Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
Топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Стикердегі диалог» әдісі. Әр топқа стикерде жазылған бірнеше сұрақтан беріледі. Олар сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, стикерге ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды.
/3 топқа -2 сұрақтан/
Сұрақтар:
1.Компьютер деген не?
2.Компьютер қандай функцияларды орындайды?
3.Аналық тақшаның жүйелік блоктағы қызметі қандай?
4.Компьютер порттары не үшін қолданылады?
5.Компьютерде ақпаратты өндейтін құрылғы қалай аталады?
6. «Магистральды-модульдік құрылым» дегенді қалай түсінесің?
Бағалау: «Стикер» тәсілі арқылы үш топ бір-бірін бағалайды. /2балл/
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4. Өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, стикерге ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды.
|
Стикер
2 балл
|
стикерлер
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырып.
Компьютердің барлық құрылғыларын басқару үшін арнайы программалар қолданылады. Олардың ішінде операциялық жүйе ерекше орын алады.
Операциялық жүйе- компьютер құрылғылрының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыратын және түрлі командалардың орындалуын басқаратын жүйелік программа. Операциялық жүйесіз компьютер ешбір әрекетті орындай алмайды.
Топтық жұмыс. 2-тапсырма. Постер.Операциялық жүйенің міндеттері.
Дескриптор:
-Операциялық жүйенің міндеттерін жазады;
-постер қорғайды.
ҚБ: стикер / 2 балл/
Операциялық жүйелердің түрлері.
Операциялық жүйелер әдетте біз сатып алатын компьютерге алдын ала орнатылады. Компьютерге арналған ең танымал үш операциялық жүйе бар. Олар: Microsoft Windows, Apple Mac Os және Linux.
Ұялы телефондарда кең тараған операциялық жүйелердің бірі-Android.
Жеке жұмыс. 3-тапсырма. «Практикада қолдану»
§ 1.5 28-бет «Практикада қолдану» тапсырмасын орындау.
Дескриптор:
-компьютерді іске қоса алады;
-Есептер тақтасының Жұмыс үстеліндегі орнын өзгертеді;
-Тілдер тақтасынан Жұмыс үстелінің тілін қазақ тіліне ауыстыра алады;
-Есептер тақтасында орналасқан күнтізбе мен сағатты ауыстыра алады.
ҚБ: стикер /3 балл/
|
Мұғалімді тыңдайды
Операциялық жүйе- анықмасаны дәптерге жазады
2-тапсырманы орындайды
Операциялық жүйелердің түрлері- анықтамасын дәптерге жазады
|
Стикер
2 балл
|
Интербелсенді тақта/ компьютер
Жұмыс дәптері
Постер
|