СоөЖ №6. Қоғамдық-саяси қозғалыстар Алматы 2022 Ильясов Оркен Жоспар



Дата29.11.2022
өлшемі0.99 Mb.
#466012
түріБағдарламасы
Саясаттану

СОӨЖ №6. Қоғамдық-саяси қозғалыстар

 


Алматы 2022
Ильясов Оркен

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі функциялары
  • Партия мүшелігі, бағдарламасы, жүйелердің түрлері
  • Қозғалыстардың саяси партиялардан негізгі ерекшелігі

Кіріспе

  • Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесулері — аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары болып табылады.

Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі функциялары:

— әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау, пысықтау және институционализациялау;

— осы мүдделерді қоғамның барлық деңгейінде және билік институттары шеңберінде білдіру, көрсету;

— мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі байланыстарды орнату;

— басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу;

— халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуға тарту;

Партиялық жүйелердің түрлері.

  • бірпартиялық, яғни мүнда бір партия қоғам өмірінің барлық салаларына бірден-бір ықпал ете алады. Нақты айтқанда, партия мен билік функцияларын ажырату тым қиын біртұтас бю
  • екіпартиялық, яғни мүнда билікке бір-бірімен бәсекелес екі партия күреседі. Әдетте, тек осы партиялар ғана президент лауазымына кандидаттар үсынып, депутаттық мандаттарды алады. Бұл жүйе бір тарап кезек-кезегімен жоғары көтеріліп отыратын әткеншекке ұқсайдырократиялық организмге айналып кетеді.
  • көппартиялық, мұнда сайлаушылардың дауыстары үшін бірден көп (кейде ондаған) партиялар бәсекеге түседі. Тұрғындар дауыстары көптеген бөліктерге бөлінетіндіктен, бірде-бір күштің абсолютті басымдыққа ие дауыс жинай алмай қалатын жағдайлар да жиі кездесіп отырады.

Қозғалыстардың саяси партиялардан негізгі ерекшелігі:

  • — Бұқаралық сипат. Қозғалыстар құрамы тым әртүрлі және көптеген таптар мен әлеуметтік топтарды қамтуы мүмкін.
  • — Нақты ұйымдасу құрылымының жоқтығы. Қозғалыстарда нақты белгіленетін мүшелік болмайды. Олардың құрамына жеке азаматтар да, сонымен қатар ұйымдар да кіре алады.
  • — Бір немесе бірнеше мақсаттар төңірегіне бірігу. Қозғалыстар өз мүшелерінен барлық мәселелер бойынша идеологиялық жақындықты талап етпейді.

Қолданылған әдебиеттер:

  • Хан И.Г., Садырова А.Т. Саясаттану: Оқу құралы. – Алматы: КҚУ Ғылыми-баспа орталығы, 2011. – 72 б.
  • Саясаттану негіздері (екі томдық оқу құралы) Әбсаттаров, Раушанбек ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ; Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті- Алматы : Қарасай, 2011 . 224 бет

Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет