1 – тапсырма. Махамбет Өтемісұлының өміріне байланысты берілген тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
|
Ақын өмірінен берілген мәліметтер арқылы бейнесін тану.
|
Махамбет Өтемісұлына сөз өнерінің қайдан дарығаны туралы ақпаратты біледі.
|
|
Махамбет Өтемісұлының қай тілдерді меңгергенін табады.
|
|
Махамбет Өтемісұлына сөз өнерін қайдан дарыды?
Әкесінен, анасынан
Батырлар жыры, шешендер сөзінен
Ертегіден, аңыздардан
Толғау, батырлар жырынан
|
2. Махамбет Өтемісұлы қай тілдерді меңгерген?
Араб, қазақ, парсы
Қазақ, татар, орыс
Орыс, татар, араб
Парсы, араб, татар
|
Өзіңді тексер
Махамбет Өтемісұлына сөз өнерін қайдан дарыды?
Әкесінен, анасынан
Батырлар жыры, шешендер сөзінен
Ертегіден, аңыздардан
Толғау, батырлар жырынан
|
2. Махамбет Өтемісұлы қай тілдерді меңгерген?
Араб, қазақ, парсы
Қазақ, татар, орыс
Орыс, татар, араб
Парсы, араб, татар
|
|
|
|
1-3 минут
|
Тапсырма
8, 9 - слайдтар
|
2 - тапсырма
Берілген үзіндіден Махамбеттің батырлық қасиетіне ықпал еткен тұлғалардың бейнесін табыңыз.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
|
Ақынның «Менің атым – Махамбет» өлеңінің негізінде автор бейнесін тану.
|
Махамбеттің батырлық қасиетіне ықпал еткен тұлғаларды өлеңнен табады.
|
|
Тұлғалардың ақынның батырлық қасиетіне ықпалын талдап жеткізе алады.
|
|
Менің атым – Махамбет
|
Махамбеттің батырлық қасиетіне ықпал еткен тұлғалар
|
…Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой.
…Өтемістен туған он едік -
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік!
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Талма талтүс шағында
Тай жеген тарлан бөрі едік...
|
|
Өзіңді тексер
Менің атым – Махамбет
|
Махамбеттің батырлық қасиетіне ықпал еткен тұлғалар
|
…Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой.
…Өтемістен туған он едік -
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік!
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Талма талтүс шағында
Тай жеген тарлан бөрі едік...
|
Әкесі Өтеміс – елге ықпалды би болған адам. Оны ақын өлеңіндегі «Елдің қамын жеді ғой» - деген жолдардан түсінуге болады. Елін, жерін сүю Махамбет бойына әкесінен дарыған болар.
Он ағайыны туралы ақын «Біз ер едік», «Жер қайысқан қол едік!», «Тай жеген тарлан бөрі едік...» деп жырлайды.
Өлеңдегі осы сөздер Махамбет Өтемісұлының бір әкеден туған ағайындарының бәрі ержүрек батыр болғанынан және Махамбет ақынның бойына батырлық қасиет өзінің тәлім алған шаңырағынан қонғанын айшықтайды.
|
|
|
|
1-3 минут
|
Тапсырма
10, 11 - слайдтар
|
3 - тапсырма
Қазақ әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Бисенғали Зейнол-Ғабденнің «Махамбет поэзиясының поэтикасы» мақаласынан берілген үзіндіні түсініп оқып, ақын шығармашылығын бағалаған сөздерді теріп жазыңыз.
Ақын поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде көріне бастаған жаңа түр мен бостандық, тәуелсіздік идеясының дара бейнелері ешкімге еліктемей, елпілдемей азаттық жолындағы күрес шындығын суреттеуден туындаған. Өз келбетіңді, салт-санаңды, дәстүрің мен даралығыңды құрметтеу, қастерлеу, сақтай білу, ұлы табиғат жалғастығының басты заңы деген қағиданы сақтау деген сөз.Махамбет өз елінің болашағынан үміт күтті, елдің еркіндігін аңсады. «... Махамбеттің поэзиясы – шідер мен шынжырға көнбей кеткен жігерлі жеке күрескерліктің,сонымен қатар жалпыбұқаралық сипаттағы азаттық арпалысының рухты поэзиясы» – деп жазады Амантай Шәріп.
Өзіңді тексер
«Жаңа түр мен бостандық».
«Тәуелсіздік идеясының дара бейнелері».
«Азаттық жолындағы күрес шындығын суреттеу».
«... Махамбеттің поэзиясы – шідер мен шынжырға көнбей кеткен жігерлі жеке күрескерліктің, сонымен қатар жалпыбұқаралық сипаттағы азаттық арпалысының рухты поэзиясы» – деп жазады Амантай Шәріп.
|
|
|
30 – 45 секунд
|
Қорытынды
|
Бүгінгі сабақта:
Махамбет Өтемісұлының өмірінен берілген ақпараттармен таныстыңыз.
Махамбеттің батырлық қасиеті және оған ықпал еткен тұлғалар туралы білдіңіз.
Ақын шығармашылығы туралы көзқарастармен таныстыңыз.
|
|
|
30 – 45 секунд
|
Қосымша тапсырма
|
1. Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» романы.
https://kitap.kz/book/2307/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)
2. «Махамбет Өтемісұлының күйлері» бейнематериал. https://www.youtube.com/watch?v=vaQFArDqVTk
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |