Кіріспе
Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.
Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындығына қойылатын міндетті деңгей оқушылар дайындығының минимум денгейін анықтайды. Минимум деңгейге жету-оқушылардың міндеті болып табылады.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу.
Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дайындаудағы басты мақсаты - оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалылтасуына жол ашу.
Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындысынан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ. Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашылады, Осындай оқыту әдісі оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселесін шешеді,
Достарыңызбен бөлісу: |