5.Уақытты қалай пайдаландым?
|
Топтық, жұптық, жеке жұмысқа бөлінген уақыт тиімділігі сақталды. Сабақтың әрбір кезеңіне жоспарланған уақыт бағалау құралдарының күрделілігіне қарай белгіленді.
|
6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Жетекші сұрақтарды мұғалім жетекшілігімен жүргізе отырып, білім алушылардың бір-біріне сұрақ қоюына мүмкіндік жасадым.
|
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты. (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)
1. «Венн диаграммасы» әдісімен жүргізілген жұптық жұмыс.
2. Әр түрлі әдіспен берілген топтық тапсырмалардың бірін-бірі толықтыруы.
Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)
1. Сараланған тапсырмаларды әр түрлі әдіспен беру;
2. Оқу қажеттілігін ескеріп, жүйелі түрде сөйлеу дағдыларын жетілдіру үшін тапсырмаларды іріктеп
ұсыну.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1. Оқушының жеке қабілеттеріне негізделген сараланған тапсырмалар түрін жетілдіру;
2. Топтық, жұптық бағалауды критерийлер бойынша ашық, сенімді жүргізу.
|
Бағалау парағы
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
|
1. Мәтінді оқып, тірек сөздерді табады.
2. Жетекші сұрақтарға тірек сөздерді қолданып жауап береді.
3. Мәтін мазмұнын өз сөзімен баяндайды.
|
2.Сын есімнің шырай түрлерін ажыратады, заттанған сын есімдерді сөйлемде орынды қолданады.
|
1. Сын есімдерді салыстырмалы және күшейтпелі шырайға жасалуына сүйеніп, айналдырады.
2. Сұраққа жауап беруде өз ойын ауызша және жазбаша жеткізуде шырай түрлерін қолданады.
3. Заттанған сын есімдерді қойылған сұрағына қарап, орынды қолданады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |