Қолдану және оның түрлері.
Кесте дегеніміз – мата бетіне түскен сурет нұсқасын жіппен толтыру. Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен байланысты. Қазіргі уақытта ғылыми- техникалық даму (кезеңінде) заманында кесте өнері ұмытылған жоқ, бұрыннан да танымал бола бастады. Қолмен кестелеу шыдамдылықты талап ететін шығармашыл іс. Онда өрнек немесе кескін қолмен ( инемен, бізбен және де іс машинасымен де) әр түрлі маталарға алуан түсті жүн, жібек жіптермен, сондай-ақ моншақтармен кестеленеді. Кестені киімді, тұрмыстық заттарды кестелеу үшін және сәндік панно ретінде қолданады. Шығармашылық көркемдік ерекшелігі, пішіні мен ою- өрнектің үйлесуі. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұранысының өсуі бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Кестені көңіл сызады , қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар.
Айқас тігіс тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді. Кестені бізбен және жәй инемен жиектеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер болып табылады. Қазақ халқының кесте түрлерінің көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, басып тігу, қойып тігу.
Кесте-мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалынады.Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіліп қондырылады. Геометриялық кескінді бейнелейтін кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі. шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңдейде дамыған.
Біз кесте – кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан әрі өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеге матаға сызылған ою–өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырады. Қалған бөліктері фон ретінде қалады. Біз кесте тұс киізге, шымылдықтың басына, жарғақ шалбардың басына, жұқа шапанның, шекпеннің өңіріне тігіледі.
Баспа кесте-деген материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Шым кесте ақ матаға тегістікті сақтау арқылы жіпті қатар орналастыру әдісімен тігіледі. Шым кестеге ою мен өрнектің, аң – құс, гүлдің түрлі сұлбалары салынып, көбіне орамалдың шеті, кимешектің жағы, жастықтың тысы, жейденің жаға – жеңі және төсек жапқыш, сәукеле сияқты басқа да көптеген киімдерге тігіледі.
Әредік кестеде-матаның әр жері әшекейленіп, бөлек–бөлек өрнек салынады. Тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы, кең қоныш етіктердің бұрыш–бұрышы сияқты зат бөлігіне тігіледі немесе бөлек тігіліп қондырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |