Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гиманазия
Тақырыбы:
«Қазақстанның табиғат ресурстарын
тиімді пайдалану, қорғау және
экологиялық мәселелер»
Пән мұғалімі:Бахритдинова А.
Түркістан-2011
8-сыныпта өтілетін бір сағаттық сабақ жосрапының үлгісі
«Білім мен даналық –адам көркі» .Ә. Науаи
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және экологиялық мәселелер»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанға болған сүйіспеншілігін арттыру табиғат байлықтарын тиімді пайдалану үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өзін-өзі басқаруға үйрету.
Сабақтың түрі: Сот сабағы.
Құрал –жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, глобус, буклеттер, интерактив тақта, плакаттар, «Қызыл кітап», «Ақсу-Жабағылы» кітабы
Сабақ барысы: А) ұйымдастыру
Б) оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау,сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті оқытушылар, оқушылар!Бүгінгі география сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және экологиялық мәселелер».Сабақтың мақсаты:Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғат байлықтарын үнемді пайдалануға үйрету.Елбасымыз Н.Назарбаев «Тәуелсіз елдің ертеңі-білімді урпақ»-дегенде й жастарға үлкен сенім артып отыр.Сондықтанда оқып,білім алып,биік шыңдардан көріну арқылы еліміздің табиғатын қорғауға өз үлестерін қоса аласыздар.Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында болуы еліміздің жан-жақты дамуында,соның ішінде табиғатты,туған жеріміз бен елімізді суюден бастау алады.Туған жерімізді, қастерлеп сақтай білейлік,достар!
Бүгінгі сабағымыз-сот сабағы
Хатшы: Орындарыңнан турыңдар! Сот келеді. Отырыңдар.
Сот төрағасы: Бүгін сот мүшелері сіздің Қазақстаннің табиғатын қорғау және экологиялық мәселелері жайлы алған білімдеріңізді сынап көрмекші. Жоғары сот табиғатты қорғау және оны асырау, экологиялық мәселелерді шешуде қандай істер атқарылып жатқанын айыпталушы табиғат тобы мүшесінен сұралады.
«Табиғат»тобының мүшесі. Қазақстан табиғатының ластануы адамдарға, отбасыға және қоғамға тигізер әсері жайлы айту талап етіледі.Қазақстан Республикасы табиғатының ластануында адамдардың да тигізер зияны мол.Нәтижеде кей бір жерлерде (Арал,Сырдария)экологиялық жағдай нашарлар кетті.Ауа,су топырақ ластанып өсімдік, хайуанаттардың кейбір түрлері жойылып кетті.1991 ж 18 маусым республика трихында бірінші рет «Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау» жайлы заң қабылдынды.
Бірінші кеңесші: Қазақстанда қай жылы қоршаған ортаны қорғау жайлы қаулы қабылданғаны қоғам тобының мүшесінен сұралады.
«Қоғам» тобының мүшесі: Зауыт және фабрикалардан, көліктерден шыққан әп түрлі улы газдар, шаң мен түтіндер, ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химиялық заттар арқылы ауаны ластауда.Аралдың құрып кетуінен жан-жағындағы ауылдардың ауасы әр түрлі тұздар, шаң-тозаңдар, улы заттар арқылы ластанды.Нәтижеде халықтың денсаулығы нашарлап, бала өлімі көбейді.
Екінші кеңесші: «Атмосфера» тобының мүшесінен:Қазақстанда атмосфера ластануының негізгі себебін айту талап етіледі.
«Атмосфера» тобы мүшесі: Атмосфера ластануының алдын алу үшін ағаштар егу, кәсіпорындардағы улы газдарды ұстап қалатын құралдарды орнату қажет.Ауадағы улы заттардың ең қауіптісі радиактивті заттар.Олар ауа арқылы,жауын шашын арқылы суда,топырақта,өсімдікте және жануарларда адам дененсінде жиналып жазылмас дертке ұшыратады.Қазақстанда алғаш рет антиядролық халықаралық ұйым «Семей-Невада» құрылды.Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Семей полигоны жабылды.
Сот төрағасы:
«Қоғам тобынан:Қоршаған ортаны қорғау жайлы шығарылған заң неше бап, неше тараудан тұратындығын айту талап етіледі.
«Қоғам» тобының мүшесі: Қоршаған ортаны қорғау туралы заң 16 бөлім,83 баптан тұрады.Заңда табиғи байлықтары-егеменді еліміздің негізі екендігі, оны қорғаудың негізгі принциртеріне айналадағы табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқарудың эканомикалық жүйесі мен пайдалануға беруге қойылған экологиялық талаптар, оларды бұзғандығы үшін жауаркершілікке тартылуы атап көрсетілген.
Бірінші кеңесші:
«Қорық» дегеніміз не? «Қорықта қандай жұмыстар жүргізіледі?»
Қорықтар жайлы сөз «Биосфера» тобының мүшесіне беріледі
«Биосфера» тобы: Қорық- ерекше қорғауды қажет ететін,тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорықтары-бұл табиғатты қорғаудың ең негізгі формасы.Көптеген ғалымдардың еңбектері VI-VIIIғғ қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады.
Екінші кеңесші:
Дүние жүзінде қанша қорық бар және оның ең үлкені қайда орналасқандығын айту. «Экология» тобының мүшесінен талап етіледі.
«Экология тобы»: Қәзіргі таңда дүние жүзінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әртүрлі, сондықтан қорғауға ажыратылған жерлерді қорықтар,қорықшалар,резерваттар,ұлттық парктер,табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600- дан артық ірі қорық бар екен.Олардың ішіндегі ең үлкені Греландия ұлттық паркі.Олардың ішіндегі ең үлкені .Оның жер көлемі 7 млн.гектар.
Сот төрағасы: Қазақстанда қанша қорық бар екендігіні айту оқушылардан талар етіледі.
Оқушы:Біздің республикамызда жалпы көлемі 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 9 қорық бар.50 дей аңшылық қорықша,42 зоологиялық және ботаникалық бақтар мен, 3 табиғат ескерткіштері бар.Алдағы жылдарда олардың санын 15 ке жеткізу көзделген.
Бірінші кеңесші:
Осы қорықтар жайлы не білесіз?
Хатшы: Куәгер шақырылды.
Куәгер:Мен осы Ақсу жабағылы қорығы жайлы кітапты сізге тапсырамын.
Екінші кеіесші:
Экология сөзі қашан және кім тарапынан пәнге еңгізілген?
«Экология» тобы мүшесі:
Соңғы жылдарда экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. «Экология» деген ұғымды алғаш рет неміс ғалымы Эрнест Геккел 1866 жылы ғалымға енгізген.Экология мағынасы гректің «Эко-ойкос» деген сөзінен шыққан,үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді,демек өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң,қоршаған табиғаттыда солай таза сақта.
Сот төрағасы: Арал теңізінің тартылып,экологиялық жағдайларының нашарлау себептерін айту «Гидросфера» қоғамының мүшесінен талап етіледі.
«Гидросфера» қоғамының мүшесі:Арал теңізіне құйатын Сырдария мен Амудария өзердерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы және оның айналасындағы мекендердің экологиялық жағдайының нашарлауы адамдардың ауыл шаруашылық істерін дұрыс жолға қойылмауының себебі деуге болады.Арал маңының атмосферасы ғана емес, суы мен топырағыда ластанған.Бұл жерлерде жас балалар өлімі көп,ересектер арасында сырқаттану басым.Арал маңының экологиялық жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайында қатты әсер еріп отыр.Арал мәселесіне арналған бірнеше Халықаралық Конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде.
Хатшы: куәгер щақырамыз
Куәгер: Мен сіздерге Арал теңізі тағдыры буйнеленген бүктемені дәлел ретінде көрсетпекшімін.Бүктеме сот төрағасына тапсырылады.
Бірінші кеңесші:Қазақсьандағы «Қызыл кітап» жайлы айту «Қоғам» тобы мүшесінен талар етіледі.
«Қоғам» тобы мүшесі:Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар, айрықша қорғау щараларын қолдануды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітарты «Қызыл кітап» деп атайды.Алғаш рет Халқаралық «Қызыл кітап» 1966 жылы басылып щықты.Қазақстан ғалымдары халқаралық деңгейде табиғатты қорғау шараларына белсене ат салысып республикамыздың «Қызыл кітабын» жазды, кітап екі бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімі 1978 жылы жарық көрді.Кітапқа сүтқоректілердің 31 түрі,құстардың 43 түрі,балықтың 4 түрі,бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі еңгізілген.
Хатшы: Куәгерді шақырамыз.
Куәгер:Мен сіздерге осы «Қызыл кітапты» дәлел ретінде көрсетемін.Кітап сот төрағасына тапсырылады.
Екінші кеңесші: Қазақстанда табиғатты қорғау және оған оқушылардың қосар үлесі жайлы биология пәні мұғалімі Мухитдинова Т дан талап етіледі.
Биолоия пәні мұғалімі: Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыстар, Түркістандағы Құсшы ата орман шаруашылығы жайлы түсіндіреді.Табиғатты қорғау Қазақстанның әр бір азаматының міндеті екендігін айтады.
Сот төрағасы: Табиғат тобы мүшесінен Қазақстан табиғатын үйреніп және оны зерттеуде өзінің үлесін қосқан қандай ғалымдары білетіндігі талар етіледі.
Табиғат тобы мүшесі: Қазақстанның тұңғыш географы Ш.Уалиханов Қазақстанды,шығыс Түркістанды,Орталық Азияны зерттеген саяхатшы,тарихшы,этногроф.Қазақстанды алғаш рет картаға түсірген.Академик Қ.Сәтпаев аса көрнекті ғалым,Қазақстан ғылым академиясының тұнғыш президенті,Қазақтың дарынды ұлы, Қазақстан кен орындарының геологиясына минералдық қорларын зерттеуге зор еңбегі үшін геология ғалымдарының докторы деген атақ берілді.
Бірінші кеңесші:Табиғатты қорғауға өз үлесін қосқан ұлы ғұламаларынан кімдерді білетіндігін айту қоғам тобының мүшесінен талар етіледі.
шығыстың ұлы ғұламалары Абу Райхон Беруний алғаш жердің жарты шарының глобусын жасаған, Захриддин Мухаммад Бабур өзінің «Бобурнома» атты туындысында табиғатты өте әдемі сүреттеген.
Хатшы: Куәгерді шақырамын.
Куәгер: Мен сіздерге дәлел ретінде қолымдағы «Бобурнома» щығармасын тапсырамын.
Екінші кеңесщі: Қазақстандағы табиғат ескерткіштері жайлы түсіндіру «Биосфера» тобының мүшесінен талап етіледі.
«Биосфера» тобының мүшесі:Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің судың әрекетінен мүжіліп баражатқан, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат объектілерін айтады.Бұндай ескерткіштер дүние жүзінің көптеген елдерінде бар.Қазақстанда 24 табиғат ескерткіші, солардан «Жетісу түрген », «Шың түрген» шыршасы, «Жыл құстары» кіреді.
Сот төрағасы:Мектеп туризімі және салауатты өмір салты жайлы сөз спорт секторіне беріледі.
Спорт секторы: Біздің мектебімізде әр жылы, сәуір-мамыр айларында мектептен 5 км қашықтықта орналасқан, Қарашық өзеніне 1 күндік туризм 8,9,10,11 сыныптар арасында ұйымдастырылады.Бұл туған жерге саяхат жасай отырып, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятады.
Мұғалім: «Туризм-2010» видиокөрінісі көрсетіледі.
Бірінші кеңесші:
Арал және Каспий теңізінің су деңгейі график негізінде түсіндіру география пәні мұғалімінен талап етілсін.
Қоғам тобының қорғаушысы(адвокат): Адамдар бүгінгі таңда табиғатты қорғау,аралды толтыру үшін аз әрекеттенуде.Адамдар осы қателіктерін тән алама?
Қоғам тобының қорғаушысы(адвокат): Иа ,адамдар жіберген қателіктерін тән алып, сол жіберген қәтеліктер үстінде үлкен істер атқарып келеді,Экалогиялық мәселелерді шешу үшін «Бейбітшілік және экология» тақырыбында халықаралық кеңес өткізілді.
Сот төрағасы: Құрметті ақтаушы!Сіз табиғат, қоғам, экология,биосфера,гидросфера тобының жауаптарын қалай бағалайсыз?
Ақтаушы(адвокат): Мен бұл топтардың жауаптарын өте жақсы деп бағалаймын.
Қаралаушы(прокурор):Бүгінгі таңда әр бір азаматтың алдында үлкен міндет тұр.Ол табиғатты қорғау және оны көз қарашығындай сақтау.Өйткені, кейінгі ұрпақта табиғат байлықтарын пайдалана алуы қажет,сондықтанда мен ақтаушының сөзін жақтамаймын.Құстарды ұстап қинаған да,табиғат байлықтарын бекерге жұмсаған да солар емес пе? Сондықтан мен оларға мынадай баға қоятын едім........................
Сот төрағасы: Ендігі сөз кезегі кездейсоқ оқиғалар министірлігіне беріледі.
КОМ:Табиғатты қорғау,оның байлықтарын тиімді пайдалану,ормандар мен шалғындар, жануарлар мен өсмдіктер ,су,күн,жел энергиясы,жауын-шашын ылғалдары, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануын ұйымдастыру үшін табиғат заңдылықтарын білу қажет.Адамдар осы заңдылықты дұрыс пайдаланса,табиғат ресурстарын қалпына келтіріп қорын молайтып,қорғап тиімді пайдалануды білу керек.Заңда экалогиялық тәрбие мен экологиялық білім беру бірінші кезекке қойылған.Табиғатты бүлдірмей сақтап келешек ұрпаққа тоздырмай, байлығын ортайтпай жеткізу үшін барлық жұмыс істеген абзал.Себебі табиғат тағдыры-адам тағдыры.
Сот төрағасы: Сонымен бүгінгі сот алқасы кеңесу үшін үзіліс жариялайды.
Хатшы: Тұрыңдар!...,,Отырыңдар!
Енді сіздер теледидардан сақталып, қорғалып жатқан өсімдіктер мен жануарлар жайлы көрініс тамашалайсыз.
Хатшы:Тұрыңдар! Сот келеді.Отырыңдар.
Сот төрағасы:
Қазақстан Республикасының заңы негізінде айыпталушыларды төмендегідей бағалайды.
Мұғалім: Міне балалар сіздер сот алқасының өзіні қалай ұстауын, сұрақ –жауаптарын тыңдадыңдар.Мен сот алқасына төмендегідей бағаладым...........................менің қалауым сіздер ешқашан айыпталушы болмаңыздар.Сот кеңесшісі,ақтаушы,қаралаушы кәсібін игеріңіз,қоғамға қажетті маман иесі болыңыз, тек қана табиғатты қорғап,көптеп ағаштар отырғызу,судың ластанмауын сақтаңыз.Дана халқымыз «Бір тал кессең,он тал ек»- деп бекерге айтпаған,осыны мәңгі есте сақтаңыздар, деп бүгінгі сабақты аяқтаймыз.
Үйге тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: |