Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Сейтжанова Сауле Барамисовна Пән/Сынып: Қазақ тілі, 3 сынып



Дата14.04.2024
өлшемі0.52 Mb.
#498668
түріСабақ
5-сабақ. Су денсаулыққа пайдалы (1)


ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сейтжанова Сауле Барамисовна

Пән/Сынып:

Қазақ тілі, 3 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1 апта 5 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Су-тіршілік көзі

Сабақтың тақырыбы:

Су денсаулыққа пайдалы

Оқу мақсаты:

3.2.2.1 - берілген тірек сөздер негізінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлеу;
3.2.4.1 - жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау;

Бағалау критериі:

Берілген тірек сөздер негізінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлеуге тырысады.
жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды.



Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут
00:00 – 01:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
Ой қозғау. Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды
Оқушыларға арналған тапсырмалар Жаңа сөздер: ( Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, жаттау) Әрине, сусын, қайнат ,емдеу, жазылу,


Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады
Бүгінгі сабағымыз қай тақырыпқа қатысты деп ойлайсыңдар? Неліктен?(оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтайды)

Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету және сұрақ қойып үйрену










7-8 минут
01:00 – 01:30

01:30 –
02:00


02:00 –
02:30

02:30-03:00





Жаңа сабақ

ОҚЫЛЫМ 2- тапсырма79 бет.
Мәтінді түсініп оқы.
Әлібек жазда жағажайға барды. Күн ыстық. Ол шөлдеп, суық сусын ішті. Оның тамағы ауырып, дәрігерге барды.
Дәрігер:
-Суық сусын іштің бе?- деп сұрады.
Әлібек:
-Иә, суық сусын іштім,- деп жауап берді.
Дәрігер:
-Әрине, ауырасың. Суық сусын ішпе. Суды қайнатып іш. Су пайдалы,- деді.
Дәрігер Әлібекті емдеді.

-Балалар, мәтінде қай сөздер жиі қайталанады?


-Дұрыс айтасыздар, жағажай және сусын.
Дескриптор
Мәтінді түсініп оқиды

Жаңа тақырыпты меңгеру










8 минут

Тәжірибе

3-тапсырма 79 бет мәтіннің мазмұн желісі бойынша суреттің ретін тап.
Дескриптор
Мәтіннің мазмұн желісі бойынша суреттің ретін табады


Өзіңдң тексер!

Суретте:


Әлібек жағажайға барады. Ол шөлдеп суық су ішеді. Оның тамағы ауырып, дәрігерге барады.



Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру




Бағалау дескрипторларын ұсыну




3 минут
04:50-05:00



Бекіту

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз
Қажетті сөздер: сусын ,жағажайға,қайнатып, ауырды, емдеді.

1. Әлібек ... барды.2. Ол ... ішті. 3. Оның тамағы ... . 4. Дәрігер «Суды ... іш»,-деді. 5. Дәрігер Әлібекті ... .


Дескриптор. Білім алушы
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді дұрыс қояды.


ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!
Әлібек жағажайға барды.2. Ол сусын ішті. 3. Оның тамағы ауырды . 4. Дәрігер «Суды қайнатып іш»,-деді. 5. Дәрігер Әлібекті емдеді .

Тақырыпты меңгергнін анықтау









Қосымша тапсырма

Айтылым
5-тапсырма. Жоспарға сүйеніп, мәтінді мазмұнда
Жоспар
1. Әлібек жағажайда
2. Салқын сусын
3. Әлібекті емдеу
4.Дәрігердің кеңесі
Дескриптор. Білім алушы
Мәтіннің мазмұнын жоспарға сүйеніп мазмұндайды














Қосымша

Оқулық, 6-тапсырма 80 бет , айтылым














Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет