Ашық сабақ жоспары:
Тақырыбы: «Дәрілік заттарды енгізу тәсілдері»
Модуль /пән атауы: «Мейірбике ісі негіздері»
Күні: 12.02.2021 жыл
Курс, оқу жылы, топ: - II курс, 274- топ
Сабақ типі: үйреніп жатқан материалдарды қайталау және икемдікпен дағдыларды қайталау.
Сабақ әдісі: оқытудың интерактивті әдісі(ұнаған фигураны тап әдісі, қоржын және қарлы кесек ойындары).
Мақсаты: Дәрілік заттардың негізгі топтары. Ағзаға дәрілік заттарды енгізу жолдары, олардың артықшылықтары мен жетіспеушіліктерімен студенттерді таныстыру. Энтеральды,парентеральды енгізу тәсілдерімен танысып,айырмашылықтарын ажырата білуді үйрету. Бұлшық етке инъекция салу техникасымен танысу.
Дамытушылық: Студентерге әрбір тақырыпты терең ұғындыра отырып, сол бойынша ойлау қабілеттерін жетілдіру,сабаққа деген құлшынысын арттыру.
Тәрбиелік: Студенттердің сабақ барысында өз-өздерін дұрыс ұстауға, ұқыпты,тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Міндеттері: Емдеу бөлімшелерінде дәрілерді пациенттерге тарату.
Медикаментозды терапияны тіркеу және бақылау. Дәрілік заттарды енгізу жолдармен таныстырып, практикалық жұмыстарда жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |