Сабақ беретін пән бойынша сабақтан тыс әрекетінің жағымды нәтижелері төмендегідей бағаланады



Дата24.01.2023
өлшемі16.68 Kb.
#468707
түріСабақ
Мұғалімнің жетістіктерінің бағалау өлшеуіштері


Мұғалімнің жетістіктерінің бағалау өлшеуіштері


1. Өзі сабақ беретін пән бойынша сабақтан тыс әрекетінің жағымды нәтижелері төмендегідей бағаланады:

  • Оқушылардың ғылыми-практикалық конференциялардағы жетістіктері: ең үздік жұмысқа диплом, жеңімпаз дипломы (5б – мектепішілік деңгейде, 10б – аудандық, аймақтық деңгей, 15б – облыстық деңгей, 20б –республикалық деңгей, 25б –халықаралық деңгейде. Егер бір мұғалімнің екі немесе бірнеше деңгейде жеңістері болса балдары қосылады);

  • Әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға (жоғары оқу орындары өткізетін) оқушыларды ұйымдастырса (10б – егер оқушылары 1,2,3 орын алса)

  • Оқушылары «Жас биолог», «Жас физик» т.с.с байқауларына қатысып, мектепішілік орын алса-2 б, аудандық байқауға қатысса 5 б, облыстық байқауға қатысып орын алса -7 б.

  • Оқушылардың мемлекеттік пән олимпиадаларынан жетістіктері (5б – мектепішілік деңгей (1, 2, 3 орын), 15б – аудандық деңгей (1, 2, 3 орын), 20 б – облыстық деңгей, 30б – республикалық деңгей, 50б – халықаралық деңгей. Егер бір мұғалімнің екі немесе бірнеше деңгейде жеңістері болса балдары қосылады.

2. Педагогтың өзіндік педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату;

  • Аудандық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату ( 2б – мектептің педагогикалық кеңесінде немесе семинарларда, әдістемелік күн, бірлестік отырысында тәжірибе бөлісуі; 5б –пән мұғалімдерінің аудандық деңгейде әдістемелік бірлестік отырыстарында тәжірибесімен бөлісу баяндамалары, оқу жылы бойы шебер-класс жүргізу, аудандық семинарларда, дөңгелек үстелдерде және т.б. проблемалық отырыстарда тәжірибе бөлісу баяндамалары, жинақтар, ғылыми-әдістемелік басылымдарының жариялануы, ОҒҚ немесе ӘБ жетекшілік жасауы. Егер педагог ОҒҚ, бірлестікке жетекшілік жасаса, балдары қосылады.);

  • Облыстық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және (10б – облыстық семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, облыстық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жарияланса);

  • Республикалық және халықаралық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату (20б – республикалық және халықаралық деңгейдегі семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, облыстық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жарияланса, 5б–егер баяндама ғана жіберіліп, ол туралы куәландыратын құжат болса)

  • 3. Кәсіби сайыстарға қатысу деңгейін бағалау:

  • Кәсіби сайыстарға қатысуы (мектепішілік-2, аудандық- 5, облыстық–15, республикалық–20 б);

  • Пед оқуларға қатысып орын алса, мектепішілік-2, аудандық-5, облыстық-10, республикалық-15 б

  • Мақаласы БАҚ жарияланса, аудандық-5 б, облыстық-10 б, республикалық-15 балл

4. Мәдени-көпшілік шаралар және спорттық жарыстарға қатысуын бағалау:

  • Мәдени-көпшілік сайыстарға қатысуы (мектепішілік-1, аудандық- 3, облыстық– 5, республикалық–10);

  • Спорттық жарыстарға қатысып орын алса (мектепішілік-1б, аудандық-3б, облыстық-5 бал, республикалық-7 б)

5. Оқушылардың спорттық жарыстарға қатысуын бағалау:

  • Спорттық командалық жарыстарға қатысуы (мектепішілік-2, аудандық- 5 б, облыстық– 10 б, республикалық–15 б);

  • Спорттық жарыстарға жеке оқушысы қатысып орын алса, мектепішілік-2б, аудандық-5б, облыстық-10 бал, республикалық-15 б


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет