Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
1.1.5.1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен бай/н көркем жазу талаптарына сай жазу
|
Сабақтың мақсаты
|
заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолданады
мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа жауап береді
жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен бай/н көркем жазу талаптарына сай жазады
|
Сабақ
тың басы
5 минут
Өткенді пысықтау
5 минут
Сабақ
тың ортасы
20 минут
Сергіту сәті
2 минут
Сабақты қорыту
6минут
Қосымша тапсырма
2минут
Кері байланыс
5 минут
|
Сабаққа дайындық жасау
Психологиялық ахуалды жақсарту
Өткенді пысықтау
Сабаққа кіріспе
Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстыру
Жаңа тақырып.ҰЖ
ФС.1-тапсырма.Айтылым
Толық жауапты қажет ететін ашық тапсырма
Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау. (Бұл – қаз. Қаздың балапандары бар. Оның балапандары бесеу)
«Сұрақ-жауап» әдісі
Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:
Мынау не?
Бұл – қаз.
Қаздың нелері бар?
Қаздың балапандары бар.
Оның балапандары нешеу? Оның балапандары бесеу.
Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау:
Қаз суда жақсы жүзеді. Балапандарына жүзуді үйретеді.
.Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.Қажетті сөйлемді (Бұл – қаз) бөліп алып, оны сөздерге (Бұл, қаз) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
.Өтілетін жаңа дыбысы бар «қаз» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.
.Сөздегі жаңа дыбыстың орнын анықтау.
.«З з» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
«Зз» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.
Түймелерден «з» әрпінің сұлбасын жасау.
«Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру
Сергіту сәті
Оқылым.
Берілген сөздер мен мәтінді оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
«З» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (аз -оз, азық -қазық), ортасына (қаз -қыз), соңына
(қызыл-қызық) тиісті дыбысты қосу арқылы оның
мағынасы өзгеретінін түсіну.
Жазылым
Оқулықтағы «З» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«З» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«З» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
деңгей:
Берілген дыбыстық сызбаға төмендегі қай сурет атауы сәйкес келетінін анықта.
2-деңгей:
«З» дыбысы сөздің қай бөлігінде (басында, ортасында, соңында) орналасқанын анықта. Сөзді буынға бөл.
3-деңгей:
Қобыз, көзілдірік, зымыран сөздерінің бірімен сөйлем құра.
|
Шаттық шеңберін құрады
Тапсырманы орындайды
Тапсырманы орындайды
Жеке жұмыс жасайды
|
Мақтап, мадақтап отыру
Дескриптор:Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды
Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.
Дескриптор:Өтілетін жаңа дыбысы бар «қаз» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.Сөзде бір дауысты дыбыс болғандықтан, сөз бір буыннан тұратынын айтады.«Қаз» сөзін «қаз-з-з» деп айтып,
«з» дыбысын анық естиді.«З» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Түймелерден «з» әрпінің сұлбасын жасайды.
Керемет!
Дескриптор:Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «азық», «қазық» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды
.жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайдысызықтарды бастырып жазу арқылы З әрпінің бас және кіші әрпін жазады. З әрпі кездесетін сөздерді көркем жазады.
Тамаша
|
суреттер
Суреттер
Қима қағаздар
оқулық
оқулық
оқулық
Оқулық
Оқулық
Суреттер
Кері байланыс
|