Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Әмірің қатты Есім хан »



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі69.35 Kb.
#480910
түріСабақ
  1   2
«Әмірің қатты Есім хан...»


Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Әмірің қатты Есім хан...»

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Тоқсан:

І

Бөлім:

1. Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Педагогтің аты-жөні:

Джадирова Жанар Джамбуловна

Күні:

10.10.2023

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Әмірің қатты Есім хан...»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7. 2. 2. 1 эпикалық,поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
Қызығушылықты ояту.
5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ?
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.
Жыр бойынша білімдерін еске түсіру үшін сұрақтар қоямын:
1.Орхон-Енисей жазбалары қай ғасырда табылды?
2. Көне түркілердің руна жазуын ең алғаш оқыған кім?
3. Орхон- Енисей жазбаларындағы қазақтың жыраулық дәстүріндегі Бұқар жыраудың бейнесін еске түсіретін кімнің бейнесі?
4. «Көк түркінің семсері» атағын алған кім? (Күлтегін (684 – 731 жж.) — Екінші Шығыс Түрік қағандығы (Қапаған және Білге қағандар дәуіріндегі) әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры, Құтлық қағанның кенже баласы.)
5. «Күлтегін» жырының басты идеясы? (Күлтегін батырды Түркі қағандығының құдіретті тұлғасы ретінде көрсету)
6. Түпнұсқаны қазақша жырлаған ақын. (Түпнұсқаны қазақша жырлаған Қадыр Мырза Әли.)
7. Қай жылы Күлтегін ескерткішінің дәл көшірмесі Қазақстанға әкелінді?
8. Күлтегін кім? (әскербасы)
9. «Мәңгілік ел» дегеніміз қандай ел?
10. Мәңгілік елдің ұрпақтары қандай болу керек?
11. Жырда Күлтегін қанша жасында қайтыс болады
12. Түркілерге қандай халықтар жатады?
Жаңа сабаққа қысқаша түсінік беремін. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара т.б. жыраулар өз толғауларымен жұртқа дем берген. Жыраулық поэзияда толғау кеңінен қолданылады. Толғау- көшпелі өмір кешкен халықтың өмірлік түйгендерін төгілте айтуға ең ыңғайлы жанрдың бірі.
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі.
Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпи­калық дастандар мен толғауларды орын­дай­тын халық поэзиясының өкілі. «Жырау» сөзі «жыр» деген сөзден шыққан.Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар Жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айтып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды.
Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын — халық ауыз әдебиетінің барлық үлгісі осы жыршылар арқылы жеткен.



Оқушылар сәлемдеседі.


Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді.


Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Дескриптор:

  • Жырдың тарихына тоқталады.

Қосымша деректер қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет