Ф ПК 705-39-2021
«Политехникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары №15
Сабақ тақырыбы
|
Интерфейспен танысу Blender бағдарламасы. Блендердегі обьектілерімен жұмыс
|
Модуль /пән атауы
|
КМ 03. Жеке графикалық интерфейс элементтерін құру
ОН 3.1 Графикалық пайдаланушы интерфейс элементтерінің визуалды дизайнын жасау
|
Дайындаған педагог
|
Мамырбекова Акбопе Бакбергеновна
|
|
1.Жалпы мәліметтер:
|
Курс, оқу жылы, топ
|
2 курс, 128у тобы
|
Сабақ типі
|
Аралас сабақ
|
2. Мақсаты мен міндеті:
|
1.Ақпаратты технологияны пайдалану арқылы компьютерлік графика ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін толық меңгеру
2. Blender редактордың интерфейсімен танысу.
3.Обьектілермен жұмыс жасау.
|
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдыларының тізбесі
|
Оқушыларды Blender редакторының интерфейсі, құралдары, жұмыс принципі, мүмкіндіктері, қолдану мысалдарымен таныстыру,
Оқушылардың ақпараттық үрдістерді компьютер және компьютерлік графикалық редакторлары арқылы жүзеге асыру біліктілігін дамыту,
Оқушылардың шығармашылық, іскерлік, тиянақтылық, ұқыптылық қабілетін, эстетикалық және дизайнерлік көзқарасын, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
|
4.Қажетті ресурстар
|
Пән бойынша электронды оқулық, әдістемелік нұсқау, видео-сабақтар
|
3.3 Техникалық құралдар, (материалдар):
|
ДК, Интербелсенді тақта
|
5. Сабақтың барысы
|
Сабақтың құрылымы
|
Уақыт
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
35
|
40
|
45
|
50
|
55
|
60
|
65
|
70
|
75
|
80
|
85
|
90
|
3
|
|
|
20
|
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
20
|
|
|
4
|
3
|
№ элементі
|
5.1
|
|
|
5.2
|
|
|
5.3
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
7
|
7
|
Қолданылған
КДМ, ТЖ, т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
элемента
|
Сабақтың элементтері, оқу сұрақтары, оқытудың
әдіс - тәсілдері
|
Қосымша, өзгерістер,
ескертпелер
|
5.1
5.2
5.3
|
Сабақты ұйымдастыру:
Сабаққа қатысып отырған студенттерді түгендеу, журнал толтыру, студенттердің назарын өзіне аудару
Өткен тақырыптарға шолу:
Бақылау сұрақтары
1.Компьютерлік графиканың түрлері Үш өлшемді графика
2.Компьютерлік графика дегеніміз не?
3.Графиканың қолдану саласы? Графиканы қалай түсінесің?
Жаңа тақырыпты түсіндіру: Интерфейспен танысу Blender бағдарламасы. Блендердегі обьектілерімен жұмыс
Blender үшөлшемді графика мен анимация құруға арналған қосымшалар тобына жатады. Ол салмағының жеңілдігімен, еркін бағдарламалық жасақтама ретінде таратылатынымен, өзіндік интерфейсімен ерекшеленеді, оның өзіндік ойын қозғалтқышы – Blender Game Engine (BGE) бар.
Осы қозғалтқыштың мүмкіндігін пайдалана отырып, десктопқа арналған интерактивті модель немесе ойын дайындауға болады. Сонымен бірге, Blend4Web деп аталатын платформа бар, оны Блендерге қосып, браузерде ойнатылатын интерактивті 3D графика құруға болады. Blend4Web – BGE-ге қосымша емес, оның баламасы.
Blender интерфейсі
Егер Блендерді бірінші рет қоссаңыз немесе бұған дейін графикаға арналған кәсіби қосымшалармен жұмыс істеп көрмесеңіз, алғашында Блендердің интерфейсі сізге қорқыныш ұялатуы мүмкін. Уайымдамай-ақ қойыңыз, Блендерде барлығын икемдеуге болады, ал экранда көріп отырған құбыжықтар сізге керек болмайды. Әсіресе, бастапқы кезде.
Блендер интерфейсінің кем дегенде екі ерекшелігін атауға болады. Біріншіден, онда бір-бірін жауып тұратын терезелер пайдаланылмайды. Яғни, бірнәрсені жеке терезеде ашсаңыз да, ол терезе басқа терезелердің жұмысын бұғаттамайды. Екіншіден, негізінен пернелер комбинациясын пайдалануға иек артылған. Егер басқа қосымшаларда барлық пәрмендердің жедел пернесі бар деп айта алмасақ, Блендер интерфейсінде, керісінше, әрбір пернелер комбинациясына сәйкес келетін элемент бола бермейді.
Сонымен бірге, Блендерде, әдеттегі пернелермен қатар NumLock жиі қолданылады. Сондықтан қысқартылған емес, қалыпты пернетақта болғаны дұрыс. Қысқартылғандарда сандық пернетақтаға ауысуға болғанымен, бұл ретте қалыпты пернелердің біраз бөлігі бұғатталып қалады.
Блендердің бас терезесін ұйымдастыру қағидатын есте сақтаған дұрыс:
Бас терезе облыстарға (areas) бөлінген. Облыстар саны мен олардың көлемін ауыстыруға болады.
Әр облыста бір редактор (editor) бар. Облыстағы редакторларды ауыстыруға болады.
Редактор аймақтардан (regions) тұрады. Олардың көпшілігін жасыруға болады. Аймақтар көлемі мен орналасқан орнын ауыстыруға болады.
Аймақтарға қойындылар (tabs) кіреді. Бір уақытта аймақтың бір қойындысының мазмұны ғана көрсетіледі.
Аймақтың койындысында үстелдер (panels) болады. Оларды жиыруға, жаюға, орындарын ауыстыруға болады.
Үстелдерде немесе аймақтардың өзінде әртүрлі басқару элементтері (батырмалар, өрістер, қозғалтқыштар, тізімдер және т.б.) болады.
Әул баста Блендер терезесі бес облысқа бөлінген. Тиісінше бес редактор ашылады. Олар: Info, 3D View, Timeline, Outliner, Properties – Ақпарат, Үшөлшемді түр, Уақыт шәкілі, Объектілер менеджері, Сипаттар.
Әрбіреуінің тақырыпшасының сол жағында басқа редакторларға ауысуға мүмкіндік беретін белгішелер орналасқан ашылмалы тізім бар. Редактор тақырыпшасы (header) – оның аймақтарының бірі. Ол өз редакторының астында немесе үстінде тұрады.
Төмендегі суретте 3D View редакторының тақырыпшасындағы редакторлардың арасында ауысуға арналған тізім көрсетілген. Тізімнен басқа редакторды таңдауға болады. Содан кейін ол тиісті салаға (area) ауысады.
Блендерде алдын ала дайындалған бірқатар экран (screens) болады – бас терезе өз редакторлар жинағы бар салаларға бөлінген. Осындай әр экран белгілі бір міндетті орындауға бейімделген, мысалы, анимация жасау. Әдетте Default атты экран таңдалады. Экран ауыстырғышы Info редакторының тақырыпшасында болады.
Қажет болған жағдайда, экрандардың өз нұсқаңызды сақтауға және барларын алып тастауға болады ("+" және "x" батырмалары).
Блендердің басты редакторы 3D View болып табылады. Соның үлгісінде редактордың қалай құрылғанын қарастырайық. Редакторлар бір-біріне ұқсамайтынына қарамастан, ортақ қағидаттар сақталған.
3D View-дің төрт аймағы бар:
Бас аймақ (Main region). Онда үшөлшемді модельдер, камералар, шамдар және т.б. болады.
Тақырыпша (Header), онда мәзір, бірқатар батырмалар vty ашылмалы тізімдер болады. Әдепкі қалып бойынша редактордың астына орналасады. Alt + F9 басу арқылы жасырылады және жайылады.
Құралдар сөресі (Tool shelf). Әдетте сол жақта болады. Т пернесімен жиырылып/жайылады.
Сипаттар аймағы (Properties region). Оң жақта болады. Әдетте жасырын тұрады. Жедел перне – N.
Аймақ жасырын тұрғанда оның орнына редактор шекарасында кішкентай плюс белгісі тұрады. Оны шерткен кезде, жедел перне сияқты, аймақ ашылады. Жедел пернені басқан кезде тінтуір меңзері тиісті редактор шегінде болу керек. Әйтпесе, пәрмен басқа редакторға қатысты болады. Ескертпе: Ubuntu-да пернетақтада орыс жаймасын қосқан кезде әріптік пернелер жұмыс істемеуі мүмкін.
Құралдар сөресінде үстелдері бар қойындылар, ал сипаттар аймағында – тек үстелдер болады. Төменде құралдар сөресінің скриншоты көрсетілген.
Басқа редакторларда қойындылар басқаша көрсетілуі мүмкін (белгіше немесе батырма түрінде, көлденеңінен орналасуы мүмкін).
Тәжірибелік жұмыс
Әр редактордың шекарасын тез табу үшін әрі Блендер интерфейсінің түрлі бөліктері олардың қайсысына жататынын түсіну үшін облыстардағы редакторларды әрі-бері ауыстырыңыз. Шатасып қалсаңыз, Ctrl + N басыңыз. Сосын бірден Enter-ді басыңыз немесе меңзердің астында пайда болатын батырманы шертіңіз.
Бұл ретте бастапқы файл жүктеледі.
Блендерде редакторды барлық немесе барлық дерлік терезеге жаюдың бірнеше тәсілі бар. Олардың бірі: Ctrl + жоғары жебешесін басу. Бұл ретте тінтуір меңзері жайғыңыз келіп отырған редактор шегінде болу керек. Осы комбинация оны бүкіл емес экранға ашады. Яғни өзі мен Info-дан басқа барлық редакторлар жасырылады. Бастапқы жағдайға келу үшін: Ctrl + төмен жебешесі. Осылайша әртүрлі редакторларды жайып көріңіз.
3D View-де барлық аймақтарды тауып, оларды жасырып және ашып көріңіз.
Ескертпе. Басқа қосымшаларда сияқты, Блендерде әр пәрменді бірнеше тәсілмен орындауға болады. Мысалы, 3D редакторға объектіні қалқыма мәзір, құралдар сөресі немесе тақырыпша мәзірі арқылы қосуға болады. Осы курста негізінен біреуі туралы сөз болады.
|
6.Сабақ бойынша рефлексия
|
(оқушының білімін, білік-дағдысын пысықтау, бекіту ж/е қорытындылау)
|
7. Үйге тапсырма
|
Интерфейспен танысу Blender бағдарламасы. Блендердегі обьектілерімен жұмыс жасау туралы оқып келу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |