Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



Дата11.07.2016
өлшемі59.93 Kb.
#190777
түріСабақ
7 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Сұйық қасиеттері.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға жұғатын және жұқпайтын сұйықтар, беттік керілу туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, оқулық.

Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:

Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: гигиена

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жүмысы «Ауа ылғалдылығының адам денсаулығына әсері»

2. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 564, 565-åñåïòåð.
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:


  • Заттардың сұйықтық күйінің сипаттамасы.

  • Сұйықтың беттік қабаты.

  • Бетттік керілу.

  • Жұғу.

  • Капиллярлық.

  • Тұрмыстағы және техникадағы капиллярлық құбылыстар.



5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут
Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін айтады. Қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады.

Заттың кризистік температурасы деп сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады.

Берілген температурада ауадағы су буы қысымының, сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.:

=(р*100) / рқ

Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны шық нүктесі деп атайды.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 587, 588, 589-åñåïòåð.

2. Тест (қосымша тіркелді)
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 576, 591-åñåïòåð.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Сұйық қасиеттері.
Сұйықтың бетіндегі молекулалардың өзара әсерлесулері сұйықтың ішіндегі молекулаларға ұқсамайды. Сұйықтың ішіндегі молекулаға оны қоршаған молекулалар тарапынан әсер ететін күштер өзара теңгеріледі, ал сұйық бетіндегі молекулаларға әсер ететін күштердің қорытқы күші сұйықтың ішіне қарай бағытталады. Сондықтан молекуланы сұйықтың ішкі қабаттарынан бетіне өткізу үшін осы аталған қорытқы күшке қарсы жұмыс істелуі қажет. Яғни сұйықтың бетіне орналасқан молекуланың потенциалдық энергиясы ішкі қабаттардағы молекулалармен салыстырғанда артық: =бет-iшкi, мұндағы бет және iшкi –сәйкес сұйықтықтың бетіндегі және ішкі жағындағы молекуланың потенциалдық энергиясы. Айталық, беттік қабатының аудан бірлігіндегі молекула саны N-ге тең болса, онда ауданы S беттік қабаттың артық энергиясы Ебет=бет* N S= S, мұндағы  = Ебет / S беттің аудан бірлігіне келетін энергия, оны беттік керілу коэффициенті немесе беттік керілу деп атайды.

Соңғы өрнектегі сыртқы күштердің горизонталь қабық бетінің ауданын ұлғайту кезіндегі жұмысын беттік қабаттың артық энергиясына теңестіру арқылы алуға болады: F*x = 2lx = Ебет.

Қосқыш орын ауыстырғанда сұйықтың беті  S = 2lx шамасына артады, себебі қабықтың екі беті бар. Соңғы қатынастан:  = F / 2l.

Сұйықтардың беттік керілу коэффициенті тек сұйықтың табиғатына және температурасына тәуелді. Температура жоғарылаған сайын  кеми береді, температура критикалық температураға жақындаған сайын беттік керілу нольге ұмтылады. Сұйықтың беттік керілуін азайту үшін оған сабын, майлы қышқылдар және т.б. беттік – активті заттарды қосады.

Егер сұйық молекулаларының бір-біріне тартылу күштері олардың қатты дененің бетіне тартылу күштерінен кем болса, онда сұйық қатты дене бетіне жұғады. Ал егер сұйық молекулаларының өзара тартылуы олардың қатты дене молекулаларына тартылуынан артық болса, онда сұйық қатты дененің бетіне жұқпайды.

Жұғатын не жұқпайтын сұйықтардың қатты денелер беттерімен әсерлесуінің ерекшеліктері капиллярлық құбылыстардың себебі болып табылады.

Ішкі диаметрі кіші түтікшені капилляр деп атайды. Осындай түтікше оған жұғатын сұйыққа батырылса, онда оның ішіндегі сұйық кең ыдыстағы сұйық бетінің деңгейінен жоғары көтеріледі. Жұқпайтын сұйық керісінше, оның ыдыстағы деңгейінен төмен түседі.

Сұйық қатты дененің бетіне толық жұғатын болса, беттік керілу күшін қатты дене  беті бойымен оның сұйықпен жанасатын шекарасына перпендикуляр бағытталған деп алуға болады. Бұл жағдайда сұйықтың капилляр бойымен көтерілу биіктігі төмендегі шарт бойынша анықталады:



Fa=Fб, Fa=mg = r2 hg, Fб=l =2r, мұндағы Fa – капиллярдағы сұйыққа әсер ететін ауырлық күші, Fб – бетік керілу күші, r – капилярдың радиусы,  - ондағы сұйықтың тығыздығы, h – капилярдағы сұйық бағанының көтерілу биіктігі,  - сұйықтың беттік керілу коэффициенті. Жоғарыдағы қатынастардан: h = 2 / gr.

ТЕСТ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет