Сабақ жоспарының үлгісі
2-сынып, қазақ тілі пәні
Тақырыбы: Қатемен жұмыс
Мақсаты: Қазақ тілі сабағында жазу жолында кеткен қателерді жоюдың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Міндеттері: Оқушыларға орфографиялық ережелерді меңгертіп, қатесіз жазуын қалыптастыру.
Ойлау қабілетін, орфографиялық сауаттылығын, ой-орісін дамыту.
Еңбексүйгіштікке,пәнге қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл ,
Өз тіліңді құрметте!
Көркем жазу
Қатені жою жолдары:
Төл дыбыстарды табу мақсатында «Кім жылдам» ойыны :
Оқушылар төл дыбыстарды табады. Әр дыбысқа сөз ойлап, сөйлем құрайды.
Ә (әтеш), І (ілгіш), Ң(аң), Ғ(ғарышкер), Ү(үйрек), Ұ(ұшақ), Қ(қала), Ө(өгіз), Һ(Қаһарман).
Қай әріпті жоғалттым?
Көл...к бәт...ңке
Домб...ра д...птер
Дәріг...р жаңб...р
Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.
Сурет ( -шы, -ші)
өнер ( -лі, - лі)
көңіл (-ды, -ді)
күй ( -ші, -шы)
Тасымалдана ма, тасымалданбай ма?
Есек, қала, етік, терезе, кеме, отан, тау, қора, ала, шеге, кемпір, гүл.
Қалай оқыса да бір сөз:
е...е н...н
і...і а...а
к...к қ...қ
я-ю әріптерінің жазылуын еске түсіру:
қо...н а...
қи...р о...
Сергіту сәті.
Білсеңде й мен жәй у-ды,
Жаза алмас едің аюды.
Ою, тою, қоюға,
Ұмытпа Ю-ды қоюды.
Сөйлемді дауыс ырғағымен оқу, талдау
Қандай ыстық.
Қандай ыстық?
Қандай ыстық!
Сөйлем түрлеріне байланысты сөйлем құрау.
Бүгін киноға барма.
Сенде қарындаш бар ма?
Жұмбақ
Дыбыс емес, таңба
Оқылмайды, жазылмайды,
Біраз сөзден табылады,
Ол қай әріп еді,
Ойлап көрші, есіңде бар ма?
Тауда жоқ, сайда бар,
Атта жоқ, тайда бар,
Биеде жоқ, түйеде бар,
Қозыда жоқ, қойда бар
Жиында жоқ, тойда бар,
Осындай тағы қайда бар?
Сөйлемді дұрыс жаз.
құстарға ұя жасады оқушылар.
шөп Ернар шапты шалғымен.
«Жаз» сөзіне әртүрлі мағынада сөйлем құрау.
Маған жаз мезгілі ұнайды.
Арнұр жазуын жазды.
Адасқан әріптер
р о б
а ш а ғ
қ ы ы з қ
і м б л і
Сөйлем құрау
Қорыту.
-
Қандай сөздер тасымалданбайды?
-
Жұрнақ дегеніміз не?
-
Туынды сөз дегеніміз не?
-
Сөйлем түрлерін ата.
-
Қазақ тілінде қанша әріп бар?
-
Қанша дыбыс бар?
№ 30 мектеп-гимназияның бастауыш сыныптар мұғалімі
Ерікбаева Жадыра Дарханқызы
Астана қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |