Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 7-сабақk
Бөлім:
|
Өнер
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 3
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ән өнері .Аққұс туралы аңыз
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу
|
Сабақтың мақсаты
ватсаппен
|
Барлық оқушылар: көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі нұсқасымен салыстырады, мәтінді дауыстап түсініп оқи алады.
Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе алады.
Кейбір оқушылар: кейіпкер жайлы білетін мәліметтерді есіне түсіріп әңгімелей алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
- «Күй құдыреті» мәтінін мазмұндау, бір күйдің шығу тарихын зерттеу.
Жұмбақ:
Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады. (Күйші)
Оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді:
-Күйден басқа қандай құдыретті өнер бар?
-Абай атамыздың
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деген өлең жолдары жайлы өз пікірлерің қандай?
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда ән құдыреті жайлы шығарманы оқитын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді.
|
Жаттығу жасайды.
Оқу тапсырмасы жайлы сұрақтарға жауап береді.
Тақырыпты ашады.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
|
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А)Мәтінмен жұмыс. «Аққұс туралы аңыз» мәтінін түсініп тізбектей дауыстап оқыңдар.
Ә) Сөздік жұмысы:
Тау мүлгiп – тау ұйқыға кетiп.
Көл тынып – көл тып-тыныш күйге түсiп.
Аспан егiледi – аспан жылағандай күйге түседi.
Б) Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
Оқиғаның басталуы …
Жалғасуы …
Аяқталуы …
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Шәмші жайлы білетін мәліметтерді есіңе түсіріп әңгімеле.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
А) Кестемен жұмыс:
1) Мәтінге сүйеніп, әннің құдіреті туралы айт. Алдында оқығаныңмен салыстыр.
2) Мәтіндегі өнер адамдары туралы берілген мәліметтерді түсініп оқы және өз бетіңше толықтыр.
Ә) Суретпен жұмыс:
Суретке зер сал. Осы сурет саған «Шәмшінің әндері» деген тақырыпта сөйлеуіңе көмектесе ме? Өзің не салар едің?
Б) Талқылау:
«Шәмшінің әндері» деген тақырыпта сөйлеуге дайындал.
• Шәмші Қалдаяқов кім?
• Оның қандай әндерін білесің?
• Халық композиторды неліктен жақсы көреді?
• Өз сөзіңді «Шәмшінің әндері мәңгі жасайды. Ән де, әнші де туған елінде құс сияқты қалықтап, биікке ұша береді» деген пафоспен аяқта.
|
- Мәтінді оқиды.
-Сөздікті жазып алады.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Билеп сергиді.
-Кестемен, суретпен жұмыс жасайды.
-Тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор:
- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.
-Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды-2балл.
Дескриптор:
- Мәтінге сүйеніп, әннің құдіреті туралы айтады, күймен салыстырады -1балл.
Өнер адамдары туралы берілген мәліметтерді толықтырады-2балл.
-Суретті зерттеп, өз қиялымен салынатын суретін сипаттайды-1балл. «Шәмшінің әндері» деген тақырыпта әңгімелейді-2балл.
|
Оқулық
|
Кері байланыс
5 мин
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |