Аудиторлық дәлелдеулер аудит мәліметтерінің көздерімен табиғатын, сондайақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет