Ф-ОБ-05/10Б
№16 колледж МКҚК
Күні
|
|
|
|
|
|
«БЕКІТЕМІН»
|
Курс
|
|
|
|
|
|
Директордың ОІЖ орынбасары:
|
Тобы
|
|
|
|
|
|
________________Е. Билалов
|
САБАҚ ЖОСПАР №7
Маркетинг негіздері
(Сабақтың тақырыбы)
Модуль/пән атауы Экономиканың базалық білімін жетілдіру және кәсіпкерлік негіздерін қолдану
Дайындаған педагог Дәулетиярова Г.Қ
1.Жалпы мәліметттер
Сабақ түрі__ Жаңа білімді меңгеру сабағы _________
2.Мақсаты, міндеттері
2.1 бизнес үшін маркетинг мәнін білу және түсіну;
маркетинг міндеттерін білу;
маркетинг құралдарын білу («4Р» моделі);
жеке стартап үшін «4Р» моделін жасай білу
(Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі)
3.Сабақты жабдықтау
3.1 Кітаптар, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, видео роликтер, слайдтар (Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар,әдебиеттер)
4.Сабақтың барысы
Осы сабақта біз маркетингті талқылаймыз. Маркетингтің 400-ден астам анықтамасы бар.
Осы ұғымның анықтамасы өте көп болғандықтан, дөп басып анықтау өте қиын. Келесі анықтаманы негізге алып көрейік: маркетинг – компанияның сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы табыс табуға бағытталған ісқимылдары. Кең мағынада көптеген маркетологтар маркетингті бизнес философиясы ретінде қарастырады, яғни нарықты зерттеу, баға белгілеу жүйесі, клиенттердің қалауын білу және болжау, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олармен байланысты тиімді қолдау және тиісінше өз кәсіпорны үшін пайда табу. Нақтыласақ, маркетингтің логикалық, мақсаты клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Сондай-ақ, XX ғасырдағы менеджменттің ең ықпалды теоретиктерінің бірі Питер Друкер де солай деп санайды және олы былай деген: «Маркетингтің басты мақсаты - тауар немесе қызмет өзін-өзі сататындай етіп клиентті тани білу.
Маркетингтегі креативті шешімдердің үлгісі Red Bull GmbH компаниясы бола алады.
Red Bull сусынын кең нарыққа шығарған кезде оның негізгі бәсекелестері Coca-Cola және
Pepsi болды. Барлығының тұжырымдамасы бір-біріне ұқсас болды: екі сусын да сергітіп,
ынталандырады. Сол кезде компания басшысы Дитрих Матешиц тәуекелді қадамға барды: ол бәсекелестермен салыстырғанда екі есе бағаны жасанды түрде көтерді.
Маркетингтің міндеттері
Компанияның мақсатына жету үшін маркетинг қызметі мынадай міндеттерді шешуді
білдіреді:
1. Нарықты егжей-тегжейлі зерттеу, клиенттердің қалауын терең талдау.
2. Нарықтағы баға белгілеу жүйесін мұқият зерттеу және ұйымның баға саясатын
әзірлеу. 3. Бәсекелестердің қызметін талдау.
4. Компанияның тауарлары мен қызметтерінің ассортиментін құру.
5. Сұранысқа сәйкес тауарлар мен қызметтерді шығару.
6. Сервистік қызмет көрсету.
7. Маркетингтік коммуникациялар.
Маркетинг міндеттерін шеше отырып, келесі қағидаттарды басшылыққа алу қажет:
1. Компанияның өндірістік мүмкіндіктерін зерттеу.
2. Тауарды немесе қызметті өткізу әдістері мен бағдарламаларын жоспарлау процесі.
3. Нарықты сегменттеу.
4. Тауарлар мен қызметтерді, оларды өткізу жолдарын үнемі жаңарту, технологияларды
жетілдіру.
5. Ұйымның үнемі өзгеріп отыратын сұранысқа икемді оңтайлануы.
Достарыңызбен бөлісу: |