Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:
бөксеге енгізгенде - ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;
санға енгізгенде - арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;
иыққа енгізгенде - жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.
Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).
Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және тыгыздалу болмау керек.
Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолғапты киіңіз.
Шприцті құрастырыңыз(стандартты қара).
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз.
Спирттелгенекі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын түп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақ арасына салыңыз.
Оң қолға шприңті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды ңилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).
Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.
Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприңті теріге тік 90° бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз.
Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.
Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.
Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
IV. Жаңа сабақты бекіту- 10 мин
Достарыңызбен бөлісу: |