Сабақ Жоспары: Философия дүниеге көзқарас ретінде



бет1/2
Дата31.08.2022
өлшемі94.04 Kb.
#460094
түріСабақ
  1   2
№ 1 тақырып


Пән: Философия және мәдениеттану негіздері
1 Теориялық сабақ
Жоспары:

  1. Философия дүниеге көзқарас ретінде.

  2. Дүниетанымның тарихи типтері – мифология, дін және философия.

  3. Философия –ғылыми дүниеге көзқарас. Философияның басты сұрақтары.

Материализм және идеализм – философияның негізгі бағыттары
Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философияны ежелгі грек тілінен алынған «даналыққа құштарлық» деп аталады. Бірақ философия сөзі тарихи-философиялық очерктерде басқада мағыналарда қолданылады. Мысала: Платон философия ұғымын «ғылым» сөзі мағынасына жақын қолданылады. Оның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құштарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. «Даналыққа құштарлық» мұндағы «құштарлық» белгілі бір нәрсеге таңтануды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және өзге үшін өзіңді ұмыту, өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Философия- дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам, дүниеге қатынас.
Бұл пәнилік өмірдің шектеулі екендігі бәрімізге белгілі. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, өзгеге құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның жалғыз тәсілі – бұл рухани күш-жігер болып табылады. Осыдан мынадай түйін шығаруға болады. Философия дегеніміз – адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма. Сонымен философия белгілі бір нәрсе туралы «толық жетілген білім» деген мағына білдіреді. Қазаіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білуі қажет. Ол үшін дүниетаным қажет. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуіне көмек беретін – ғылым. Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың деңгейімен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі – философияны игеруді қажет етеді. Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат – мүдделері туралы ойлана отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптасады. Мәдени деңгейіне, жалпы білім дәрежесіне орай, бұқаралық ақпарат құралдары, кітаптан алған мағлұматтарын жинақтай отырып, өзінің жеке өмірлік философиясын, дүниетанымын қалыптастырады.
Философия – теориялық философия және практикалық философия болып бөлінеді. 1-не болмыс теориясы (онтология) мен таным, білім теориясы (гносеология) жатады. 2-ін алдымен этика құрайды, оған құқық философиясы, тарих философиясы т.б жатады. Философия – теориялық философия және практикалық деп бөлінуі өзінің бастауын антиктік классикадан алады. Аристотель 3-ін «поетикалық философия» деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы білімді көздейді, ал оның негізін риторика және поэтика құрайды.
Адам болмысының өзі «табиғаттан тыс» мағынада көптеген «әлемдерден» тұрады. Бұл, мысалы, экономика, тарих, мәдениет, саяси және құқықтық қатынастар әлемдері т.б.
Адамзат рухының болмысына қатысты философия мынадай салаларға бөлінеді. Мысалы: дін философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы, философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық болып табылатын психология және риторика, ғылым философиясы және философиялық антропология.
Сонымен философия болмыстың мәнін (игерумен немесе оны құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, үрдістердің және т.б мәнділігі) адамның әлемге қатынасының мәнін және ондағы адамның мәнділік орнын танумен айналысады. Философияның негізгі мәселесі – сананың материяға, ойлаудың болмысқа қатынасы. Философия термині алғаш Пифагордың еңбектерінде пайдаланылған, ал айрықша білім саласы ретінде философияны Платон енгізді. Философия құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет