Пішімдер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі пішімдердің белгіленулері мен өлшемдері 1.1 – кестеде келтірілген.
Ватманға сызбаны орындамас бұрын пішімнің сыртқы жиегін 1 жүргізіп алу керек (1.1 – сурет). Одан кейін сызбаның өрісін шектейтін ішкі жиек 2 жүргізіледі. Ішкі жиек пішімнің үстіңгі, оң және төменгі жақ шеттерінен 5 мм қашықтықта, ал сол жақ шетінен 20 мм қашықтықта жүргізілуі тиіс.
а) ә)
б)
1.1 – сурет. Сызба парақтарын рәсімдеу
1 – сыртқы жиек; 2 – ішкі жиек (сызба өрісінің жиегі); 3 – сызба өрісі; 4 – негізгі жазудың қосымша графасы; 5 – негізгі жазу.
А4 пішімінде негізгі жазу парақтың тек қана қысқа жағының бойында орналастырылады (1.1,б – сурет).
Пішімнің сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ сызбаларды іске (альбом түрінде) тігу үшін қалдырылады. Сызбаны орындап болған соң, қағаздың артығын сыртқы жиектің бойымен қиып алып тастау қажет.
1.1 – кесте. Негізгі пішімдер
Пішімдердің
белгіленулері
|
А0
|
А1
|
А2
|
А3
|
А4
|
Өлшемдері, мм
|
841 х1189
|
594 х 841
|
420 х 594
|
297 х 420
|
210 х 297
|
* Қажетті жағдайларда А5 (148 х 210) пішімін қолдануға болады
Сызбаның оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу 5 орналастырылады
Негізгі жазу. ГОСТ 2.104-68
Масштабтар
Сызықтық масштаб деп нәрсенің сызбадағы сызықтық өлшемдерінің
оның нақты сызықтық өлшемдеріне қатынасын көрсететін санды атайды.
Сызбада кескіндердің масштабы нәрсенің күрделілігіне, мөлшеріне байланысты ГОСТ 2.302-68 тағайындаған төмендегі реттен қабылданады:
кішірейту масштабтары .. ... 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40;1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000.
нақты шама ......................... 1:1;
үлкейту масштабтары ........ 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1.
Нәрсе кескінінің масштабына байланыссыз сызбада әр уақытта оның тек қана нақты өлшемін қояды.
Масштабты негізгі жазудың осыған арналған графасында былайша белгілейді – 1:1, 1:2, 2:1, т.с.с., ал қалған жағдайларда А (4:1), Б-Б (1:2) үлгісінде.
Достарыңызбен бөлісу: |