«САЯСАТТАНУ» ПӘНІНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Практикалық сабақ 1. Кәсіби маман дайындауда саясаттану ғылымының орны.
Мақсаты: Саясаттану пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде түсіну.
Эссе: Менің болашақ мамандығым үшін саясаттану ғылымының маңызы.
Әдістемелік нұсқаулық: Эссе жазу барысында саясаттану ғылымының маңызын талдап, саясаттану ғылымының құндылығына түсінік бере алады.
Практикалық сабақ 2. Саясаттану ғылымының қалыптасу кезеңдері – 1 сағат
Мақсаты: Ежелгі елдердің саяси ой ерекшеліктеріне тоқталу. Орта ғасыр, Қайта өрлеу дәуіріндегі және Жаңа дәуірдегі ойшылдардың саяси ойлары. Қазақ ойшылдығына, шежірешілдігіне, тарихшылдығына ұлттық қасиет тұрғысынан берілген баға. Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері.
1. Құлдық дәуірдегі саяси ойлар (Ежелгі Шығыстағы Вавилон, Египет, Қытай, Ежелгі Греция және Рим).
2. Орта ғасыр (Батыс Европа мен Арабтық Шығыс) және Қайта Өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.
3. Жаңа Дәуірдегі саяси ойлар.
4. Қазақ даласындағы саяси пікірлер. ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ ағартушыларының әділетті қоғамдық құрылым, қоғамды реформалау жолдары және оны жүзеге асыру тәсілдері туралы көзқарастарына назар аудару қажет. Мысалы, Ш.Уәлихановтың ағартушылық идеялары: әлеуметтік реформалардың уақыт талабы мен қоғам деңгейінің дамуымен міндетті түрде сәйкес келуі; билікті сайлау принципін, соттың ерекше әлеуметтік рөлі; бірқатар консервативтік ғұрыптарды бағалауы, қоғамдық идеяларының либерал-демократиялық бағыты. А.Құнанбаевтың ғылыми танымның әлеуметтік-саяси рөлі туралы пікірлері, ағартушылықтың маңызы туралы жүйелі идеялары, экономикалық және мәдени үдемелілігін талап етуі, бірқатар консервативтік тұрмыстық ғұрыптар идеяларын сынға алуы. Ұлт тектілерінің әлеуметтік функиялары, мүліктік теңсіздікті жұмсарту үшін шаралар қажеттігі туралы және т.б. Қазақстанның саяси ойының либералдық-демократиялық бағыттары мен қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің дамуындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің идеялық мұрасының тарихи және саяси маңызы туралы талдау жасау. Ә.Бөкейхановтың саяси басылымдары, оның көшпелі қоғам эволюциясын жылдамдату мәселесін теориялық пайымдауға шақыруы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. – 279 б
2. Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.
3. Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. – 223 б.
4. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2005.
Практикалық сабақ 3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат – 1 сағат
1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері
3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
4. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |