Ф-ОБ-001/035
Мазмұны
кіріспе
|
|
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................
|
|
1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................
|
|
1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................
|
|
1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................
|
|
1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................
|
|
1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................
|
|
2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
|
|
3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері
|
|
3.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................
|
|
3.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау
|
|
3.3. Су ресурстарын қорғау
|
|
қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
|
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды.
Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.
Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты.
Көп мөлшерде табиғат ресурстарын пайдалану ылғи да қоршаған табиғи отраны интенсивті түрде ластау мен табиғаттағы экологиялық тепе-теңділікті бұзумен байланысты болды. Бұл жағынан бұрынғы КСРО және оның ішінде, әсіресе Қазақстан Республикасы планетарлық масштабтан алғанда өте бір келеңсіз көріністе болған және қазірде солай болып қалуда.
Табиғатты пайдалануды әкімшілік-әміршілік жолмен басқару нәтижесінде Қазақстан Республик-асының көптеген аймақтары мен өндірістерінде тығырыққа тірелу жағдайы қалыптасты. Бұл жайында жанға батып жар салған Арал, Балқаш, Каспий, Қаратау-Жамбыл кешенінің, Шымкент, Өскемен, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен басқа да өндірістік объектілердің бүгінгі әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жағдайлары куә.
Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану мәселесі төңірегінде қалыптасқан қазіргі кездегі тығырыққа тірелудің жағдайы, ғалымдар, экономистер, халық шаруашылығындағы жұмысшыларының бірауыздан білдірген пікірлері бойынша негізінен табиғат ресурстарын тегін пайдалану салдарынан болған. Дәл осы қалыптасқан жайды ескере отырып, түбегейлі экономикалық реформа бойынша құжаттарды басшылыққа ала, оған қоса Қазақстан Республикасы-ның Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу қарастырылады. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеудің ғылыми негізделген жүйесін құрып алмай және оны қолданбай тұрып табиғатты төлемді пайдалану принципін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Табиғатты төлемді пайдаланудың теориялық негізі Л.В.Кантарович, Н.Г.Федоренко, Н.Н.Баранский, Э.Б.Алаев, Н.Н.Колосовский, Ю.Г.Саушкин, А.А.Минц, М.И.Агашковтың еңбектерінде қаланған. Бірақ, сол кездегі (экономиканы басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесінің үстемдігі кезінде), социалистік шаруашылық жағдайында табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым кезінде олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлем төлеудің қажет екендігіне әкеп саяды.
Табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеу табиғатты төлемді, әрі ұтымды пайдаланудың басты бір құрамдас элементі ретінде, экономикалық география-ның негізгі бір жаңа бөлімі болмақ. Бұл жаңа бөлімнің пайда болуы экономикалық және әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады, ал табиғатты ұтымды пайдалану мәселесі төңірегіндегі қоғамдық-экономикалық қатынастар нарықтық әдістермен, негізінен табиғи рестурстарды пайдалану үшін төлем төлеумен реттеледі. Себебі, экономикалық және әлеуметтік географияның орналастыру мен бағалау бөлімдерінен табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем белгілеу бөлімінің айырмашылығы ол жоспарлық есеп беру, шаруашылық-тық есеп сияқты болып табылады. яғни табиғи ресурстардың игерілу барысында шұғыл түрде реттеушілік танытады, сондықтан табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеуді іс жүзінде қолдану экономикалық және әлеуметтік географияны экономи-калық ғылымдармен және халық шаруашылығындағы іс-тәжірибемен бұрынғыдан да етене жақындастырады. Табиғат ресурстарын пайдалануға төлем жүйесін енгізу арқылы, табиғатты пайдалануда басым болып келген басқарудың әкімшілік-әміршілдік, жоспарлы-орналас-тыру әдістерінен басқарудың экономикалық-нарықтық әдісіне басымдылықпен өтеді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті :
- Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына сипаттама беру;
-
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін төлем жүйесінің орны мен рөлі жайында ұғым қалыптастыру;
-
табиғат пайдалану төлемдерінің түрлері мен жүйесін қолдану жайында ұғымды қарастыру;
-
табиғат пайдалану төлемдерін анықтаудың әдістері мен ұсынылған және қолданылып жүрген принциптерін зерттеу;
-
табиғат пайдалану төлемдерін табиғи ортаның тазалығын сақтауға және табиғат ресурстарының жеке түрлерін пайдалануға байланысты белгіленген ережелерін, тәртібін, нұсқауларын талдау және зерттеу.
Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың даму дәрежесіне сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принципі іс жүзінде барған сайын кең қолданылуда және барлық негізгі құжаттарда, заң актілерінде көрініс табады. Табиғатты төлемді пайдаланудың нақтылы экономикалық механизмі, нақтылып айтқанда төлемдердің көптеген түрлерін анықтаудың әдістемесі, нұсқаулары болмағандықтан Қазақстан Республикасында қабылданған Заңдардың көптеген тұстары әлі де болса толық қолданылмай отыр. Табиғатты төлемді пайдаланудың нақты механизмі дүниежүзі елдерінің көпшілігінде негізінен жәй ғана қарапайым тәжірибемен қалыптасты, сондықтан оның жеке элементтері бір-бірімен байланыссыз, үйлесімсіз және шамалары нақтыланбаған. Бұлай болу себебі көп жағдайда жалпы табиғатты төлемді пайдалану мәселелерінің ғылыми тұрғыдан қарастырылған жүйелі теориясының болмауы салдарынан.
-
Қазақстанның табиғат ресурстарына жалпы сипаттама
-
Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары
Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:
алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.
Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала Қазақстан ғылымының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отандық геология, кен ісі, металлургия салалары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.
Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымының алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауапкершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық бағыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, оларға өз салаларында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жүктелді. Сондай құрылған орталықтың бірі – “Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия бағыттары бойынша бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, біз бұл міндетті бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға қосымша атқарып жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі ғылыми кәсіпорындардың бірі.
Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіпорындарға келсек, әрине, нарықтық экономикада мемлекет кәсіпорынның шаруасына араласпайды. Әйтсе де үкімет өз меншігіндегі кен орнын кәсіпорынға пайдалануға бергеннен кейін, сол пайдалы қазбаны өндіру мен өңдеу барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс. Бұл не деген сөз?
Біріншіден, кен орнын пайдаланушылар руданы өндірген кезде үкімет белгілеген норматив бойынша, руданы барынша толық (тек қана бай руданы емес) қазып алулары керек.
Екіншіден, руданы өңдеген кезде оның құрамында бар элементтерді мейлінше толық бөліп алу керек.
Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс.
Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкіметке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс.
Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмысын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай өндірістердің көрсеткіштері мен ғылыми жетістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін шикізаттардың ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті материалдармен, ұсыныстармен қамтамасыз етуге саяды.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады – қара металлургия және түсті металлургия:
– қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқұймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;
– түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі шикізатының қорына қарай әлемдегі алдыңғы ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың барланған қоры бойынша еліміз дүниежүзінде 15-ші орында.
Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн текше метр
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым анықталған. Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры болуы әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады.
Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау жұмыстарының алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық бөлігінің болашағы зор деген қорытынды жасатып отыр.
Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай –газ конденсаты, 6 мұнай –газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 трлн. текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% өндіріледі. Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау – кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т – ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда).
Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.
Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс рудаларын алтын, фосфориттер, құрылыс тастары, мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын қорғау жөнінде тиімді шараларды қолдануды талап етеді.
Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан минералды шикізатты рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар түрінде неғұрлым толығымен айырып алуды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер қойнауларын қорғау жөніндегі шаралар кешені сондай – ақ рельеф формасының сақталуын, геодинамикалық процестердің көрініс табуда жоюын қамтиды.
Осыған байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын кешенді түрде өңдеу , минералды шикізатты өндіру , өңдеу , және тасымалдау кезінде шығынды жан–жақты жоюға ұмтылу жер қойнауын эксплатациялаудың басты қағидасы болуға тиіс.Бұл шығындар неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым көп пайдалы қазбалар болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер қойнауында қала береді .
Тау–кен өндіру өнеркәсібі қоршаған ортаға жан–жақты әсерін тигізеді .бұл рельефтің өзгеріске ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың пайда болуынан және тау жыныстарының құлауынани көрінеді.Пайдалы қазбаларды өндіру топырақ , атмосфера , су бөгендері мен жерасты суларының сулық режимінің жағдаййына әсер етеді.Мұның үстіне өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің мән жайлы түбірімен өзгереді.Пайдалы қазбалардың кен орындарынөңдеу тікелей ландшафтардың геохмиялық жағдайына , техногендік аномалиялардың пайда болуына әсерін тигізеді.
Өндіру және қайта өңдеу процесінде пайдалы қазбаларды шала алу минералдарды–шикізат ресурстарын эксплутациялаудағы басты кемшілік болып табылады.Технологиялық дамымаудың нәтижесінде түсті металлургияда өндірілген рудаларды байыту кезінде алынған шикізаттың 10-20% ғана пайдаланылатыны ал80-90% лақтырылатынымәлім болды.
Бұл қалдықтар химиялық реагенттер сіңген тау жыныстарының ұсақталған түрін білдіреді.Концентраттарды балқыту процесінде материалдың пайызына жуығы шлаққа айналады.
Байыту фабрикаларында өңдеу процесінде минералды шикізат көп жұмсалады.Руданың гегізгі компоненттерін айыру кезінде қосалқы лақтырылып тасталады да , су мен жел эрозиясы нәтижесінде жойылып кетеді.Қосалқы пайдалы компоненттердің жалпы құны көбінесе негізгі түрдің құнынан жоғарғы болатынын ұмытпауымыз тиіс. Өндірістік қалдықтарды қайтадан эксплутациялау үлкен экологиялық және басқа да қиыншылықтармен жалғасады және барлық уақытта мүмкін бола бермейді.Нәтижесінде қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстар үлкен шығынға ұшырайды.
Қалдықсыз кен қалдығы аз өндірісті жасау жер қойнауының байлықтарын неғұрлым толық пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:
-
пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;
-
бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде өңдеу;
-
пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу;
-
қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану;
-
тау –кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т.б.
Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және олардың рациональды , кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар.Табиғатты қорғау аясындағы тау –кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қ Р заңымен реттеледі.
1.2. Қазақстанның жер ресурстары
Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екндігін түсінуіне , табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса солай емес,аялай есіркей қарауы – оның перзенттік міндеті.
Табиғаттың тілін тауып, сырын тану арқылы оны жасартып, жаңғыртуға ғылыми практикалық үлес қосқан көрнекті табиғат зерттеуші ғалым И.В Мичуриннің өзіі большевиктік желікке бой алдырып, ашқан жаңалықтарынана жалған қорытынды шығарды: « Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отыра алмаймыз, оның бермегенін күшпен тартып аламыз » , - деп, аракідік айтылып қап жүрген пікірді одан сайын асқындырып жіберді.
Ф.Н.Реймерс бойынша «жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді. Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады: а) егістік жер ресурстары; б) ауылдық жарамды барлық жерлерді; в) аумақтық ( территориялық ) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және б) мағынада түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.)
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады – жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын « топырақ–климаттық ресурстары» ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар
дұрыс емес деп есептейді.
А.А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез–келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір–бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке бір дақыл егудің экологиялық тімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Қазақстан аса зор жер қорына ие. Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы 2001 жылдың 1 қаңтарында 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Ландшафтардың шөлге айналуы. Шөлді экожүйелердің жоғарғы температурада дамуы қазіргі уақыттың глобальды проблемасы. Шөлге айналу себептері: табиғи және антропогендік . Қазақстанда шөлдер мен шөлейттердің биологиялық өнімділігінің кему себептері антропогендік әрекет: жайылымдар дигродациясы,топырақтың тұздануы , техногенез болып табылады. Қазақстан территориясының 60% жуығы шөлге айналу процестерін өткеруде.
Топырақ жер ресурстарының дегредациясы.Топырақ жер ресурстарын қорғау проблемасы Жердің көптеген региондары үшін актуалды болып табылады. Қазақстанда Солтүстік Қазақстан далалық зоналарының топырақ эрозиясы мен дегулификациясы (өнімділіктің кемуі) неғұрлым үлкен қауіп төндіруде.
1.3. Қазақстанның су ресурстары
Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді , біздің ойымызша , оны 25% дейін көтеруге болады.
Жер бетіндегі және жер асты суларының Қазақстанның геожүйелеріне экологиялық ықпалы көп жақты сипатқа йе. Ол өзен жүйесінің жйілігі және су қоймаларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимі арқылы көрінеді. Өзендердің бастаулары , су режимі , жылдық су қорының өзгермелілігі және т.б. гидроэкологиялық факторлар неғұрлым маңызды болып табылады.Осы факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз. Олардың ішінде:
өзен жүйесінің Қазкстанның үлкен, жазық бөлігінде тым әркелкі орналасуы техногез өнімдерінің геохимиялық миграциясы процестеріне жағылуы ықпал жасамайды;
Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінің өзен жүйесінің жиілігі және су бөгендерінің суы молдығы осында орналасқан өндірістік региондардың шегіне табиғи сулар мен топырақты ластаушыларды шығарып тас-тауға ықпал жасайды;
Республика территориясындағы гидрологиялық режимнің Қазақстандық типтегі өзендердің су айналымы су қоймаларының өзін -өзі тазартудағы маңызды фактор болып табылады. Көктемдегі су тасқыны өзенді ластаушылардан тазартуға жағдай жасайды, ал судың төмен деңгейі ( тіпті тартылуы) техногенез өнімдерінің аккумуляциясына ықпал жасайды.
Тянь-Шань тауларында кездесетін Тянь-Шаньдық типтегі өзендер жоғары емес, жайылған көктемгі- жаздық қар суымен және деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді. Мұндай гидрологиялық режим су қоймаларының техногенез өнімдерінің өзін- өзі тазалауына әсер етеді.
Төменгі және жайылыңқы қөктемгі сулармен және жоғарғы жаздық-күздік сулармен ерекшеленетін алтайлық типтегі өзендер шаруашылыққа пайдалануға және су қоймаларының өзін-өзі тазалауына жағымды ықпал жасайды.
70- тен астам артезиандық бассейндердің болуы Қазақстанның альптік региондары қатарының экономикалық даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Алайда, жер асты суларын минерализациялаудың жиілігі және олардың жоғары дәрежеде болуы экологиялық қысымды тереңдететін экологиялық фактор болып табылады
Судың жиналу режимі мен су деңгейінің толқуы, өзендердегі сулардың максималды және минималды шығындарын және қоршаған ортаның экология жағдайына тікелей әсер ететін басқа да гидрологиялық факторлар тығыз байланысты.
Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану мәселесі адамзат үшін өмірлік маңызды мәселе болып табылады.табиғаттағы су айналымының арқасында жердегі су ресурстары таусылмайды.Алайда планетамыздың кейбір бөліктерінде табиғи жағдайлардың жағымсыз болуына байланысты тұщы су ресурстары жеткіліксіз.бұған қазақстан Республикасы территориясының басым бөлігі кіредіжәне сондықтан аридтік және семаридтік климат жағдайларына су ресурстарының өте тапшылығымен сипатталады.
Қазақстан біздің планетамыздағы су ресурстары жетіспейтін азғана региондардың қатарына жатады. Ол тұщы су қорлары бойынша ТМД елдері бойынша сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.Бұл территорияда су ресурстары әркеркі орналасқан және бастаулары республика шекарасынан тыс жерде жатқан транзиттік өзендерден тұрады.
Оңтүстік –шығыс Қазақстанның таулары және таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған. Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай өзендері. Қазақстандағы сегіз мың өзен ғана он шақырымнан ұзын.ірі өзендердің көпшілігі (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу) трансшекаралық өзендер болып табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі.
Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар. Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді. Қазақстандағы жер беті суларының көлемі жылына 89,5 текше метр шақырымды құрайды.Соңғы жылдары оның көлемі көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19,8-ден 9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.
Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары 15,8 текше шақырымды құрайды, оның 2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады. Жерасты сулары Қазақстанда пайдаланылатын су мөлшерінің 8 пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің 25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының 63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың 60 пайызының 16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты суларының 52 пайызы шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы жайылымдарды суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады. Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7, 5пайызын құрайды.
Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның қалдықтары су ресурстарына негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін тұрмыстық және техникалық мақсаттарға паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы өзгеріске ұшырыайды., жағымсыз дәм мен иіс пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді.
Суды ластайтын химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау процесі ақыырын жүреді. Тазаланбаған ағын суларды тастау олардың құрамында өндірістік құндылықтар болуы себепті үлкен эеономикалық залал әкеледі. осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Мысалы, «Қазақмыс» Балқаш АҚ-да бұрын Балқаш көлін ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік беретін арнайы қондырғылар жасалған. Жезқазған қаласында «Қазақмыс» АҚ-на айналмалы сумен қамсыздандырылған, жергілікті су бөгендеріне лас өндірістік ағын суларды ңжіберілуін жоятын жабық өндірістік циклдер енгізілген. Осы сияқты мысалдарды айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар байқалады. Концентрациялардың шекті көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық көрсеткіштері басты критерийлер болып табылады. Мұның үстіне ПДК көрсеткіштері әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су бөгендеріне арналған. Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын талаптары да әртүрлі.
2000 жреспублика бойынша микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін ауыз су сапасы -10 пайызды құрады . Алайда кейбір аудандарда (Қостанай, Павлодар облыстары) судың сапасы бұдан да төмен болады. тәжірибеде өндірістік және тұрмыстық суларды механикалық ,химиялы, және биологиялық тазалау қолданылады.Өкінішке орай тазалау құрылғыларын жүйесін жетілдірілмегендігіне олардың қайтадан шығып қалуына және басқа да себептерге байланысты су бөгендеріне көп мөлшерде зиянды заттар келіп түседі. Тұрмыстық ағын сулар суландыру және фильтрация егістіктерінде тазартылады.Мұнда олар микроағзалар мен күн радиациясының ықпалына ұшырайды.Су буланғаннан кейін егістіктер жыртылып, ол жерлерге ауылшаруашылығы дақылдарға егіледі. Су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау қағидалары:
-
өзендер мен көлдердің ағын сулармен ластанудың алдын алу
-
жер беті суларын прогрессивті су қорғау технологияларына негізделген үнемді пайдалану
-
айналымдық су пайдалану және сумен қамсыздандыру технологияларын енгізу
-
тазаланбаған өндірістік және комуникалдық-тұрмыстық ағын сулардың келіп түсуін болдырмау үшін прогрессивті технологиялар мен тазалау құрылғыларын енгізу
-
ауылшаруашылығында суды пайдалану нормаларын қысқарту
-
жерасты суларын үнемді пайдалану
-
термалды,минералды сулар мен батпақтарды өндірістік және радиациялық мақсаттарға кеңінен пайдалану.
1.4. Қазақстанның агроклиматтық ресурстары
Қазақстанның ірі 19 қалаларындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайы «Казгидролит» РГП –ның 2000 ж бақылауларының негізінде сипатталады.Бұл кезеңдегі Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттар өте жоғары дәрежеде деп бағаланады.Формальдегидтің орташа жылдық концентрациясы 3 ПДК –ден , фенолдікі 2 ПДК –ден, шаң–тозаң мен азот диоксидінікі 1ПДК –ден жоғары.
Қазақстан қалаларының ауа бассейнін ластаушы көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі оксиді , хлорлы сутек , күкіртті сутек және шаң–тозаң .Бұл заттардың орташа , кейде жоғарғы концентрациялары ПДК –ден 15 есе артық болып отырады.адамдардың денсаулығы үшін экологиялық қауіптілік дәрежесін осы заттар туралы қысқаша мәліметтер сипаттайды.
Қазақстан территориялары бойынша Өскемен қаласында ауа бассейндерінің ластану дәрежесі жоғары болып табылады.Бұдан басқа өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарының нәтижесінде Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе қалаларында және автокөліктердің атмосфераны ластау нәтижесінде Алматы қаласында ауа бассеині ластанған.ауаның неғұрлым тозаңдануы Жезқазған қаласында , Шымкент және Ақтау қалаларында байқалады.Қазақстанның көптеген қалаларында формальдегидридтің , азот диоксидінің фенолдың ПДК–дан орташа асқаны байқалады.
Тұтасымен алғанда , берілген мәліметтер Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталықтары бойынша АЛИ көрсеткішінің өсіп келе жатқандығын сипаттайды.Көптеген қалалар мен өнеркәсіп орталықтары ауа бассейнінің ластануының басты себебі автокөлік құралдарының қызметімен байланысты.
Атмосфера ластануының алдын алу көптеген шаралардың өткізілуімен байланысты. Олардың ішінде барлық өндірістік кәсіпорындарын тазалау құрылғыларымен жабдықтауды, атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын тастауды жоятын немесе төмендететін жаңа экологиялық құрылғыларды жетілдіру және оларды өндірістік кәсіпорындарға енгізуді атап өтсе болады.
Қалалар мен өндірістік орталықтардағы атмосфераны таза ұстауда жасыл өсімдіктер маңызды роль атқарады.Атмосфераның ластауына қарсы тұратын өсімдіктерге ақ акация , тал , американдық клею және т. б. Жатады. Бұл ағаштарды жасыл қорғаныш зоналарын жасау кезінде ұсынған жөн.
Атмосфералық ауаны қорғаудың міндеті Қазақстандағы климат глобальды өзгеру процестерімен тығыз байланысты үлкен мәселелерді шешу болып табылады.Оларға мыналар жатады:
–парник эффектісі мәселесі
–қышқылдық жауын–шашын мәселесі
–озоносфераның бұзылу мәселесі
–космостық апаттарды ұшырумен байланысты атмосфераның бұзылу мәселесі және т.б.
Ғарыштық аппараттарды нәтижесінде атмосфераның ластануы.Ракета двигателдерін сынақтан өткізу және «Протон» сияқты ғарыштық аппараттарды ұшыру жер атмосферасының жоғарғы қабатының бұзылуына әкеп соғады.Ол жер режимінің ,ауа ылғалдылығының өзгеруі сияқты ауа –райы режимінің жекелеген параметрлерінің ракетаның ұшу траекториясына жақын жерде уақытша (2-3күн) бұзылуынан көрінеді.Алайда ,Қазақстан территориясындағы «Байқоңыр» космодромынан ластануында қандай да болмасын мәнді бұзылулар байқалмайды.
Қазақстанда жергілікті деңгейдегі климат өзгеруінің жағымсыз экологиялық салдарлары өндірістік технологияны жетілдіру және өндіріс пен көлік құралдары қалдықтарының көлемін қысқарту негізінде шешілуі тиіс.
1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі.
Республикамыздың флорасы бай және сан алуан. Елімізде өсімдіктердің 400 - ден аса, ал дәрілік өсімдіктердің 250 - ден аса түрі кездеседі.
Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 –ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12 , балықтың – 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез – келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға , шортан және тағы басқалар кездеседі.
Қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130 түрі мен құстардың 450 түрінен ( оның 350 түрі ұялайды ) тұрады. Қазақстан палеарктикалық – зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналасуы, сондай – ақ физикалық – географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және төоттік дәірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.
Республикада ормандар тек 3,8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы - сексеуілдер , бұларсыз ормандар 1,7% құрайды. Орманды жерлердің 10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .
Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5 пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді қорғау, атмосфераны шаң – тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.
Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде қайыңды , қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай, балқарағай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігіндегі таулардың теріскей беткейінде тянь – шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін байқаймыз. Ел байлығы - орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман - жан – жануарлырдың мекені, адамдар тынығатын орны. Орман ресурсына ең еөп залал келтіретін тілсіз жау - өрт. Өртке басты себеп адамдардың ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау бүкіл халық алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
2. ТабиҒат ресурстарын пайдалану тӨлемдері жӘне оларды ҚолданудыҢ Қазіргі жаҒдайы
2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
Табиғи ресурстарға төлем төлеудің маңыздылығы мен қажеттілігінің халық-шаруашылығын әкімшілдік-әміршілдік әдіспен басқару кезінде, табиғи ресурстарды пайдалануды тегін, олардың құны жоқ, ол халықтың ортақ меншігі деп қабылдаған кездің өзінде де сезіле бастады және өмірге жолдама алды. Бірқатар жылдар барысында сұраныстың талаптарына сәйкес табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем төлеудің белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ресми түрде қабылданбаған және жетілдірілмеген әрі толықпаған ол, шамасы келгенше табиғатты пайдалану сферасында экономикалық қатынаста әлі де қолданылады. Бірақ табиғатты төлемді пайдалануда оны экономикалық тиімді механизм етіп айналдыру үшін әлі талай күш-жігер жұмсау қажет екендігі анық.
Алдымен табиғатты төлемді пайдалану түсініктерін тәртіпке келтіру қажет. Мысалы, әрбір экономикалық категорияны өз атымен атаған жөн: төлемді төлем деп атау керек және оны салықпен шатастыруға болмайды немесе минералды-шикізат ресурстарын жаңғырту мен қорғауға төлем аударуды осы күнге дейін қолданылып келген геологиялық-барлау жұмыстарына қаржы аудару деп айтуға болмайды және т.с.с.
Әртүрлі бұрында болған және қазірде бар төлем түрлері экономикалық категория ретінде және олардың атқаратын қызметін әртүрлі ғылым өкілдері, әртүрлі катергориядағы мамандар өздерінше, тар мағынада әрі біржақты емес етіп қабылдап жүр. Мысалы, біреулер мұны табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін арендалық (жалдау) төлемі, дифференциалдық жер рентасының бір түрі десе, екінші біреулері табиғи ресурстарды алмастыруға кеткен шығын дейді, үшіншілері - қалыпты мөлшерден артық пайдаланғаны үшін және табиғи ресурстарды ысырап еткені (жойғаны) үшін салынған айып десе, төртінші біреулер табиғат ресурстарын қалпына келтіруге және оған қоса дифференциалдық жер рентасына шыққан шығын деседі. Бесіншілері – тіркелген төлемдер, алтыншылары – пайдалы компоненттерді жоғалтқаны үшін және толығымен айырып алмағаны үшін салынған айып, жетіншілері кен қорын іріктеп, өндіріп бітіргені және кенге бос жыныстарды араластырғаны үшін салынатын айып, сегізіншілері табиғи ресурстарды пайдаланған кезде табиғи ортаны қорғауға жұмсалатын шығын, тоғызыншылары – табиғат ресурстарын игерген кезде табиғи ортаны ластағаны үшін төленетін айып, оныншы біреулері – табиғатты пайдалану кезінде табиғи ортаға келтірген зияны десе, он біріншілері – табиғат ресурстарын пайдалану үшін алынатын салық және т.б. деп түсініп жүр. Біреулер табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеуді салық деп мемлекеттік бюджетке қаржы түсірудің көзі ретінде, екінші біреулер – табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық ынталандыру тетігі ретінде ғана, үшінші біреулер – жоғарыда айтылған екі функциясын да қоса құптап, яғни оны бюджетті толықтырудың көзі және сонымен бірге табиғат ресурстарын тиімді пйдалануды экономикалық ынталандыру үшін төленетін төлем деп қарап жүр. Осыдан келіп табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем түрлерін жүйелеп, бір тәртіпке келтіріп бұл түсініктің анықтамасын барынша айқындау қажеттігі туындайды.
Қазіргі кезде табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесі жоғарыда көрсетілгендей табиғи ресурстардың жекелеген түрлеріне байланысты бейберекет қалыптасуда. Сондықтан қазіргі күнде бар төлемдер түрлерін табиғат ресурстарының негізгі түрлері мен табиғи ортаны қорғау бойынша топтастырып қарастыру маңызды. Қолданылу мерзімі жағынан біршама ұзаққа созылатын және жалпы қолданылатын төлем жер салығы, төлем-салық және оны белгілеу әдістері ғасырлар бойы жетілдіріліп келді. Мысалы, патшалық Ресейде помещиктер жердің десятинасы үшін мемлекетке 1 рубль төледі, ал шаруаларға пайдалануға оны 10 рубльге берді.
Қазақстан Республикасында төлем-салық алу Жер кодексінде, Жер салығы туралы заңда біршама жетілдірілген түрде белгіленген.
Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген бау-бақшалық және саяжай салудан басқа ауылшаруашылғына арналған жерлерге қойылған жер салығының базалық ставкасы 1га-ға есептелген және балл бонитетпен өлшенетін топырақ сапасының өзгеруі бойынша сараланады. Балл бонитеттің 1-ден 100-ге дейін ауытқуы кезінде кәдімгі және оңтүстік қаратопырақты, күңгірт қызыл-қоңыр және қызыл қоңыр жазықтағы далалық және құрғақ далалық зоналардағы жерлерде, сонымен қатар тау етегінде қою сұртопырақты (сұр-қоңыр), каштанды (қоңыр) және тау бөктеріндегі қаратопырақты аумақтарға базалық ставка – 0,25 теңгеден 105 теңгеге дейін белгіленеді (І категориясы). Балл бонитеттің 100-ден жоғары болған жағдайында 1га жерден алынатын салық ставкасы 105,0 теңге болады (1 кесте).
Бозғылт қызыл, қоңыр, сұр-қоңыр, бозғылт және кәдімгі сұр топырақты жартылай шөлейт, шөлейт, тау бөктеріндегі шөлді аумақтардағы, сонымен қатар таулы-далалық, таулы-шалғынды-далалық және таулы альпілік топырақтағы таулы аумақтардағы жерлерге бонитет балына қарай белгіленген ставкалары 0,25-тен 25 теңгеге дейін сараланады (ІІ категория). 100 балл бинитеттен асқан жағдайда 26,00 теңге базалық ставка қойылады (1 кесте).
Елді мекендердің жерлеріне базалық ставка 1 шаршы м ауданға есептелініп белгіленеді (2 кесте), облыс орталықтары қалаларының әрқайсысы бойынша және Ленинск қаласы мен облыстық маңызы бар қалаларға, аудандық маңызы бар қалаларға, поселкелерге, селоларға (ауылдарға) салықтың базалық ставкасы өзгеріп отырады. Тұрғын-үй емес құрлыстар, ғимараттар, учаскелер алып тұрған жерлерді, сонымен қатар объектілердің санитарлық-қорғау зоналарына, техникалық немесе басқа да зоналарына салық ставкасы (Алматыда) 15 теңгеден/м2-не (ауылда) 0,25 теңге/м2-не аралығында өзгереді. Тұрғын үйлер, оларға қоса олардың құрлысы мен ғимараттарына Алматы облысы және аудандық маңыздағы қалаларына қолдану түрінде барлық облыстық маңызыдағы қалаларға шамамен 0,2 теңге /м2-не, аудандық маңыздағы қалаларға – 0,1, поселкелік – 0,07, селоларға (ауылдарға) –0,05 теңге /м2-не белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |