Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Абилова А. О. Пән/Сынып: Қазақ әдебиеті, 9-сынып



Дата28.03.2024
өлшемі69.19 Kb.
#496806
түріСабақ
14-сабақ. Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы


ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Абилова А.О.

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 9-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан, 14-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы:

Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

Оқу мақсаттары:

Т/Ж 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.



Бағалау критериі:

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  • шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды;

  • шығармадан дәлел келтіре отырып талдайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Сабағымыздың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Ғабит Мүсірепов шығармашылығы
Сенің меңгеретінің:

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

  • шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтау;

  • шығармадан дәлел келтіре отырып талдау.




Презентация

5 минут

Жаңа сабақ

Ғ абит Мүсіреповтың суреті көрсетіледі. Олар Ғ. Мүсірепов туралы білетіндерін айтады.









10 минут

Тапсырмалар

1-тапсырма
Романдағы кейіпкерлер сөзін сәйкестендір

Есеней

Баласы таз ба, мерез бе, білмеймін, әйтеуір Ұлпанжан құлан-таза безініп кетті. Шойнақ шалды басынып алып қашуға келгендерін көрмейсің бе!

Түрікпен Мүсіреп

... малым бар десе әкең өзі келсін маған. Болмаса қыс ортасы ауған кезде бір қос жылқыны сол маңайға аударғалы отырмын. Сонда кездесер... Кенжетай, қолдарын шешіп босатып жібер!

Артықбай

Ұлпан, сен мен қазір не айтсам да түгел тыңда, ойлана тыңда. Құлағыңа жақсын, жақпасын, түгел тыңдап ал! Бір ауыз сөз қоспай тыңда!..



Дескриптор:

  • романдағы кейіпкерлер сөзін анықтайды;

  • сәйкестікті табады.

Өзіңді тексер!



Есеней

... малым бар десе әкең өзі келсін маған. Болмаса қыс ортасы ауған кезде бір қос жылқыны сол маңайға аударғалы отырмын. Сонда кездесер... Кенжетай, қолдарын шешіп босатып жібер!

Түрікпен Мүсіреп

Ұлпан, сен мен қазір не айтсам да түгел тыңда, ойлана тыңда. Құлағыңа жақсын, жақпасын, түгел тыңдап ал! Бір ауыз сөз қоспай тыңда!..

Артықбай

Баласы таз ба, мерез бе, білмеймін, әйтеуір Ұлпанжан құлан-таза безініп кетті. Шойнақ шалды басынып алып қашуға келгендерін көрмейсің бе!








10 минут

Тәжірибе



2-тапсырма
Роман мазмұнына қатысты ақиқат немесе жалған ақпаратты анықта.

Аңшы Мүсіреп сызыбғы да тартады.

Ақиқат

Арыз айтып келген Ұлпанды Есенейдің алғаш көруі

Ақиқат

Ұлпанды Төлегеннің баласына айттырған болатын.

Жалған



Дескриптор:

  • роман мазмұнына қатысты ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды.

Өзіңді тексер!





Аңшы Мүсіреп сызыбғы да тартады.

Жалған

Арыз айтып келген Ұлпанды Есенейдің алғаш көруі

Жалған

Ұлпанды Төлегеннің баласына айттырған болатын.

Ақиқат



3-тапсырма.
Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жаса.


Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы:
1.Оқиғаның басталуы
2.Оқиғаның дамуы
3.Оқиғаның шиеленісуі
4.Оқиғаның шарықтау шегі
5.Оқиғаның шешімі


Дескриптор:

  1. сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  2. ойларын дәлелдейді

Өзіңді тексер!




Оқиғаның басталуы
Есенейдің көші
2.Оқиғаның дамуы
Құдалық. Ел ісіне араласқан Ұлпан. Есенейдің қазасы
3.Оқиғаның шиеленісуі
Ұлпанның шешімі
4. Оқиғаның шарықтау шегі
Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі
5. Оқиғаның шешімі
Жалғыз қалған Ұлпан. Әр түрлі ойлар бунай берді. Бастан кешкен қайғысыз-қайғылы күндер тізбектеліп өтіп жатыр...
Пролог (сөз соңы) – жазушы естелігі

Дескриптор:



  • шығарма үзіндісіне талдау жасайды;

  • композициялық амалдарды ажыратады;

  • шығармадан дәлел келтіреді.



4-тапсырма.
Оқиғаларды шығармадағы ретімен орналастыр.

  1. Артықбайды шанаға отырғызып алып, Есенейдің аңға шығуы.

  2. Есенейдің Артықбайдың халін сұрап келуі.

  3. Кенесары мен Есеней қолының шайқасы.

  4. Есенейдің «Қаршығалы» шұбарына келіп ірге тебуі.


Дескриптор:

  • оқиғаларды шығармадағы ретімен орналастырады;

  • шығармадан дәлел келтіреді.

Өзіңді тексер!



  1. Есенейдің «Қаршығалы» шұбарына келіп ірге тебуі.

  2. Кенесары мен Есеней қолының шайқасы.

  3. Есенейдің Артықбайдың халін сұрап келуі.

  4. Артықбайды шанаға отырғызып алып, Есенейдің аңға шығуы.









2 минут

Бекіту

Бекіту сұрақтары:
- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасауды;
- тапсырмалар орындау барысында шығармадан дәлел келтіре отырып талдауды үйрендіңіздер.







1 мин




Қосымша тапсырма:
Шығарама бөліктерін толық оқу.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет