Теориялық мәліметтер
Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап «қаржылық универмагтар», супермаркеттер типтері Францияда, Швейцарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары менмамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады. Несие ісі ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы болып табылады. Соның негізінде, несиелік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан несие институттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады.
Несие мекемелерінің соның ішінде, банктік мекемелердің түрлерін қарастырмас бұрын, біз банк және банк қызметі түсініктерін анықтауымыз керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі- депозиттерді қабылдау және ссудалар беру болып табылады. Көптеген елдерде банк немесе несиелік мекеме болып өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздар сату, лизингтік және т.б операциялар сияқты қызметтерді көрсетумен айналысатын кез келген мекеме. Ал банктік емес институттарға заң негізінде депозиттерді қабылдауға, есеп айырысуларды жүргізуге, сақтандыру кепілдемелерін беруге тыйым салынады.
АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозиттік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар таратудың басқадай формалары (зейнет-ақы жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.) рұқсат етілген деп бөледі.
Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және клиенттерге көрсетілетін қызметтер түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Сондай-ақ, жоғарыда атап өткендей өз клиенттеріне бір-екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандануы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі ол міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтердің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б. жатады.
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімдік қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады, бірақ олар технологиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.
Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздаврды құрайды.
Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттердің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.
«Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997ж. 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді алып тастады.
Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері кез келген елдің несие жүйесінің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда жинақ мекемелері, инвестициялық қорлар және компаниялар, өзара көмек беру кассалары, ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер өздерінің бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.
Экономиканың нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкін банктік емес институттардың дамуын талап етті.Осыған байланысты шеттегі, соның ішіндегі АҚШ-та және Ұлыбританиядағы арнайы несие институттарының қызмет ету мүдделендіре түседі.
АҚШ-та банктік емес несие-қаржы институттарға:өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады.
Өзара жинақ банктері «өзара біріккен» кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды.
Қарыз-жинақ бірлестіктері –халықтың қаражатына қатысты салымдық операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдаланады.
Несиелік одақтар-кәсіподақтардың, ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері.
Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей операциялармен шұғылданады.
Жеке және мемлекеттік зейнетақы қорлары- халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпорациялардың ақшалары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.
Ақша нарығының өзара біріккен қорлары пайлық депозиттік сертификаттарды, қазыналық вексельдерді сату жолымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетін қысқа мерзімді бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелін құруға бағыттайды.
Банктік реформа
Тест
6 апта 2 балл
-
Қазақстанда эммисиялық банк қай банк болып табылады?
А) Орталық банк
Б) Халықтық банк
В) Резервтік банк
Г) Ұлттық банк
-
Мемлекет эммиссиялау құқығын тек бір ғана банк береді. Ол банк-...
А) Орталық банк
Б) Халықтық банк
В) Резервтік банк
Г) Ұлттық банк
-
Мамандандырылған қаржы-несие институттарына жататындар:
А) Ломбардтар
Б) Инвестициялық қорлар
В) Барлығы дұрыс
Г) Бюджеттен тыс қорлар
-
Жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асарады.
А) Салалық банк
Б) Инвистициялық банк
В) Иновациялық банк
Г) Ипотекалық банк
-
Ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады:
А) Аумақтың банк
Б) Инвестициялық банк
В) Иновациялық банк
Г) Ипотекалық банк
-
Инвеститциялық компаниялар неше типке бөлінеді?
А) 2
Б) 3
В) 4
Г) 5
-
Несие жүйесінің негізгі буыны және нарықтық экономиканың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
А) банк жүйесі
Б) несие жүйесі
В) кредит жүйесі
Г) ақша жүйесі
-
Басқарылатын жүйе ...
А) банк жүйесі
Б) несие жүйесі
В) кредит жүйесі
Г) ақша жүйесі
-
Банк қызметі қандай шамада реттелетіне қарай банк ісін ұйымдастырудың неше типі көрсетілген...
А) 2 типі
Б) 3 типі
В) 4 типі
Г) 5 типі
-
Банктер өздері атқаратын қызметтердің ерекшелігіне байланысты 2 түрге бөлінеді. Оларды ата:
А) Эмиссиялық, эмиссиялық емес
Б) Банктік, банктік емес
В) Тауарлы және ақшалай
Г) Эмиссиялық және банктік
10-тақырып. Қазақстанның банк жүйесі
Жоспар:
1.Капиталдың жеткіліктілігі
2.Меншікті капиталды бағалау әдістемесі.
Теориялық мәліметтер
Банктер- атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық дегеніміз- айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы берілген орталық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлттық, халықтық, резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті- айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғарғы буыны болып табылады. Мемлекет эмисиялау құқығын тек бір қана банкке береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтерінежетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлттық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер-эмисиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маңыздысы: уақытша бос ақшалай қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және т.б.
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сай ҚР-ғы банк жүйесі екі денгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші денгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы)-екінші денгйдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғанын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес.Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылды.
Банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың сан 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін қысқарды. Жалпы банктер қатарына мемлекеттік банктер саны 2. Қазақстанның секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны –16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алды.
Банктердің нарықтық экономикадағы ролі
Глоссарий
6 апта 3 балл
Банк жүйесі
Банк несиесі
Банк операциялары
Банк ресурстары
Банк желісі
Банк депозиті
Банк инвестициясы
Банк релизі
Банк кепілдігі
Банк қарызы
Банк күні
Банк балансы
11- тақырып: Қазақстандағы 1991 ж банктік реформа
Жоспар:
1.Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі
2.1995ж қазақстанның банктік реформалау бағдарламасы
Теориялық мәліметтер
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді.Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерсбанк және т.б. жатады.
1990 жылы Қазақстан Республикасы зө егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО –ғы банктер және банктік қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктіәк реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сай жүзеге асырылды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қлл жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөль атқарды.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда , олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
I кезең. 1988-1991.(КСРО-ның тұсында )- мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикадағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру ; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары –рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
III кезең.1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі , яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетжәне банктермен қарым –қатынас орнатудың классикалық қағидаларыыын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
-
Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
-
Коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизімінің жеткіліксіздігі;
-
Екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
-
Валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
-
Макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану денгейінің төмендігі;
-
Осы уақытқа дейін пайдаланып келегн Ұлттық банк пен екінші денгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі ;
-
Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету денгейінің жоғарылығы;
ә)Екінші денгейдегі банктерге байланысты:
-
Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
-
Қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;
-
Шаруашылық субъектілерінің несиелеу барысында жобаларды бағалау денгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз денгейде болуы;
-
Орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану денгейінің жеткіліксіздігі;
-
Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
-
Банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен денгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралыр 1994 ж. Орта кезеңінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министірдің Қаулысына сай арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге байланысты мерзімі өтен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банктің балансынан Қаржы Министірлігінің қармағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық –импорттық банкке және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты.Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі –35 құрады. Бұл бір жағынан , ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді.Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамти:
Бірінші кезеңде мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.
Екінші кезеңде Халық банкіне пластикалықдебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.
Үшінші кезеңде Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сай 01.01.1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.
Төртінші кезеңде әмбебап банк –Тұран банктегі мемлекеттің үлесі анықталып, ондағы негізгі боышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.
Бесінші кезеңде әмбебап банк- Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі -40,3мөлшерінде анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды. Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан , орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды.
Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспортты – импорттық банк, Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған Банктер қатарына халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.
Мемлекеттік даму банкі-бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін,экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк.
Тұрғын үй құрылыс банкі –бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылары арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.
Медетші банк –бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сай, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.
Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша- несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсуде.
Банктерді қайта қаржыландыру механизімі түбірімен өзгерді. 1995 ж. ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды.Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші денгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тән қызметк: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші денгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші денгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын өте бастады. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырады.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция төмендеді. Айталық, 1995ж қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9 -дан, қыркүйек айында –2,4-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Ұлттық банктің 1996-1998 жылға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сай банктік реформалау әрі қарай жалғасты.
Банк реформасының жүргізу бағдарламасының басты мақсаты- ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші денгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсайды:
-
Ақша –несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;
-
Елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
-
Валюталық реттеудің дамыту және алтын валюта резервін басқару;
-
Банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принціптерін түбірімен өзгерту
-
Бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;
-
Ұлттық банктің басқа елдердің орталық банктермен және басқа да қаржылық институттармен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысты;
-
Ұлттық банктің құрылымын жеңтілдіріп, кадр және техникалық әл-ауқатын нығайту;
-
Екінші денгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;
-
Төлем жүйесінің дамыту;
10 Елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық қамтамассыз етілуін жетілдіру.
Несиелік ресурстар
Жазбаша бақылау
7 апта 2 балл
1. Несиелік ресурстар
2. Несие ісі
3. Банктік мекемелердің түрлері
4. Несие ісін ұйымдастырудың типтері
5. Сегменттелген құрылым
6. Әмбебаптық құрылым
7. Несие-қаржы мекемелері
Несиелік ресурстар
Реферат
7 апта 4-балл
№
|
Тапсырма алған студенттің аты жөні
|
Тақырып атаулары
|
Орындалу мерзімі
|
Жұмыстың бағалануы
|
1
|
|
Несиелік ресурстар
|
|
|
2
|
|
Несие жүйесі
|
|
|
3
|
|
Қазақстан Республикасының банктік емес қаржы институттары
|
|
|
4
|
|
Несие мекемелерiнiң түрлерi
|
|
|
5
|
|
Азияның даму банкі
|
|
|
6
|
|
Қарыз капиталы, пайыз және несие
|
|
|
7
|
|
КСРО-дағы 1930-32 жж несие реформасы
|
|
|
8
|
|
Несие формалары
|
|
|
9
|
|
Маманданған несие –қаржы институттары және олардың типтерi мен қызмет көрсету ерекшелiктерi
|
|
|
10
|
|
Банктiң типтері
|
|
|
11
|
|
Несие және банк жүйесі
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |