1931-1933 жылдардағы аштық туралы тоталитарлық жүйе тұсында шындықты айтуға тыйым салынды. Бостандық пен теңдікке ұмтылу саналы адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын ерекше орын алып келгені белгілі. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі қарапайым халыққа, әсіресе, езгіге түсіп, отаршылар тепкісінде келген аз ұлттар мен халықтарға өздері ежелден аңсаған бостандық пен тәуелсіздік, әділеттік пен теңдік идеялары тез арада орындалатындай болашақтан көп үміт күттірген еді.
31 мамыр – Саяси-қуғын сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Сталиндік қызыл террордың қанды қырғынына аяусыз ұшыраған халықтардың бірі – қазақтар. Екі бірдей төңкеріс, екі бірдей алапат аштық, азаматтық соғыс пен ұлт қаймақтарын қидай сыпырған саяси-қуғын сүргіндер қазақ халқын сандық, сапалық тұрғыдан аса ауыр зардапқа душар етті. Ұлтымыз оның ауыр салдарынан әлі күнге дейін еңсесін тіктей алмай келеді. Бұл зұлмат пен оның ауыр салдары тек Атажұрттың қазіргі аумағында ғана емес, сол дәуірлерде шекарадан тыс өмір сүрген қазақтарға да қатысты.
1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. - 1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын.
- 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» атты өлеңінде:
- Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
- Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
- Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
- Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Достарыңызбен бөлісу: |