Сабақ әдісі: сұрақ жауап, оқулықпен жұмыс, альтернатив тест, интерактивті тақтамен жұмыс, салыстыру. Көрнекілігі: компьютер, слайдтар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а оқушылармен амандасу б көңілдерін сабаққа аудару



бет1/2
Дата10.10.2022
өлшемі81.5 Kb.
#462345
түріСабақ
  1   2
Аралас курмалас сөйлем


Тақырыбы: «Аралас құрмалас сөйлем»
Мақсаты: Білімділік: жаңа сабақты меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сабақтас құрмалас сөйлем мен салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігін таныту, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығару.
Дамытушылық: дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұлттық тәлім - тәрбие алуға, ұқыптылыққа, мысалдағы сөйлемдер арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, альтернатив тест, интерактивті тақтамен жұмыс, салыстыру.
Көрнекілігі: компьютер, слайдтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:


а) оқушылармен амандасу. б) көңілдерін сабаққа аудару.
1 - слайд:
«Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!»
2 - слайд: «Үй тапсырмасын тексеру»
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемнің түрлері.
3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Құрмалас сөйлем


Салалас ---------------- Аралас --------------- Сабақтас

3 - слайд: «Венн диаграммасы»


Салалас
Компоненттері тиянақты, тең дәрежеде байланысады.
Жалғаулық шылаулар, интонация арқылы байланысады.

Синтаксис.


Құрмалас сөйлем.
Күрделі ойды білдіреді.

Сабақтас- Алғашқы компоненті тиянақсыз. Бағына байланысады. Қосымшалар арқылы байланысады.


Бағыныңқы, басыңқы

Жаңа сабақ.


Аралас құрмалас сөйлем.
1. Сәкен ауылға ертерек келсе, шөп шабуды бастаймыз.(шартты бағыныңқы сабақтас)
2. Сәкен сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді. (себеп - салдар салалас)
3. Күн шығып, ел тұра бастады,- Сәкен әлі жоқ. (Аралас құрмалас сөйлем)
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
4. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді - ат етпетінен түсті.(Аралас құрмалас сөйлем)
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
5. Кеген ауданына келгенше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.(Аралас құрмалас сөйлем)
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Құрамында жай сөйлемдері бір - біріне салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады.
Оқулықпен жұмыс:
1 - тапсырма
Оқулықтағы 151 - жаттығуды ауызша орындау. Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орналасу тәртібін түсіндіру.
Оқулықтағы 152 - жаттығудан көп бағыныңқы құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолын түсіндіру.(жазбаша)
2 - тапсырма. Ырымдарға байланысты сөйлемдер берілген. Орындары ауысып кеткен салалас сөйлем мен сабақтас сөйлемнің сыңарларын орналастыру керек.
Салалас Сабақтас

Альтернатив тест


1. Аралас құрмалас сөйлем салаласып та, сабақтасып та, байланыса ма?
а) иә; ә) жоқ.
2. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем бола ма?
а) иә; ә) жоқ.
3. Сабақтас сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз бола ма?
а) иә; ә) жоқ.
4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма?
а) иә; ә) жоқ.
5. Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз бола ма?
а) иә; ә) жоқ.

Сөзжұмбақ «Аралас»


1. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем.(құрмалас)
2. Кімге? неге? сұрағына жауап беретін септік.(барыс)
3. Сөйлемде атау, іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, басқа мүшені мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.(толықтауыш)
4. Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем.(салалас)
5. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.(зат есім)
6. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы.(етістік)

Үйге тапсырма. 1. Аралас құрмалас сөйлемнің ережесін жаттау.


2.«Абай жолы» романынан алты аралас құрмалас сөйлем жазып келу.
Оқушыларды бағалау.
ұрмалас сөйлемді қайталау
Жарияланды 3-11-2013, 21:43 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақтың мақсаты:
А) Құрмалас сөйлем туралы білімдерін арттыра отырып, оның, түрлерін ажырата білуге үйрету, оқушылардың теориялық білімдерін дамыту.
Ә) Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын жеткізе білуге баулу.
Б) Ана тілін қастерлеу, өз ұлтының ерекшелігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап әдісі, түсіндірмелі әдіс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка
Көрнекілігі: қазақтың ұлттық музыка аспаптарының суреттері, қобыздомбыра т. б

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Жұмылдыру
Үй жұмысын тексеру:
Балалар, үйге "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына эссе жазып келуге берілген.
- Кәне, кім оқиды?
Мәтіндегі жай сөйлемнің түрлеріне тоқталып өтеміз.

Жаңа сабақ:


Біз бүгінгі сабақта құрмалас сөйлемнен өткенді қайталаймыз.
Сұрақ – жауап:
1. Сөйлем деген не?
2. Құрмалас сөйлем деген не?
3. Құрмалас сөйлемнің түрлері?
4. Салалас құрмалас сөйлем деген не?
5. Сабақтас құрмалас сөйлем оның түрлері?
6. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлем және оның түрлері көне түркі ескерткіштерінде кездеседі. Біздің арғы тегіміз көне түркі дәуірінен басталады. Орхон жазулары туралы не білеміз?
Түркілердің негізгі мекені қай жер?
Түркі тілдес халықтарды ата.
Орхон - Енисей жазбаларында құрмалас сөйлем салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді.
Көне түркі тілінде Қазақ тілінде
Қағаны алп ерті, айғучысы біліге ерті.
Ол қан йоқ болтуқда кесре, ел йітміш, ычғынмыш, қачышмыш.
Қағаны батыр еді, кеңесшісі білгір еді.
Ол хан жоқ болғаннан кейін, ел шетінеген, ышқынған, қашқан.

ІІІ айналым «Көкпар» ойыны.


Сыныпты екі топқа бөлеміз. 1 топ «Аламан» тобы, 2 топ «Жайдарман» тобы. Біз бүгін сіздермен Алатаудың биік шыңына бірге аттанамыз. Біз ол үшін төрт сатыдан өтуіміз керек.
Қоржыннан топ жетекшілері көрсетілген нөмірге байланысты асық алып, карточкадағы сұраққа топ мүшелерімен ақылдасып, 1 - минуттың ішінде дайындалып жауап беруге тиіс.
Осылайша әр команда ұпай санын жинайды.
Ыңғайлас салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Себеп - салдар салалас сөйлем деген не?( жалғаулықтары,
тыныс белгісі)
- Қарсылықты салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Түсіндірмелі салалас сөйлем деген не? (тыныс белгісі)
- Талғаулы салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Кезектес салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Сабақтас құрмалас, мағыналық түрлері
- Шартты бағыныңқылы сабақтас, жасалуы
- Көп бағыныңқылы сабақтас, түрлері
- Мезгіл бағыныңқылы сабақтас, жасалуы
- Бағыныңқы, басыңқы сөйлем дегеніміз не, жасалу жолдары.
Құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдері: (интонация, жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі)

ІІ айналым


Балалар, алдарыңызда қандай ұлттық аспаптардың суреті?
Осы ұлттық аспаптар туралы не білеміз?
Қазақтың қасиетті домбырасы, қобызы т. б туралы айтып өтеміз.
Қобыз аспабын алғаш ойлап тапқан кім?
Қорқыт ата қай дәуірде өмір сүрді?
Балалар, қасиетті қобыздың үніне құлақ түрейік. (музыка ойналады)
Оқушылар суретті алады да, суреттің артында берілген тапсырмаларды (сөйлем мүшесіне талдау) орындайды.
1. Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді.
2. Ғалым болу міндет емес, білімді болу парызың.
3. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.
4. Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

ІІІ айналым


«Сақина салу» ойыны.
(Ойынның шарты түсіндіріледі. Ортаға екі топтан екі оқушы шығып, сақина жасырады.) Жеңілген оқушылар берілген тест сұрақтарын шешеді.

ІY айналым


«Кім жылдам?»
Екі топқа сөйлем оқылады. Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін анықтау (ауызша). Ұпай санын әділқазылар алқасы белгілейді.
1. Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен айқын сәлем берді.
2. Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды.
3. Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болды.
4. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
5. Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен.
6. Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.

Қорытынды:


Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе,, ортаға бір оқушы шығып, Венн диаграммасын толтырады..
1. Салалас құрмалас жасалуы
2. Сабақтас құрмалас жасалуы
3. Ұқсастығы.
Осыдан кейін екі топтың оқушыларына интервью - тест беріледі.
1 топ. Интервью - тест
а) Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Ескерту: астын сызу керек
А. Жай сөйлемнің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас
Ә. Жай сөйлемдері өзара тең дәрежеде байланысады
б) Сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Ескерту: Тестте жоқ болса, өзің жазып толықтыр
А. 3
Ә. 4
Б. 6
В. 7 Шартты
в) Сабақтас құрмаласта жай сөйлемнің орналасу тәртібін белгіле
А. бағыныңқы, басыңқы
Ә. басыңқы, бағыныңқы
2 топ. Салалас құрмалас сөйлем
а) Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Ескерту: астын сызу керек
А. Жай сөйлемнің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас
Ә. Жай сөйлемдері өзара тең дәрежеде байланысады
б) Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Ескерту: Тестте жоқ болса, өзің жазып толықтыр
А. 3
Ә. 4
Б. 6
В. 7 ыңғайлас
в) Салалас құрмаласта жай сөйлемнің арасына қойылатын тыныс белгілері
А. қос нүкте, үтір, сызықша
Ә. ешқандай тыныс белгі қойылмайды
Балалар, Наурыз мерекесімен қатар келген апталығымыз жақсылықтың нышаны дей келе, биылғы жылан жылы жайлы болсын дегім келеді. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Төрт сатыдан сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады.

Үйге тапсырма:


«Наурыз - жыл басы» тақырыбында ойтолғау жазып келу.
Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тиімді оқытудың жолдары.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында теориялық білім мен практикалық дағдыларды өзара ұштастыра меңгертудің тиімді әдістерін таңдап алуымыз қажет. Мұнда оқушылардың өздігінен ойлай, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылады. Соған орай, сабақтас құрмалас сөйлемдерді меңгерту, онымен бірге оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру жұмыстар сол сөйлемнің әрбір түрінің мағналық сапасын әбден танығанда ғана күткен нәтижені бере алады.
Бірініші кезекте, тиісті сабақтас мағынасы түсіндіріледі. Екінші кезекте, сабақтас сөйлемнің формалық белгілері таныстырылады.
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тиімді оқытудың жолдары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік – сабақтас құрмалас сөйлем және олардың түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада құрмалас сөйлем түрлерін бір – бірінен және жай сөйлемнен ажырата білуге жаттықтыру.


Дамытушылық – сабақтас құрмалас түрлерін ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана білуге дағдаландыру. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ой - өрісін дамыту.


Тәрбиелік – ана тілін сүйюге, қадірлеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы көрсетілетін сызбалар, кестелер, мәтіндер, плакат.


Сабақтың түрі: Іздену, зерттеу.


Сабақтың әдісі: Оза оқыту, түсіндірмелі, сұрақ – жауап, талдау, салыстыру.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарларын сабаққа аудару.


Үй тапсырмасы бойынша жұмыс

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлем жазып келуге берілген. Үй тапсырмасының орындалу барысы түсіндіріледі.


Үй жұмысын қорытыныдылау әрі жаңа сабаққа оқушылар көтеріңкі көңілмен ену үшін, оқушыларға кеспе қағаздары беріледі.


Біліммен ой сергіту.


Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен болады. (кемінде екі)


Түсіндірмелі салаластың жалғаулығын ата? (жоқ)


Ыңғайласқа айналатын салалас түрі. (кезектес)


Қайталанбайтын жалғаулықтар. (және, немесе)


Мынау, сол, сонша жалғаулығы қай салаласта. (жалғаулық емес)


Үш жалғаулығы бар салалас. (кезектес)


Сабаққа жақсы жауап берсең, бес аласың. (салалас емес)


салаластың қай түрі?


Білімді толықтыру.

Жаңа сабақ: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тиімді оқытудың жолдары.


Мына сөйлемдерге көңіл аударайық:


Сөз жүйесін тапсы, мал иесін табар. (ш.б.с)


Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді. (қи.б.с.)


Сабақ басталғалы, бұлар жиі сөйлесіп жүр. (м.б.с.)


Қыс келгенмен, қар жаумады. (қ.б.с.)


Біреу көмектесер деп, ол үйден шықты. (с.б.с.)


Ол оқымақшы болып, қалаға келді. (м.б.с.)


Бұл құрмалас сөйлемдердің бірініші жай сөйлемдерін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы мұндай тиянақсыз жай сөйлемдерді бағыныңқы сөйлем дейді. Екінші жай сөйлемі тиянақты, олар өздігінен дербес айыла береді. Мұны басыңқы сөйлем дейміз.


Сабақтас құрмалас сөйлем.
Сөйлемдердің мағыналық қарым – қатынасына қарай
120 – жаттығу. мәтінді оқып шығып, құрмалас сөйлемдердің қайсысы салалас, қайсысы сабақтас екенін анықтаңдар. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, басыңқы, бағыныңқылардың астын сызыңдар.

Халқымыз: «Бірініші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық», - деп, кемеңгерлікпен дәріптеп келе жатса да, тұрмыстан оған кереғар көріністерді аз кездестірмейміз. Күні бүгін де, кейбір үйге кірсең, қыл - қыбыр, көң – қоқыры есігінен төріне дейін, төрінен есігіне дейін ыбырсып жатқанын көресің.


Білімді шыңдау. Тақтамен жұмыс.


Не ексең, соны ...............


Мезгіл ............, мұз ерір.
Ақылың болса, сөз ...........
Ойнап айтсаң да, ............. айт.
Сөз жүйесін тапса, мал ............. табар.
Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп .............
Сын түзелмей, .......... түзелмейді.
Ер басына күн туса, ........ су кешер.
Ел басына күн туса, .......... су ішер.

Білімді бекіту.


Сонымен, балалар, сабақтас құрмалас сөйлемді толық меңгердіңдер ме? Венн диограммасы арқылы алған білімідеріңді байқаймыз.
Салалас Ұқсастығы Сабақтас
Қорытынды. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма: 121 – жаттығуды орындап келу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет