Сабақ жоспар №16 Кедейшілік мәселесі. Экологиялық мәселелер. (Сабақтың тақырыбы) Модуль/пән атауы



Дата09.07.2024
өлшемі54.96 Kb.
#502903
түріСабақ
№16 сабақ Кедейшілік, экологиялық мәселелер


Ф-ОБ-05/10Б

16 колледж МКҚК

Күні
















«БЕКІТЕМІН»

Курс
















Директордың ОІЖ орынбасары:

Тобы
















________________Е.Мырзабеков


САБАҚ ЖОСПАР №16
Кедейшілік мәселесі. Экологиялық мәселелер.
(Сабақтың тақырыбы)

Модуль/пән атауы Экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы базалық білімді қолдану
Дайындаған педагог Дәулетиярова Г.Қ
1.Жалпы мәліметттер
Сабақ түрі___ Хабарлама және жаңа білімдерді игеру сабағы _____________
2.Мақсаты, міндеттері
экономикалық теңсіздік (мемлекеттер арасында, жеке адамдар арасында) түсінік қалаптастыру;
жер тұрғындарын қажеттілікпен қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарының маңыздылығынтүсіндіру;
дамушы елдерде қалыптасқан мәселелердің себептері мен салдарын анықтау және талдау.
(Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі)


3.Сабақты жабдықтау
3.1 Кітаптар, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, видео роликтер, слайдтар (Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар,әдебиеттер)
4.Сабақтың барысы
“Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік күш экономикалық өсуге ғана емес, кедейлік қоғам өмірінің барлық қырларына әсерін тигізеді.”
“Кедейшілік қай қоғамның болмасын экономикалық дамуының нәтижесінде қалыптасатын жағдай. Кедейшілік ол өте күрделі, көпфакторлы, тарихи қалыптасқан түсінік. Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады.
Кедейшіліктің шығу себептері. Нарықтық қатынасқа көшу, өндірістік қатынастардың, әлеуметтік жағдайдың түбірімен өзгеруі Қазақстан тұрғындарының жаппай кедейленуіне алып келді. Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылымға өтуінің нәтижесінде кедейлік мәселесінің өзектілігі арта түсті. Қазақстандық кәсіпорындар шикізат берушілерге және өзінің өнімін тұтынушыларға тәуелді болды. Жаңа, нарықтық кономикалық механизмдер бірден жоғары қарқын алып, қоғамдық өмірде беки алмады. Бұл жағдай күрделі экономикалық өзхгерістерге алып келді. Соның ішінде шаруашылықтың күйреуіне, өндіріс зауыттардың жабылып қалуына соның нәтижесінде, жұмыссыздықтың етек алуына алып келді. Сондықтан да қазақстандық экономиканың нарықтықжағдайға құрылымдық бейімдел алмауы кедейліктің Қазақстанда пайда болуының нгізгі себптерінің бірі болып есептеледі. Екінші жағынан алғанда, тұрғындардың өздері де жаңа нарықтық қатынастарға дайын емес еді. Өтпелі кезеңнің басынан бастап кедейлікке әсер еткен кәсіпорындар қызхметінің тоқтауы, олардың банкротка ұшырауына, инфляция, жұмыскерлердің еріксіз демалыстарға кетуіне, жұмыссыздыққа, бағаның либералдануына және тағы басқа себептерге байланысты.”
“Жалпы кедейшіліктің бастамасы ол жоғарыда айтып өткенімдей, нарыққа өту кезеңінен бастама алған жоқ, ол ертеде адам баласы пайда болғалы бері келе атқан құбылыс. Бұл өзекті мәселе Кеңес уақытында жабық мәсеое дискуссияға берілмейтін болған және ол тек капиталистік жүйенің негативтік жағы ретінде ғана қабылданған болатын. Кейбір кедейшілік туралы мәселелер 70 жылдары ғана елдегі жағдайы нашар балаларға жәрдемақы беруді енгізген кезде ғана көтерілген болатын. Ал ашық күрделі әлеуметтік мәселе ретінде 80 ж соңында қайта құру кезеңінен бастап етек алды. Осы кезде экономикалық, әлеуметтік өмірде үлкен төңкеріс болды және осы қайта құру кезеңінің негативтік жақтарынан халықты әлеуметтік қорғау механизмі қалыптаса бастады. Содан бастан кедейшілік қоғамның күрделі өзекті мәселесіне айналды.”
“Кедейшіліктің шығу сеебептері елдің түрлі геограциялық жағдайына, экогологиялық жағдайына, климаттық жағдайына байланысты. Осы жағдайлар түрі аймақтардағы халықтардың өмір сүру деңгйін көрсетеді және олрдың табыстарының, жұмыспен қамтылу деңгейінің арасындағы айырмашылықты көре аламыз.”
1 Кесте. Кедейшіліктің негізгі шығу себептері 

“Халықаралық зерттеулер көрсетіп отырғанындай, 2014 жылы әлемдік проблемалар рейтингінде кедейшілік және байлар мен кедейлер арасындағы өсіп бара жатқан алшақтық бүкіл әлемдегі маңызды проблемалардың ішін­де үшінші орынға шыққан. Өкі­ніштісі, бұл кедей елдердің проблемалары ғана емес. Атап айтқанда, Батыс Еуропаның тұрғындары: Германия, Австрия, Испания, Франция бұл рейтингте кедейлер мен байлар арасындағы айырмашылық проблемасы бойынша бірінші орынға шықты. Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша өткен жылы әлемдегі жұмыссыздар саны тағы да 5 миллион адаммен толықты.”
“Кедейліктің таралуы.
Бүкіл әлемдік банктің сараптамасы бойынша, кедейлердің ортақ саны, яғни күніге 2 долл. кем жұмсайтын адамдар, дүние жүзінде 2, 5-3 млрд адамды құрайды. Соған қоса аса кедейлікте (Күнге 1 долл. кем жұмсайтын адамдардың ортақ саны.) — 1-1, 2 млрд. құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, дүние жүзінің 40-48%— кедей, ал 16-19% аса кедей.”


2 Кесте. Жер аумағындағы аса кедейшілік (2002 г.)

Кедейлікті жеңу жолдары. Осы проблеманың негізгі шешімінің факторы ол – экономикалық өсу, себебі экономикалық өсу ұлттық қазынанның ұлғаюына әкеледі, ал оның нәтижесінде тұтынушы қорлар қалыптасады. Бірақ сондада экономикалық өсу болғанмен кедейшілік деңгейі еш өзгермеуі мүмкін. Ол яғни халық санының тез өсуіне, аз жұмыс орындарын қажет ететін кішігірім топтардың ғана экономикалық өсуі. Сонымен қоса кедейшілікпен күресуде мемлекеттің кедейлерге көмегі өте маңызды, бірақ ол кедейшілік жағдайын толықтай шешпейді, тек уақытша ғана азайтады. Және де шетел мамандарының айтуынша тұрып қалатын кедейшілік ол жұмыс табудан үміт үзген адамдардың психологиялық жағынан мемлекеттің көмегіне ғана сүйеніп жүретіндер. Және де осы жәрдем ақыны беріп жатқан кезде әр бір азаматты қоғамдық жұмыстарға шақыруға, социалды-экономикалық шараларға қатысу және т.б.
“Кедейшілік ошақтарын шаруашылықта жою үшін кең халықаралық қолдау керек. 2000 жылы дүние жүзінің 180 мемлекет басшылар «Мыңжылдық декларацияға» қол қойып, 2015 г. дейін дүниежүзілік дамудың сегіз бұлақты мақсатын анықтап , халықаралық экономикалық ұйымдардың күшін сол мақсаттарға қол жеткізуге шақырады.” Сөзіміздің соңын Әл-Фараби атамыздың: “Бай халықта, кедей болмау керек”,- деген сөзімен аяқтаймыз.


5.Сабақ бойынша рефлексия
1. Дамушы елдердегі демографиялық жарылыстың басты себептерін атаңыз?
2. Халақ санының артуы аумақтың ресурстық мүмкіндігінен жоғары болуынан азық-түлік дағдарысы басталған елдер?
3. Демографиялық дағдарыс болған және табиғи өсімі жоқ елдер?
6.Үй тапсырмасы. Консбект бойынша қосымша іздену.




Оқытушы: _________ Дәулетиярова Г.Қ
(қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет