Ұйымдастыру
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Оқу материалын жариялау «Пазл», «Миға шабуыл» әдістері арқылы жүреді.
-Берілген сурет бөлшектерін дұрыс пайдаланып, суреттерді толық құрастырыңдар.
-Суреттерде не бейнеленген?
-Оларды қалай топтауға болады?
-Олай болса бүгінгі сабағымызда жанды, жансыз табиғат туралы түсінігімізді кеңейтіп, өсімдіктердің бөліктерін ажырататын боламыз.
|
Жаттығу жасайды.
Сурет құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Тақырып ашады.
|
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, жауабын толықтыру, «Үш шапалақ» әдісімен бағалау.
|
Бөліктерге бөлінген жанды, жансыз табиғат суреттері
|
Жаңа білім
10 мин
2 мин
Бекіту
8 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) Сөздікпен жұмыс.
Ағаш, бұта, шөптесін өсімдік, жанды табиғат, жансыз табиғат.
Ә) «Кинометафора» әдісі.
-Табиғат туралы бейнежазбаны бірге тамашалайық.
-Бейнежазбадан не көрдіңдер?
-Табиғаттың қандай түрлерін ажыраттыңдар?
Сергіту сәтінде «Иә/Жоқ» ойынын ойнату.
Мұғалім тақырыпқа қатысты сұрақ қояды, иә немесе жоқ деп жауап береді. Қате жауап берген оқушы болса, дұрысын түсіндіру қажет.
-Өсімдікті жанды табиғат деп атауға бола ма?
-Тасты жанды табиғатқа жатқызамыз.
-Су- жансыз табиғат.
-Жануарлар жанды табиғатқа жатады.
тсс
(Т) 2-тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдістерімен жүреді.
А) Ойлан.
-Өсімдіктер қандай жерлерде өседі?
Ә) Салыстыр.
Өсімдіктердің үш тобын салыстырыңдар.
Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтыңдар.
Өсімдіктер қандай белгілеріне қарап үш топқа бөлінді?
Б) Анықта.
Суретке назар аударып, өсімдіктің бөліктерін атаңдар.
-Тамыр қандай қызмет атқарады?
Сабағы ше?
В) Мәтінмен жұмыс.
Ә) Салыстыр.
-Сыныптағы бөлме өсімдіктерін басқа жансыз заттармен салыстырыңдар. Айырмашылығын айтыңдар.
|