«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері



бет1/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
5 тезис тарих


«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері
1 тақырып. Психологиялық білімдердің жан туралы ілім шегінде дамуы.
Милет мектебі философтарының жан туралы көрінісі
Б.з.д VII-VI ғасырларда алғашқы қауымдық қоғамның құлдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болу кезеңі деп есептеледі. Сол кездегі қоғамдық өмірдің түбегейлі өзгерістері ( колонияға ұжымдастыру, сауда қарым – қатынастарының дамуы, қалалардың пайда болуы және т.б ) ежелгі мәдениеттің дамып гулденуіне себеп жасады, ойлау аймағына айтарлықтай өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер діни - мифологиялық көріністерден ғылыми білімдердің пайда болуына әкеліп соқтырды.
Көне грек мәдениетінің және ғылымының басты орталықтарының бірі болып Милет және Эфес қалалары болып есептеледі. Бұл қалалардың атымен ең алғаш пайда болған философиялық мектептер аталған.
Ғылыми көз қарастардың гүлдену бастамасын б.з.д VII-VI ғасырда өмір сүрген Милет мектебімен байланыстырады. Оның өклідері болып Фалес, Анаксимандр, Анаксимен дер болып есептеледі. Материалды құбылыстардан психологияның немесе жанның бөлінуіне осы ғалымдардың үлесі көп орынды алады. Милет мектебінің философтары үшін жалпы жағдай болып, қоршаған әлемнің барлық заттары мен құбылыстары шығу тегі бойынша біртүрлілігімен сипатталады, ал әлемнің көп түрлілігі болып оның заттық бастамасының әр түрлілігімен сипаталады, бірінші негіз немесе бірінші материя.
Бұл жағдай көне ойшылдармен және олардың зерттейтін психологиялық аймақтарында таралған. Олардың ойлары бойынша материалды және рухани, денелік және психологиялық күйлердің барлығы шығу тегі бойынша бірдей, олардың арасындағы айырмашылық субстанционалды емес тек қана феноменалды.
Бұл мектеп ғалымдарының көз қарастарындағы айырмашылық болып - нақты материяның қайсы түрі әлемнің құрылуында бірінші негіз болады деп есептеулерінде.
Фалес (б.з.д 624-547 ж) Тіршіліктің бастамасы ретінде барлық жерде суды көрсетеді. Ол әлемнің бастамасы су деп есептейді және де Жер суда жүзеді, айналасын түгелдей су қоршап жатыр деген. Су қозғалмалы және өзгермелі, әр түрлі күйлерге өте алады. Буланғанда су газ тәрізді затқа айналады, ал қатқанда – қатты затқа айналады.
Жан ол судың ерекше күйі. Жанның негізгі сипаттамасы болып, оның әр түрлі денелерге қозғалыс бере алу қабілеттілігімен сипатталады.
Психологияны барлық табиғатқа тарата отырып, Фалес ең бірінші болып психологиялық шекте өз көз қарасын білдірді, оны гилозоизм деп атайды. Бұл психологиялық үйрену табиғатты тануда үлкен қадам болып саналады. Ол анимизімге қарсы тұрды. Гилозоизм бірінші болып жанды (психика) жалпы шын заңдар алдына қойды.
Жанды денелік ағза ретінде қарастыра отыра, Фалес психологиялық күйді физиологиялық ден саулыққа тәуелділігін көрсетеді. Дені сау адамның рухани күйі, қабілеттері жақсы болады. Қазіргі заман психологтары Фалестің адамның мінез құлықтары жайлы ойларына назар аудармай кетпеу мүмкін емес. Адамның ойы бойынша ол тек қана әділеттілік жолымен өмір сүру керек. Ал әділеттілік өзге адамдардың істеген әрекетін қайталамау болып саналады.
Егер де Фалес тіршіліктің пайда болу көзі сумен ылғал деп санаса, онымен бір қалады тұрған Анаксимандр (б.з.д 610-547 ж) барлық заттардың шығу тегі «апейрон» деп есептейді «Апейрон» - нақты сапасы жоқ материяның бір күйі, бірақта өзінің ішкі дамуы бойынша ол ол әлемнің көп түрлілігін тудырады. Анаксимандр жанды «апейронның» бір күйі ретінде қарастырады.
Анаксимандр көне философтардың ішінен бірінші болып адамның және тірі ағзалардың пайда болуын тұсіндірмекші болып талпыныс жасады. Тірі ағзаның тірі ағзадан пайда болады деген ой Анаксимандрға тиесілі. Ол органикалық әлемнің пайда болуын келесідегідей түсіндіреді – күн сәулесінің әсерінен жердегі шөп пайда болатын ылғал буланады, шөптерден жануарлар пайда болады ал жануарлардан - адам пайда болады деген ой пікірге келеді. Философтар бойынша адам балықтан пайда болды. Адамның жануарлардан басты айырмашылығы болып - ол баласын емізуі көп уақытқа созылуымен және баласын ұзақ уақыт тәрбиелеумен ерекшеленеді.
Фалес пен Анаксимандрға қарағанда милет мектебінің өзге философы Анаксимен ( б.з.д 588 – 522 ж) тіршіліктің негізі ретінде ауаны көрсетеді. Жанға да табиғи жағынан ауа тән. Ол тыныс алумен байланысты. Көне ойшылдар арасында жан мен тыныс алудың бір бірімен жақындығы кең таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет