Сабақ жоспарының Үлгісі



Дата27.11.2023
өлшемі49.4 Kb.
#484536
түріСабақ
22-23 сабақ. 2(IIА) топ элементтерінің химиялық қасиеттері (1)


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ


Мұғалімнің аты-жөні:

Мусина Бакыт Жунусовна

Пән/Сынып:

10 сынып ЖМБ

Қай аптаның нешінші сабағы

7 апта 23 - сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

10.3 D 2(II А)Топ элементтері

Сабақтың тақырыбы:

2 (ІІА) -топ элементтерінің химиялық қасиетттері.



Оқу мақсаты:

10.2.1.11 2(ІІА) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу;



Бағалау критерийі:

- 2 (ІІА) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді;



Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсатымен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату;



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналған тапсырмалар орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу;

Жеке жұмыс
Оқу тапсырмасын ұсыну, оқушылар өз бетінше орындауы керек;

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме?
Сабағымыздың тақырыбы:
2 (ІІА) -топ элементтерінің химиялық қасиетттері.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• 2 (ІІА) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің
өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу;







Презентация Слайд 1
Слайд 2

7-8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ:


Мұғалімнің түсіндірмесі:
2(ІІА) топ металдары күшті тотықсыздандырғыштар, белсенді металдар.

Химиялық белсенділігі бериилийден радийге карай өседі. Олар кқптеген бейметалдармен оксидтер немесе сәйкес тұздар түзіп әрекеттеседі. Химиялық қасиеті жағынан бериилийдің топтағы баска металдардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Енді осы металдардың химиялық қасиеттерін қарастырайық.


2 (ІІА) топ элементтері бейметалдармен, сумен, қышқылдармен, сілтілермен және оксидтермен әрекеттеседі.


1.Бейметалдармен әрекеттесуі.


2Ca + O2 = 2CaO
кальций оксиді
400C
Ca + H2 CaH2
кальций гидриді
Be + Cl2 = BeCl2
бериллий хлориді
Ba + S = BaS
барий сульфиді
3Ba + 2P = Ba3P2
барий фосфиді
500C
3Ca + N2 Ca3N2
кальций нитриді
2.Сумен әрекеттесуі.
Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + Н2
Mg + 2H2O = Mg(OH)2 + Н2

3.Қышқылдармен әрекеттесуі.


Mg + 2HCl = MgCl2 + Н2
Be + H2SO4 (сұйылт) = BeSO4 + Н2

4 .Cілтілермен әрекеттесуі.


Be + 2KOH + 2H2O = K2 Be(OH)4 + Н2
калий
тетрагидроксобериллаты
Be + 2KOH = K2BeO2 + Н2
калий бериллаты

5.Оксидтермен әрекеттесуі.


2Mg + SiO2 = 2MgO + Si



Жаңа тақырыпты меңгеру

видео




Презентация

Слайд 3

Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

https://cdn1-ktvdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12482/45.mp4



7 минут

Бекіту

Тапсырма:
Мына айналымды жүзеге асырып, тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз:
Са→СаО→Са(ОН)2→Са(NO3)2→CaSO4


Жауабы:

  1. 2Са + О2 = 2CaO

  2. CaO + H2O = Cа(ОН)2 + Q

  3. Cа(ОН)2 + 2HNO3 = Са(NO3)2 + 2H2O

  4. Са(NO3)2 + H2SO4 = CaSO4 + 2HNO3



Тапсырма:
II топтың бір металының 10 г үлгісіне тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 5,6 л (қ.ж.) газ бөлінген. Қандай металл реакцияға қатысқан?


Жауабы:
Шешуі:
Химиялық реакция теңдеуі бойынша пропорция құрып, есептеу жүргіземіз:
10 г 5,6 л
Me + 2HCl = MeCl2 + H2↑
х г/моль 22,4 л/моль
x = 40
Бұдан: M(металл) = 40 г/моль. (Бұл - кальций)
Жауабы: кальций.


Тапсырма:
Әк суын ашық немесе жабық ыдыста сақтау керек пе? Жауаптарыңды реакция теңдеулерімен дәлелдеңіздер.


Жауабы:
Шешуі:
Әк суын жабық ыдыста сақтау керек. Егер оны аузы ашық ыдыста қалдырып қойсақ, ол ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, кальций карбонатына айналып кетеді, осылайша өз құрамын өзгертуі мүмкін.
Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3↓ + Н2О
Оқу тапсырмасы:
1.Неліктен сілтілі жер металдар керосин қабатының астында
сақталады?
2.Ауадағы металмен не болады, неліктен бұл түс өзгереді?
3.Натрий сумен әрекеттескен кезде қандай газ босатылады?
Мұны қалай дәлелдеуге болады?


Қорытынды
Бүгінгі сабақта:

  • 2 (ІІА) топ элементтерінің химиялық қасиеттерін

қарастырдық.


Қосымша ресурстар
М.Қ. Оспанова Қ.С. Аухадиева Т.Г. Белоусова
Химия 2-бөлім 10 сынып

  • https://twig-bilim.kz/kz/film/reducing-radiation-risk

  • https://twig-bilim.kz/kz/film/radioactive-substances





Дескриптор:
- айналымды жүзеге асырады, тиісті реакция теңдеулерін жазады;

Дескриптор:
- тиісті реакция теңдеулерін жазады, дәлелдейді;

Слайд 10

Слайд 11


Слайд 12

Слайд 13


Слайд 14

Слайд 15


Слайд 16

Слайд 17


Слайд 18




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет