6.Эндокардиттің анықтамасы және маңызы.
7. Эндокардиттің жіктемесі.
Эңдокардит — жүректің ішкі қабатының қабынуы — ревматизмнің ең айқын көріністі бейнелерінің бірі. Дамыған орнына байланысты ол қақпақшалық, хордалық және қабырғалық эндокардитке жіктеледі. Ең айқын көріністі эндокардит қосжақтаулы (митрал) қақпақшада және қолқа қақпақшасының жақтауларында дамиды. Көбіне жүректің сол жақ бөлігіндегі эндокардитке оң жақ бөлігіндегі эндокардит қосарланып, дербес эндокардит өте сирек кездеседі.
Эндокардтың эндотелийінде дистрофия мен некробиоз дамып, дәнекер тіні мукоидты, фибриноидты ісінуге және некрозға ұшырайды, қалың қабатында жасушалар көбейіп (гранулематоз), ішкі бетіне тромбылар түзіледі. Аталған үдерістердің арақатынасы әртүрлі, сол себепті эндокардит бірнеше түрге жіктеледі.
Қақпашақшаларда ревматизмнен дамитын эндокардиттің 4 түрі бар (Абрикосов А.И., 1947): 1) диффузды вальвулит, 2) сүйелді (тромбылы) жедел эндокардит, 3) фибропластикалы және 4) қайталамалы сүйелді эндокардит.
Диффузды эндокардит, яғни вальвулит қақпақшаның жақтауларын диффузды зақымдап, эндотелийді бүлдірмейді, тромбылар болмайды. Сүйелді жедел эндокардит эндотелийді зақымдайды. Жақтаулардың өзара түйісетін жиегінің эндотелийі зақымдалып, ол жерлерде сүйел тәрізді тромбылар түзіледі (168-сурет). Фибропластикалы эндокардит эндокардиттің алдыңғы екі түрінен өрістеп, фиброз бен тыртықтану үдерістеріне бейімділік байқалтады. Қайталамалы сүйелді эндокардиттің барысында бұрын склероз дамып, қалыңдаған қақпақшаның жақтауларындағы дәнекер тін біртіндеп ыдырап, эндотелийі үнемі зақымдалып, жаңа тромбылар түзіліп отырады. Ақырында бұл өзгерістер склероз бен гиалинозға ұласып, қақпақшаның жақтаулары қалыңдап, сиқы кетеді (169-сурет); сөйтіп, жүрек кемістігі қалыптасады («Жүрек кемістіктерін» қара).
Эндокардит пен миокардит қосарланса, оны ревматизмдік кардит, ал эндокардит, миокардит және перикардит сабақтасса, — ревматизмдік панкардит деп атайды.
Патологиялық үдеріс түрлі көлемді қан тамырларын, әсіресе микроциркуляциялық арнаны басымырақ қамтып, ревматизмдік васкулит, яғни артериит, артериолит және капиллярит дамиды. Артериялар мен артериолалардың қабырғасында фибриноидтық өзгерістер өрістеп, тромбылар түзіледі. Көбейген аба жасушалар капиллярларды қоршап алады, эндотелий көбейіп, түлеп, сыдырылады. Бұл өзгерістер ревматизмдік эндотелиоз деп аталады; ол аурудың белсенді фазасына тән. Капиллярлардың өткізгіштігі күрт артады. Ревматизмдік васкулит бүкіл тамырлар жүйесін қамтиды, барлық мүшелер мен тіндерді жайлап (170-сурет), тамырлар склерозына (артериосклероз, артериолосклероз, капиллярлар склерозына) ұласады.
Ы ВЕРСТКА! Вставить рисунок «Рис. 170. Капиллярит и артериолит головного мозга при ревматизме». Ы
Достарыңызбен бөлісу: |