Сабақ жоспары/ Поурочный план Дененің дамуын анықтау тәсілдері Модуль/пән атауы/ Наименование модуля /дисциплины



Дата14.11.2022
өлшемі58 Kb.
#464792
түріСабақ
2 Дененің дамуын анықтау тәсілдері


Азаматтық қорғаныс жоғары копсалалы колледжі
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты


Сабақ жоспары/ Поурочный план
Дененің дамуын анықтау тәсілдері


Модуль/пән атауы/ Наименование модуля /дисциплины Спорт медицинасы
Дайындаған педагог/ Подготовил педагог Тойлыбаева У.О.
05.11.2021

  1. Жалпы мәліметтер/ Общие сведения

Курс/ топтар/ Курс, группы _ДТ-41____
Сабақ түрі/ Тип занятия_дәріс

  1. Мақсаттары, міндеттері/ Цели, задачи Дененің дамуын анықтау тәсілдерін үйрету.

2.1Оқупроцесіндебілімалушыларигеретінкәсібидағдылардыңтізімі/ Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия

Дененің дамууын анықтау тәсілдерін қолдана алады біледі


Тәсілдердің практикалық маңызын сипаттайды
3. Сабақтыңжабдықталуы/ Оснащение занятия
3.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет/ Учебно-методическое оснащение, справочная литература интернет ресурстар

  1. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина /оқу құралы / Алматы-1992. –65 б.

  2. Мұстафина Т.Қ. Дунаев З.Қ. Спорттық медицина. /спорттық аурулар мен жарақаттар/. Оқу құралы Алматы-1994. –65 б.

  3. Мұстафина Т.Қ. Дунаев З.Қ Студенттердің спорттық медицинадан лабараториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы-1993. 50 б.

https://kzdocs.docdat.com/docs/index-50600.html?page=4

    1. Техникалық жабдықтау, материалдар/ Техническое оснащение, материалы

ОӘК в АЖ Платонус



  1. Сабақ барысы/ Ход занятия

Жеке баланың, немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы гигиеналық көрсеткіш болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің морфологиясы ішкі факторлардың да, сыртықы факторлардың да әсерін көрсетеді. Сондықтан да, және қолданылып жүрген тәсілдердің қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты, балалар мен жасөспірімдерге дүниеге келген күннен бастап, жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды міндетті түрде жүргізу керек.

Сондықтан, дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Арнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің дамуын, жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық белгілерінің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды.

Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі:

Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары — индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер — екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы — бой ұзындығы және кеуде шеңбері — бой ұзындығы индекстері). Индекстердің есептелуі қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын. Әсіресе, ең кең таралғандары Брок, Пинье, Кетле, Гульда және Кауп, Ливи, Рорера жоғарыда аталған Эрисман индексі және т.б. болды.

Осы уақытқа дейін жеткен Брок индексі бойынша, дене салмағы (кг), бой ұзындығынан (см) 100 см алғанға тең. Мысалы, бой ұзындығ 170 см болса, дене салмағы 70 кг тең болуы керек. Пинье индексі, немесе «сандық көрсеткіш», бой ұзындығынан дене салмағын және кеуде шеңберінің көлемін алғанға тең. Индекс аз болған сайын, организм әлсіз болады деп есептелді.

Индекстердің көптігі, олардың ешқайсысының да қанағаттанарлық нәтиже бермейтіндігінен болды. ХІХ ғасырдың аяқ кезінің өзінде олардың қолданылуы күдік туғыза бастады. Индекстердің балалар организмдерінің бой ұзындығының бірдей еместігін есепке алмайтындығы, олардың негізгі кемшілігі болып саналады. Қазіргі кезде дене бітімінің дамуын бағалауға индекстер тәсілі пайдаланылмайды.

Индекстер тәсілдерінің орнына Сигмадан ауытқу (дене бітімі дамуының профилі) келеді. Оны 1925 жылы белгілі неміс антропологы Рудольф Мартин ұсынған еді. Ол, жеке адамдардың дене бітімі дамуының параметрлерін, осы параметрлердің орташа арифметикалық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Алынған айырмашы-лық санды, сәйкес белгілердің орташа квадраттық ауытқуына бөледі де, сигмадан ауытқуды табады. Дене бітімінің дамуы сигмадан ауытқу көлемі бойынша бағаланады. Әрбір баланың профилі ретінде графиктік көрсеткіш сызылады. Бұл тәсіл қарапайым және шындыққа жақын, бірақ дене бітімі дамуының барлық көрсеткіштері бір-бірінен бөлек және жеке бағаланатындықтан Кеңестер одағында бұл тәсіл кеңінен қолданылмады.

Сол сияқты Центиль және процентиль (Centum -жүз) тәсілі де қарапайым және қолайлы. Бұл тәсілді ең алғаш медицинаға енгізгендердің бірі, Американың зерттеуші ғалымдары Стюруа мен Мередит. ХХ ғасырдың бірінші жартысында олар, дене салмағы мен бой ұзындығы үшін, кеуде және жіліншік шеңбері үшін, май қабатының қалыңдығын бағалау үшін графиктік процентильдік шкалалар жасады. Центильдік анализдің негізі мынандай: қандай да бір белгінің барлық варианттарын кішісінен бастап үлкеніне қарай, бір қатарға орналастырады. Одан соң барлық қатарды 100 бөлікке — процентильге бөледі, олардың тең ортасы Р50 — медиана деп аталады. Әрбір центиль, зерттелетін бөліктердің проценттік қатынасын сипаттайды. Көбінесе Р3, Р10, Р25, Р50, Р75, Р90, Р97 процентильдері қолданылады. Белгілердің Р25 — Р75 шегіндегі көлемдері орташаға жатады. Бір өлшемді процентильді графиктер пайдалануға өте қолайлы және оны антропологтар және педиатрлар өте кеңінен қолданып жүр. Бірақ, сигмадан ауытқу тәсілі сияқты бұл тәсіл де дене бітімі дамуының көрсеткіштерін бір-бірінен жеке дара, корреляциялық байланыссыз қарастырады.

Регрессиялық анализ (корреляциялық) тәсіл бой ұзындығы 1 см өзгергенде, дене салмағы мен кеуде шеңберінің қандай көлемге өзгеретінін көрсететін регрессиялық шкала құруға негізделген. Бұл шкала жеке адамның барлық параметрлерін сигмалық регрессия көлемі бойынша, бір-біріне байланысты алып, дене бітімінің дамуы туралы жалпы қортынды жасауға болатын, бағалау таблицасы болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің ғылыми зерттеу институты дене бітімінің дамуын регрессия шкаласы бойынша сандық жағынан бағалау үшін, арнаулы үлгі құрастырды. Үлгіде бой ұзындықтарының 5 классы бөлінген: 1 — аласа, 2 — орташадан аласа, 3 — орташа, 4 — орташадан биік, 5 — биік. Және мұнда дене бітімі дамуын бағалаудың 5 дәрежесі бөлініп көрсетілген:

Бүгінгі күнге дейін, жоғарыда көрсетілген дене бітімінің дамуын бағалау тәсілдерінің бірде-біреуі абсолютті қолдау таппағанын айта кету керек. Олардың бірде-біреуі кемшіліксіз емес. Сигмадан ауытқу тәсілі сияқты центильдік тәсілдер де дене бітімі дамуының параметрлерін, бір-біріне қажетті байланыссыз, бірінен-бірін жеке дара қарастырады. Регрессиялық тәсілде дене бітімі дамуының негізі ретінде бой ұзындығы алынады, ал, оған бағынышты белгілерге (дене салмағы мен кеуде шеңбері) варианттарды бөлген кезде мектеп оқушыларында мөлшерлеген дұрыстыққа сәйкес келмейтін, жиіліктің бір жақты ассимметриясы тән. Осы көрсетілген жағдайлар белгілі қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, бағалау таблицасындағы бағынышты белгілердің мектеп оқушылары үшін алынған — «нормалау» шекарасы М +2 -ға дейін кеңейтілген. «Норманың» шекарасын кеңейту, «дене салмағы артық» деген бағасы бар оқушылардың меншікті үлесін азайтады. Өйткені -1 және +2 арасындағы «дене салмағы артық» деген оқушы, семіздікке жата бермейді. Өсіп, даму жағдайындағы мектеп оқушыларының организімінің артық салмағы семіруді ғана көрсетпейді, сонымен қатар, белгілі дәрежеге дейін бұлшық еттер дамуының да көрсеткіші болып саналады. Нағыз семіру олар үшін М +2G шегінен едәуір шығып тұрады. Мұндай жағдайды гигиенистермен бірге клиницистер де растайды

Стандарттар жасау үшін, екі негізгі зерттеу тәсілдері қолданылады: жалпылама тәсілі (көлденеңінен кесу) — салыстырмалы аз ғана уақыттың ішінде қажетті топтарды жалпы тексеру және жекелендіру тәсілі (лонгитудиналық немесе ұзынынан алу) — ұзақ уақыт бо-йы белгілі бір баланы, немесе белгілі бір ғана топтың балаларын бақылап отыру.


Сабақ бойынша рефлексия/ Рефлексия по занятию
Мен ___________ажырата білдім.
Мен_________ анықтай алдым.
Мен__________маңызын түсіндім.
Мен ___________мен есептей білдім.


Үй тапсырмасы/ Домашнее задание


Центиль және процентиль әдісіне кесте құру

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет