Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Ә. Мүсілімов атындағы №101 мектеп лицейі Күні



бет1/4
Дата31.10.2022
өлшемі143.03 Kb.
#463692
түріСабақ
  1   2   3   4
қмж жігіттің сұлтаны


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп – лицейі

Күні: 10.03.2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Амангелді Шұғыла

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Жігіттің сұлтаны
Жатыс, шығыс, көмектес септіктері

Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
5.ӘТН 4.2. Граматикалық норма: зат еісімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады:
Мәтінді түсініп оқиды.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, мазмұнын өз сөзімен баяндайды.
Тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпты болжайды.
Жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік жалғаулары мен сұрақтарын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтін мазмұны бойынша өзіндік пікірін айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады:
Жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік жалғауларын қолдана отырып, эссе жазу.

Бағалау критерийі

  1. Тірек сөздер мен суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжайды.

  2. Зат есімдерді мәнмәтін аясында жатыс, шығыс, көмектес септіктері бойынша септей алады.







Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:
Адамның бойындағы мінез-құлық әдебі және адамның бітім-болмысы (портрет)жайлы біледі.
Жатыс, шығыс, көмектес септіктерін ажыратады, дұрыс қолданады.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Көкпаршы жігіт, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік, кепе, танау, жанар, әсте.

Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
2. Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
3.Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
4.Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз?

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Мінез-құлық, кескін-келбет, екі иығы қақпақтай, тау қопарар еңгезердей, шабандоз;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет