Сабақ І. Модульге кіру. Лекция: Сақтардың тарихы, мекендеген орны. Тірек сызбасын түсіндіру



Дата05.07.2016
өлшемі66.27 Kb.
#178686
түріСабақ
Айдарханов Бакен Пазылұлы

№ 4 Булаев орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі

Булаев қаласы

М. Жұмабаев ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы

Сақтар

Модульдің

құрылымы


Сағат саны

Модульдің мазмұны

Оқушылардың іс-әрекеті

Электронды оқулықпен жүргізілген әдіс-тәсілдер

Кіріспе

2

сабақ


І. Модульге кіру.

1.Лекция: Сақтардың тарихы, мекендеген орны.

2.Тірек сызбасын түсіндіру


Сақтар тарихын меңгеру, олардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы туралы мәлімет алу

Гипермәтін глосарии анимация №1

Тарихи тұлға «перде» әдісі

Анимация №2

Анимация №3

глосарии





1сабақ

«Қарлы кесек» ойыны.


Гипермәтінмен жұмыс




1 сабақ

«Құпия кейіпкер» Бұл кім?




Тарихи тұлға «перде» әдісі



















1

Қорытынды сабақ

Сақтардың тарихын, тұмысын,мәдени мұраларымен діни нанымдарын,ер-лігін білу керек

Тест.Интерактивті

тапсырма



Тақырыбы: Сақтардың тарихы, мекендеген орны.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Сақтардың тарихы, мекендеген орны. Сақтар туралы алғашқы деректердің пайда болуы, олардың атауы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Сақ елінің тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Сақтар біздің арғы аталарымыз екенің түсіндіре отыра ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: МОТ

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, интерактивті тақта, тірек сызбалар.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Лекция тезистері.

І. Сақ тайпаларының шығу тарихы. Электронды оқулықтағы мәтінді қолдана отыра қосымша мәлімет беру.

Сақтар б.з.б. бірінші мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстанның Шығыс Түркістан жерін мекендеген ежелгі тайпа.

Кейбір тарихшы ғалымдар «Қазақ» сөзі «Қас» (нағыз), «Сақ» (тайпа аты) деген екі сөзден шыққан дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атады. Парсы жазбалрында «Сақ» сөзін «Құдіретті еркектер» десе, Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атады.

ІІ.Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.Анимция №1



Сақ тайпаларының аты

мекендері

1

Теңіздің арғы жағындағы сақтар(парадарайа)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында. Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында

2

Шошақ бөрік киген сақтар (Тиграхауда)

Сырдария орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3

Хаома сусынын дайындаған сақтар (Хаумаварга)

Мургаб аңғарында өмір сүрді



ІІІ. Сақтардың тұрмысы.

Сақтар көшпелі мал шаруашылығымен, бір бөлігі егіншілікпен айналысқан. Олардың көшіп-қонатын көлігі екі, төрт, алты доңғалақты арба, оған екі-үш жұп өгіз, ат немесе түйе жекілген. Арба күймесінің сырты киізбен қапталған. Олардың қыстауларында шикі кірпіштен салынған үйлер де болған. Геродот сақтардың тұрмысы туралы былай жазады. «олардың өмірінде ағаштың маңызы зор болды. Қыста үйлерін қалын ақ кигізбен жабады, ал жазда жабусыз қалдырады» Төрт немесе алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлерде болды.



IV.Сақтардың шаруашылығы.

Тапсырма: Тірек сызбаны толықтыру.

  1. Осы төрт түлік малдын өсіруі неге байланысты?

  2. Қалалардың, сауда мен қолөнердің дамуына не себеп болды?



V. Сақ қоғамы.

Тайпа көсемін бүкіл тайпа мүшелері сайлады және ол бас қолбасшы болды. Көсемдер ру, тайпа арасындағы қақтығыстарды шешіп отырды. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан. Сақ елінің жауынгерлері садақ атуда өте шебер болған. Сақ әйелдері де садақ тарта білген. Сақ әйелдері қоғамда өте сыйлы болған. Сақ-масагеттердің Тұмар (Томирис) атты әйел патшалары болған. Сақ патшасы Зарина парфиялықтар мен бірігіп мидиялықтарқа қарсы соғысқаны туралы мәлімет бар.

V
жауынгерлер

абыздар

Малшылар мен

егіншілер


І. Мүлік теңсіздігінін пайда болуы. Сақтар арасында бірте-бірте мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға жекеменшік қалыптаса бастады.Қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырды.

VII. Сақтардың тәуелсісдік жолындағы күресі.Анимация №2

Б.з.б. VIIІ-VII ғасырларда сақ тайпалары Ассириямен Мидиямен қарым-қатынас жасады. Көрші парсы мемлекетімен соғыс одағын құрды. Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай, сақтарды жаулап алуға бірнеше рет жорық жасады. Бірақ, нәтижесінде парсы әскерлері жеңіліп, Кир патшасы соғыста қаза табады.

Оқиға былай болған еді: Кир патша жерін кеңейту мақсатында сақ патшайымы Тұмарға (Томирис) үйленбек ойы бар екенін жеткізу үшін елші жібереді. Тұмар патшайым Кирдің сәлемін қабыл алмайды.

Осыны себеп еткен Кир өзінің жауынгерлерімен сақтарға қарсы соғысқа дайындала бастайды. Томиристің өз-өзінен сеніп айтқан сөзінен қауіптеніп, ашық айқаста күшпен емес, айламен алу жағын ойластырып, құпия жоспар жасайды. Жоспарда дариядан өтіп, жаудың шегінген жеріне дейін бару, содан соң қосындарында көпқой сойып, мол етіп ас-су әзірлеу. Әсіресе шарап жағын мол етіп әзірлеу. Шайқасқа шыққан соң сақ жауынгерлері қарсыластарын жусатып салып, жеңіске желіккен жауынгерлер жақында жау барын екенін есінен шығарып, тамаққа тойып, шарапты ішіп, алаңсыз ұйқыға кетеді. Осыны күткен парсылар жауынгелерді шетінен қырып, бірәзы тұтқынға алады. Тұтқынға алғандардың ішінде Тұмар патшайымның ұлы Спарганта болады. Сүйікті ұлымен сарбаздардың қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге хат жолдайды. Хатта «Қанқұмар, Кир! Жеңіске желікпе! Сен менің ұлымды ашық шайқаста қарумен емес айламен алдың. Енді менің ақылымдытында! Айла амалмен алған біраз жауынгерлерімді тұтқын қылғанды қанағат етіп, ұлымды өзіме қайтар. Егер олай етпесен, Тәңірі атымен ант етемін, адам қанын сусынын қанғанша ішкіземін!» делінген еді.



VII. Парсы патшасы І Дарийдің шапқыншылығы: Анимция №2

Кирдің жеңілісінен кейін 11 жылдан соң . Үш жылда бірәз жеңіске жеткен І Дарий өзін ұлы патшамын деді. Б.з.б. 518 жылы І Дарий қалың қолды бастап, сақтарға аттанады. Сақтар табанды қарсылық көрсетіп, І Дарий жеңіледі. Осы соғыста мынадай оқиға болады. Грек тарихшысы Полиэн былай суреттейді:

«Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға барады. Өзінің сақ көсемдерінен жәбір көргенін айтады. Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып сусыз шөлге апарады. Парсы әскерлері шөлден қырылады. Шырақ осылай ерлік жасайды.

Алайда, ұзақ жылғы соғыста кейін сақтар парсыларға тәуелді болады. Оларға алым-салық төлеп тұрады.


ІХ. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы. Анимция №3

Б.з.б ІV ғ. Сақ жеріне тағы да қауіп төнді. А. Македонский Орта Азияға басып кіріп, Самарқанды жаулап алып, Сырдарияға аттанады. Македонскийдің бұл соғысы сәтсіз аяқталды. Сақ тайпалары сырттан келген жауларына күш біріктіре отырып, қарсы күресіп, өз жерлерін, тәуелсіздігін қорғап қалады. Азаттық күресте сақ жауынгері Спитама Орта Азия халықтарын біріктіре біледі. Марақан (Самарқан) түбінде грек-македон әскерін талқандайды. А. Македонскийдің жіберген жазалау отрядының да тас талқанын шығарады.



Х. Сақтардың мәдени мұралары.

Арал өңірінде табылған ескерткішері:



Апасиактардың астанасы болған.

Ұзындығы 800., еңі 600. Қаланың ортасында 12 га. болатын бекініс қамал болған. Дуалдың қалындығы 4,5 м. Бір жағынан ғибадатхана қызметін атқарса, екінші жағынан атақты адамдар жерленген орын болған.


Шірін-Рабат Бәбіш Молда

Сақтардың Жетісудағы ескерткіштерінің бірі-Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам». Бұл қорған 1969-1970 жылдары қазылды. Қорымда

17-18 жасар сақ ханзадасы жерленген. Қәбірден 4000 мыңнан астам алтын бұйымдар табылған. Зерттеген археолог, тарихшы Ақышев.

ХІ. Зергерлік өнер.

Суретші, мүсінші-шеберлер құю ісімен, алтынды қалыпқа түсірумен айналысты. Жануарлар басы бейнеленген тарақтар, сырғалар, жүзіктер, белдіктер жасаған. Ағаш ою, ілгек, таға, сүйек өндеу дамыды. Б.з.б. VІІ ғасырда аңдық стиль пайда болды.

ХІІ. Діни нанымдары.

Көшпелі сақтар күнге, отқа, соғыс құдайына, өлген адамның аруағына сиынды, оларды қайтып тіріледі деп ойлады. Сақтардың қоршаған дүние туралы түсінігі болды: Жер асты әлемі, Орта жер әлемі, Көк аспан әлемі бар деп есептеді.



Әлемнің төрт бұрышы оң, сол, алдыңғы, артқы жағы болады деп ойлады.

Үй тапсырма: Сақ елінің тарихы, тұрмысы, шаруашылығы, тәуелсіздік үшін жүргізген жорықтары мен ерліктері туралы оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет