1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті



бет1/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)


1-билет
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті
пәні педагогикалық ғылым жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды математиканы қабылдауға және меңгеруге дайындауға, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі педагогикадан шықан соң қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі жеке ғылыми және оқу саласы болып келеді. Оның зерттейтін пәні қоғамдық тәрбие жағдайында м.ж.д.б қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жүйесінің негізгі заңдылықтарын оқыту.
Мақсаты: баланың жеке тұлғасын жан-жақты дамыту, мектепте сәтті оқуға дайындау, түзетутәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру.
Негізгі міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдар жүйесін қалыптастыру. Жиынтықтар, қатынастар, сандар мен шамалар туралы білім мен бастапқы ұғымдар жүйесі мектеп жасына дейінгі балалардың оқу мүмкіндіктері шеңберімен өте шектеулі болса да, мектеп математикасы ұғымдарды одан әрі игеру үшін маңызды болып табылады.
2. Мектепте математиканы меңгеру үшін және жалпы ақыл-ойды дамыту үшін қажетті математикалық ойлаудың және жеке логикалық құрылымдардың алғы шарттарын қалыптастыру. Бастапқы математикалық ұғымдарды меңгеру баланың тұтастай танымдық іс-әрекетін және оның жеке жақтарын, процестерді, операцияларды, амалдарды жетілдіруге ықпал етеді.
3. Сенсорлық процестер мен қабілеттерді қалыптастыру. Кіші жастағы балаларды оқытудағы негізгі бағыт - нақты, эмпирикалық білімнен неғұрлым жалпыланған білімге біртіндеп көшуді жүзеге асыру. Сенсорлық тәжірибе негізінде қалыптасқан эмпирикалық білім - бұл мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын және математикалық дамытудың алғышарты мен қажетті талабы.
4. Балалардың сөздігін кеңейту және байланысты сөйлеуін жетілдіру. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру процесі сөздік қорды жоспарлы меңгеруді және біртіндеп кеңейтуді, грамматикалық құрылымын және сөйлеудің байланысын жетілдіруді қарастырады.
5. Оқу іс-әрекетінің бастауыш нысандарын қалыптастыру. Балаларда есту және тыңдау, тәрбиешінің нұсқауларына сәйкес әрекет ету, оқутанымдық тапсырмаларды түсіну және белгілі тәсілдермен шешу, дидактикалық материалды мақсаты бойынша пайдалану, өзінің ісқимылдарының және жолдастарының іс-қимылдарының тәсілдері мен нәтижелерін ауызша нысанда білдіру, оларды бақылау мен бағалау, тұжырымдар жасау және қорыту, олардың дұрыстығын дәлелдеу икемділігі және оқу іс-әрекетінің басқа дағдылары мен іскерліктері дамитын болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет