Сабақ жоспар №15 Демографиялық мәселе және табиғат ресурстарының таусылуы (Сабақтың тақырыбы) Модуль/пән атауы



бет1/3
Дата09.07.2024
өлшемі33.55 Kb.
#502906
түріСабақ
  1   2   3
№15 сабақ демографиялық өсу табиғ


Ф-ОБ-05/10Б

16 колледж МКҚК

Күні
















«БЕКІТЕМІН»

Курс
















Директордың ОІЖ орынбасары:

Тобы
















________________Е. Билалов


САБАҚ ЖОСПАР №15
Демографиялық мәселе және табиғат ресурстарының таусылуы
(Сабақтың тақырыбы)

Модуль/пән атауы Экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы базалық білімді қолдану
Дайындаған педагог Дәулетиярова Г.Қ
1.Жалпы мәліметттер
Сабақ түрі___ Хабарлама және жаңа білімдерді игеру сабағы _____________
2.Мақсаты, міндеттері
Дүниежүзі елдерінің демографиялық мәселелері туралы түсінік беру;
жер тұрғындарын қажеттілікпен қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарының маңыздылығынтүсіндіру;
дамушы елдерде қалыптасқан мәселелердің себептері мен салдарын анықтау және талдау.
(Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі)


3.Сабақты жабдықтау
3.1 Кітаптар, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, видео роликтер, слайдтар (Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар,әдебиеттер)
4.Сабақтың барысы
Біз бір орында тұрмайтын, үнемі өзгеріске түсіп отыратын әлемде өмір сүреміз. Бізді бір қаладан екінші қалаға көшіп немесе саяхаттап жүрген толассыз, сансыз адамдар қоршайды. Азық пен су, жер ресурстары, жанармайға деген қажеттіліктердің өсуі, климаттың өзгеруі - осының барлығы біздің ғаламшарымыздағы халық санының тынымсыз күрт өсуіне байланысты орын алуда. Бүгінде 2019 жылдың шілде айындағы статистикаға сәйкес біздің ғаламшарымызда 7,520 млрд. адам тұрады.
Шын мәнінде қауіптенуге себеп бар ма? Демографиялық проблемаларды шешудің жолдары бар ма? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көреміз.


Өте ертеде. Бірі біліп, бірі білмейтін болар, б.з.б 1000 жыл археологтар ғаламшардағы адамдар саны небәрі 10 миллион ғана болғанын есептеген екен. Мыңдаған жылдар өтіп 1800 жылы өндірістің дамуы есебінен жердегі адам саны 1 миллиардқа жеткен. Ең қызығы 1960 жылдары әлемдегі халық саны бірден 3 миллиардқа, ал 1999 жылы 6 миллиардқа жеткен. 2011 жылы халық саны 7 миллиардқа жетті. XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы халық санының мұншалықты жылдам өсу адамзат тарихында бұрын-соңды орын алмаған.
2010 жылғы есеп бойынша әлемдегі халықтың 60%-ы Азияда, 15,5%-ы Африкада, 10,4%-ы Еуропада өмір сүрген.
Әлем бойынша халық саны жөнінен көш бастап тұрған Қытайдың 2019 жылғы тамыздағы көрсеткіші 1 385 923 000 құраған. Халық саны аса көп елдер қатарына Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия, Ресей, Мексика, Жапония кіреді.
Қазақстандағы жағдай
Елімізде қазақ және орыс ұлты этникалық құрылымның 85%-ын құрайды. 1989-1999 жылдар аралығында Қазақстандағы халық саны 1 246 028-ге қысқарған. Бала туу көрсеткіші 1991 жылмен салыстырғанда 353,2 мыңнан 400,7 мыңға дейін немесе 13,5%-ға көбейген.
Өмір сүру ұзақтығы 1991 жылмен салыстырғанда 4,7 жылға ұзарған. Соның ішінде ер адамдар - 5,3, әйелдер - 4,5 жылға дейін ұзағырақ өмір сүреді. Жалпы алғанда тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстандағы адам саны 9,5%-ға өскен. Шын мәнінде отыз жыл уақыт ішіндегі еліміздің демографиялық көрсеткіштері көңілді көншітпейді. Тіпті халықтың басым көпшілігін орыс және өзге де ұлт өкілдері құрайтынын ескерсек, қазақ ұлтының көрсеткішінің өсуі болмашы пайызды ғана құрайтыны анық. Қазақстандық демографтардың айтуынша, еліміздегі әрбір отбасы 1-2 бала тәрбиелейді және отбасылардың жиі ажырасуы мен ересектер арасындағы өлім көрсеткішінің жоғары болуы демография көрсеткішінің қарқынды түрде өсуіне кедергі болады.
1 маусымда Қазақстандағы халық саны 18 014,2 мың деп мәлімделген болатын. Оның себебін елімізде бала туу көрсеткішінің өсуімен тікелей байланыстыруға болады. Сонымен бірге сәби өлімі керісінше төмендеген. Мәселен, 2019 жылғы статистика бойынша сәби өлімі 11,6%-ға азайған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет