Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы м. Р. Беймбетова жыныстық жолмен жұҒатын аурулар



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#137200
  1   2   3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

М.Р.Беймбетова
ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН ЖҰҒАТЫН АУРУЛАР

( Оқу- әдістемелік құрал )



Қарағанды 2008 ж.

ЗОЖ 616.97

КБЖ 55.81 я 7

Б 38
Рецензенттер:



Г.К.Аскарова –Каз ТВҒЗИ директоры,профессор,д.м.н.

А.О.Мамраева – дерматовенерология курсының меңгерушісі,м.ғ.к.

Қ.Ш. Сәдуақасов – ҚМҚК «ОТВД» директоры, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер
Б 38 Бейімбетова М.Р. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар.- Оқу- әдістемелік құрал.- Қарағанды.- 2008 – 49 б.

Оқу-әдістемелік құралда жыныстық жолмен жұғатын аурулардың этиологиясы,патогенезі, жіктелуі, клиникасы, қазіргі заманғы емдеу әдістері және алдын алу шаралары сипатталған.Оқу-әдістемелік құрал дерматовенерологиядан арнайы әдебиеттің болмауына байланысты құрастырылды. Құрал клиникалық ординаторлар мен дәрігер- интерндерге, медициналық ЖОО студенттеріне арналған


Әдістемелік нусқау ҚММА Әдістемелік кеңесінде талқыланып және қабылданған. 12.03.2008 ж. Хаттама № 7.

ҚММА Ғылыми кеңесінде бекітіліп және шығарылуға ұсынылды. 28.03.2008ж. Хаттама № 9




Кіріспе

Жыныстық жолдар арқылы жұғатын аурулар әлеуметтік сипаты жағынан аса маңызды аурулардың қатарына жатады, өйткені бұл аурулар кеңінен таралумен қатар, адам ағзасында, сондай-ақ бүкіл қоғамға тигізетін қауіпті әсерімен ерекшеленеді. Дер кезінде диагнозын анықтамаған және уақытында тиімді емдемеген жағдайда бұл аурулар ерлер мен әйелдердін дүниеге бала келтіру қызметін бұзып, балалардың туа біткен ауруларға шалдығуына, ішкі ағзалардың зақымдануына себепкер болады.

Қазіргі кезде жыныстық жолмен жұғатын 20 астам аурулар анықталған. Олар жоғары жұққыштығымен және тұрғындардың белгілі топтарының арасында тез тарағыштығымен сипатталады.

Венерологияда «классикалық» венерологиялық аурулар (І ұрпақтық аурулар): мерез, соз, жұмсақ шанкр, венерологиялық лимфогранулематоз, венерологиялық гранулеманы бөледі.

ДДҰ жіктеуі бойынша негізгі жұғу жолы жыныстық болып табылатын жыныстық жолмен жұғатын аурулардың екінші тобына (ІІ ұрпақтық аурулар): хламидиоз, трихомониаз, кандидозды вульвовагинит, микоплазмоз, генитальды ұшық, бактериалды вагиноз және т.б. жатады. Жұғу жолы жыныстық қана емес, жыныстық емес болып табылатын папилломавирусты аурулар, генитальды контагиозды моллюск, қасаға педикулезі, қышыма қотыр, В гепатиті, цитомегалия аурулары бар.
Қысқартулардын тізімі
АГ-антиген

АД- антидене

АД- аламасушы денешіктер

АИВ-адамнын иммунды тапшылық вирусы

ДНК-дезоксирибонуклеинді қышқыл

ДДҰ- дүниежүзілік денсаулык сактау ұйымы

ЖЖЖА- жыныстық жолмен жұғатын аурулар

ЖІС- жатыр ішілік спираль

ЖҰВ- жай ұшық вирусы

ІҚМ- ірі қара мал

КДО- культулальды диагностика ортасы

ЛТР- лигазды тізбекті реакция

ПТР- полимеразды тізбекті реакция

РД- ретикулярлық денешіктер

ЭД- элементарлық денешіктер

Соз
Соз – гонококк туғызатын, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауру. ДДҰ эксперттерінің айтуынша, әлемде созбен 200 000000 – нан астам адам ауырады.

Создың әлеуметтік маңыздылығы сырқаттанушылықтың жоғарғы деңгейімен және демографиялық көрсеткішке кері әсерімен; яғни әйелдің және ер адамдардың бедеулігіне әкелуімен сипатталады.

Создың соңғы уақытта кең таралуы қоздырғыштың ерекшілімен әлеуметттік факторларға байланысты :


  • демографиялық өзгеріс (жастар санының көбеюі, айырылысу санының көбеюі, халықтың жыныстық активтілігінің асуына),

  • әлеуметік катаклизмдер (жергілікті соғыс, табиғи апат және т.б.) ,

  • әлеуметтік – экономикалық факторлар (қала тұрғындарының өсуі, бос уақыттың көбеюі, әлемдік туризм және т.б.),

  • қолайсыз экономикалық жағдай: жұмыссыздық, материалдық қанағатсыздық, дәрі – дәрмек қымбаттылығы және т . б.,

  • қоғамдық жеке өкілдің құлықтық ерекшілігіңмен сексуальді бағдарлар (нашақорлық, алкоголизм, жезөкшелік, гомосексуализм, иммигрантар, туризм және т.б. ).

Созбен жиі ауыратындар – жас адамдар (созбен ауыратындардың 80 %) жоғары жыныстық активтілік, некедентыс өмір, үнемі ауыстырылатын жыныстық серіктер, әлеуметті – экономикалық қолайсыздық және т. б. Егер созбен ауыратындар арасында жалпы алғанда ерлер көп болса, онда жас өспірім арасында – қыздар. Бір рет созбен ауыратын науқаспен жыныстық қатынасқа түскенде, ерлер 17-20 % жағдайда, ал әйел адамдар ағзасының анатомо – физиологиялық, биохимиялық, гормональді ерекшелігіне байланысты жобамен 80 % жағдайда сырқаттанады.
Создын жіктелуі

1.Жаңа (2 айға дейін), ол ағымы бойынша : жедел, жеделдеу және торпидті (аз симптомды) деп бөлінеді

2.Созылмалы (2 айдан жоғары), көбінесе торпидті ағымды, өршіту факторлары әсерінен өршиді.

3.Жасырын, гонококтасушылық кілегей қабатта қабыну үрдісін тудырмайды


Этиологиясы мен патогенезі

Создың қоздырғышы Neissseria Gonorrhoeae Нейсермен (1879) ашылды. Ол Neisseriaceae туыстығына, Neisseria тұқымдастығына жатады, грам теріс жұп кокк 1,25 - тен 1,6 мкм ұзындығы және ені 0,7 –0,8 мкм - ге дейін, кофе дәні тәріздес, ойыс жоғымен бір – біріне қараған. Гонококк үшқабатты сыртқы қабырғасынан, цитоплазмалық мембранасы, рибосомамен цитоплазмадан, вакуольді ядродан тұрады.Гонококктар көбінесе торша ішінде топтасын орналасады.

Кілегей қабатқа түскен гонококк эпителий торшаларына бекітіліп, торша аралық қеңістік арқылы эпителий асты дәнекер ұлпасына өтіп, іріңді гонококкты экссудат бөлініп қабыну процесін тудырады. Гонококктардың эпителий астына өткеннен соңғы қабыну реакцияның басталуы инкубациялық кезең 12 сағаттан 3 айға дейін (орташа ерлерде 3-4 күн, әйелдерден эндоцервицит симптомы 10 күннен соң ) дамиды. Аралас созда инкубациялық кезең ұлғаяды.

Гонококкты инфекция несеп жыныс мүшесінің кілегей қабатымен (per conti-nuitatem ) немесе лимфа тамыры бойымен несеп жыныс мүшелерімен алыс жатқан мүшелерге таралады: артқы уретра, қуық асты безіне ұрық шылбы-ры, Фаллопиий өзегі, аналық без және т. б. Сонымен қатар гоно-кок-ктар қынаппен аталық без қосалқасына қынаппен ұрық шығарушы өзек-шенің антиперистальтикасы арқылы ретроградты әкелінуі мүмкін. Кейде го-нококктардың гематогенді диссеминациясы транзитті гонококкемияға немесе гонококкты сепсиске әкелуі, ол септицемиямен, септикопиемиямен білінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет