Сабақ жоспары (Тәжірибелік оқыту) Ревматизм. Жүректің жүре пайда болған ақаулары. Миокардит, эндокардит, перикардит



бет4/8
Дата06.02.2023
өлшемі36.78 Kb.
#469179
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
ревматизм

Үшжақтаулы (трикуспидалдық) қақпақша мен өкпе артериясы қақпақшасының жүре пайда болатын кемістігі сиректеу байқалады. Ол ревматизм, сифилис, сепсис, атеросклероз ауруларынан дамиды; қақпақшаның жақтаулары жеткіліксіз болады немесе тесігі тарылады.
Жүректе кемістік дербес қана болмайды: қосжақтаулы мен қолқа қақпақшасы немесе қосжақтаулы мен үшжақтаулы қақпақша қатар зақымдалады, тіпті қосжақтаулы, қолқа мен үшжақтаулы қақпақшалар бірге бүлініп, қосарлы кемістік те қалыптасады. Қосарлы кемістіктердің көбі — құрамдас кемістіктер.
Жүректің жүре пайда болған кемістіктерінің компенсациялы және декомпенсациялы түрлері бар.
Жүректің компенсациялы кемістігі көбіне ұзақ уақыт білінбейді, қанайналымы бұзыла қоймайды. Компенсациялық үдерісті жүректің кемістік әсерінен күш түсіп қалыңдаған жерлері қамтамасыз өтеді. Миокардта концентрлік гипертрофия қалыптасады. Дегенмен, гипертрофиялық мүмкіндік шектеулі, сондықтан оның барысында миокард дистрофияға ұшырап, жүректің жұмысы әлсірейді. Бара-бара жүректе миогенді дилатация дамып, қуыстары кеңиді де, концентрлік гипертрофия эксцентрлік гипертрофияға ұласады.
Декомпенсациялы кемістігі кезінде жүрек өз жұмысын дұрыс атқара алмайды, сондықтан жүрек-тамыр жүйесі қызметінің жеткіліксіздігі байқалады. Жүрек қызметінің компенсациялы болмауына қайталамалы ревматизмдік үдеріс, кездейсоқ инфекция, тым ауыр жұмыстан қажу, психикалық жарақат себеп болады. Декомпенсациялық жағдайда жүректің қарыншалары жұмсарып, қуыстары кеңіп, құлақшаларында тромбылар түзіледі. Барлық мүшелерге веналық қан іркіледі, олар көгеріп, суланып ісінеді, ішкі қуыстар шеменденеді. Жүректің әртүрлі кемістігімен сырқаттар көбіне жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен өледі. Кейде өлімге кенет дамыған тромбылы эмболия, жүректің митрал тесігінің шар тәрізді тромбымен бітелуі, ұлғайған жүректің параличі немесе пневмония себеп болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет