Сабақ күні/Дата занятия Мамандық пен біліктілік атауы



Дата13.03.2024
өлшемі40.82 Kb.
#495194
түріСабақ
сабак 29


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Наименование организации образования

КГКП «Костанайский колледж автомобильного транспорта» Управления образования акимата Костанайской области

Общие сведения:

Курс:

1

Топ/
Группа:

1Т-54, 1ЭЛ-21

Сабақ күні/Дата занятия




Мамандық пен біліктілік атауы

1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану»

Атауы
модуль/пәндер:

химия

Сабақтың тақырыбы

Металдар мен қорытпалардың коррозиясы және онымен күресу шаралары.

Сабақтың типі:

Біріктірілген

Өткізу орны:

409

Сабақтың мақсатты:

Коррозиямен күресудің түрлері мен әдістерін біледі

Бағалау критерийлер:



1. Коррозияны, оның пайда болу себептерін және металл конструкциялары мен автомобиль конструкцияларының қызмет ету мерзіміне кері әсерін түсіндіреді.

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар:

жұптық жұмыс, интерактивті әдістер

Қажетті ресурстар:



Компьютер, проектор, презентация, ПСХЭ

Қосымша дереккөздер (әдебиет)/Дополнительные источники (литература):



moodle

Ө/о шеберінің байланыс ақпараты/ Контактная информация преподавателя:

Т.А.Ә./Ф.И.О.: Тойшыбекова Г.И.

Тел.:
E-mail:

САБАҚ БАРЫСЫ/ ХОД ЗАНЯТИЯ

Сабақтың барысы



Уақыты

Оқытушы әрекеті



Суденттер
әрекеті



Учебные ресурсы и материалы

1

2

3

4

5

1.Ұйымдастыру кезеңі




Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбымен таныстырады



Мұғаліммен сәлемдесу.
Бейнефильмді көріп, сабақтың тақырыбын тұжырымдаңыз



Видео ресурс

2. Үй жұмысын орындауын тексеру




Сабақтың өткен тақырыбын кесте толтыру арқылы меңгертуді жүзеге асырады

Тапсырмаларды орындау



Карталар



3. Негізгі кезеңде білім алушылардың жұмысқа дайындығы




Бұрын оқылған материалмен параллель сызады.

Бұрын өтілген тақырып бойынша сұрақтарды есте сақтау және жауап беру



Презентация

4. Жаңа білім мен әрекет амалдарының қалыптасуы




Оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, жаңа материалды меңгеруге жағдай жасайды

Проблемалық сұрақтарға жауап беріңіз



Презентация

5. Өткен материалды түсінуінің алғашқы тексерісі




Материалдың игерілу деңгейін тексереді

сұрақтарымен алмасу.






6. Жаңа білім мен әрекет амалдарын бекіту




Тапсырмалардың орындалуына жеке бақылауды жүзеге асырады



Өтілген материалды бекіту үшін оқушылар жеке жұмыс жасайды

Карточкалар

7.Білім мен әрекет амалдарын қолдану




Тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.







11. Үй жұмысы туралы ақпарат беру




ү/ж орындау бойынша түсініктемелер береді



ү\ж жазады.
Егер оларға ү/ж аяқтау қиын болса, сұрақтар қояды






12. Сабақтың қорытындысы мен рефлексия




Рефлексия жүргізеді



Рефлексияға жауап береді



Презентация

Оқытушы:_______________
Сабақтың тірек-конспектісі


Металдардың коррозиясы және онымен күресу жолдары.
Коррозия дегеніміз - металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен иондануы, бұзылуы, нәтижесінде металдық қасиетінің жойылуы. Яғни, коррозия кезінде металдар тотығып ион күйіне көшеді.

Ме0 – ne → Me

Металдардың бүліну процесі коррозия латынша: (corrodere –желіну) деп аталады.


Жемірілудің келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін. Коррозияның әсерінен дүние жүзінде балқытылған металдардың және оның құймаларының 10 коррозияға ұшырайды екен.

Коррозияның жіктелуі: Коррозияның түрлері



1.Химиялық:Электр тогын туғызбайтын, бейэлектролиттер-құрғақ газдардың:СІ2, СО2, SO2 әсерінен жүреді. Бұған газ құбырларының, зымыран қондырғыларының түрлі тетіктері ұшырайды. Металдарды жоғары температурада өңдегенде, химиялық жемірілу жүруі мүмкін.


  • Химиялық коррозияның мысалдары:

  • 3Fe + 2O2 → Fe3O4

  • 2Fe + 3Cl2 → 2FeCl3

  • Cu → CuO(жай)→CuSO3

қызғылт қара жасыл

2.Электрохимиялық: электролит ерітінділерінде әртүрлі металдардың жанасуы кезінде, электр тогын тудыра жүреді.Өзен мен теңіз суларындағы кеме корпустары мен гидроқондырғылардың болатты арматураларын тат басуы, қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен жанасатын химиялық өнеркәсіптің қондырғылары және жер астындағы құбырлардың бүлінуі мысал бола алады. Электрохимиялық жемірілу кезінде электрондарды беру процесі жүріп қоймайды, бір жерден екінші жерге электрондардың ауысуы жүреді, яғни электр тогы пайда болады.

Бейтарап орта:
4Fe(OH)2+2H2O+O2=4Fe(OH)3
анод(Fe): Fe0 – 3e → Fe3+
катод(Сu): O2 + 2H2O + 4e → 4OH-

Қышқылдық орта:
Fe + 2HCl = FeCl2 + H2
анод(Fe): Fe0 – 2e → Fe2+
катод(Сu): 2H+ + 2e → H20

Коррозиядан қорғау:

  1. Қаптау (металдық, бейметалдық)

  2. Жемірілуге қарсы құймалар

  3. Сүйеніш (протектор) қорғаныш.

  4. Орта құрамын өзгерту (ингибитор) деаэрация

  5. Металдарды жаңа конструкциямен ауыстыру.



Металдарды коррозиядан сақтаудың
негізгі әдістері


1.Қорғайтын қаптама қолдану
1) металл бұйымдарды басқа металдармен қаптайды
( никелдеу, хромдау, т.б)
2)Металл бұйымдарды лактайды,сырлайды, кіреукелейді



2.Коррозияға төзімді құйма дайындау
Машина бөлшектерін және тұрмыстық нәрселерді тот баспайтын және басқа коррозиға тұрақты құймаларды дайындау.



3.Қорғаудың электрохимиялық әдістері.
1)Активтірек металдан жасалған тойтарма қолдану.
2 )Негізгі металл бұйымды қорғау үшін активтірек металл тақташасын жапсыру.
3)Коррозия кезінде пайда болған токты қарама-қарсы бағытта тұрақты ток жіберіп бейтараптау.



4.Орта құрамын өзгерту
Басытқылар қосу, деаэрация.


Эксперименттік бөлім.

Алдын – ала қойылған тәжірибелер нәтижесі нені көрсетті?



  1. Fe + су

  2. Fe + NaCl ерт

  3. Fe + Сu (NaCl ерт)

  4. Fe + Zn (NaCl ерт)

  5. Fe + (NaCl +NaОН)ерт

Бірінші сынауықпен салыстырғанда екінші сынауықта су биігірек көтерілген,тұнбаның мөлшері де көп,демек,коррозия күшті жүреді.Ас тұзының ерітіндісі,дәлірек айтқанда,хлорид-ион темірдің бүлінуін тездетеді.Екінші сынауық пен бесінші сынауықты салыстырсақ,бесіншіде коррозия жүрмегенін байқауға болады.Екі сынауықтың айырмашылығы –біреуінде гидроксид-аниондары бар,ол коррозияны тежейді.Үшінші және төртінші сынауықтың ерітінділері бірдей,айырмашылығы-темір бір жағдайда белсенділігі аз металл-мыспен,екінші жағдайда белсенді металл-мырышпен жанасып тұр.Екеуін жеке тұрған бірінші сынауықпен салыстырамыз.Мыспен жанасқан үшінші сынауықтағы темір көбірек бүлінген.Мыс темірдің бүлінуін күшейтеді.Төртінші сынауықта керісінше құбылыс байқалады.Темір сақталып,белсенді металл мырыш бүлініп,мырыш гидроксидінің ақ тұнбасы түзіледі.
Қорытынды жасау:Ерітіндісі бірдей ортада екі металл жанасқанда алдымен белсенді металл бүлінеді.Белсенділігі әртүрлі металдардың түйісуі,электролиттік ортаның болуы жемірілуге әкеледі.
Ротация. Әр топқа сұрақ беріледі.
I-топқа: Барлық металдар жемірілуге бірдей ұшырай ма?
II-топқа. Мырыш пен күкірт қышқылы арасындағы реакцияның біртіндеп баяулап, ал мырышқа мысты жанастырғанда тезірек жүруі неліктен? (тәжірибе)
III-топқа. Не себепті қазір дүние жүзінде металдардың коррозияға ұшырауы артып отыр?
Сұрақтармен алмасып жауап беріліп, соңында әрбір топ өзіне берілген сұраққа дәлелдемелермен талдау жасап, қорытынды жауабын айтады.

Ассоциация. Оқушылар өтілген материал бойынша « кластер»құрастырады(коррозия сөзімен байланысты ұғымдарды жеке сөздер немесе сөз тіркестері арқылы көрсету):
Мысалы:металдардың бүлінуі,зиянды процесс,тотығу-тотықсыздану реакциясы,...




коррозия



Сабақ басында сайланған эксперт


сынып жұмысын талдап ,сабақ соңында қорытынды жасайды:
Сынып белсенді жұмыс істеді ме? Ең белсенді оқушы? Бір-бірін тыңдады ма? Кім сұрақты қайталады? Кім жұмыс істеген жоқ? Сұраққа жауаптар қалай (толық,дұрыс,сөйлемі) айтылды? Жоспарланған материал қарастырылып үлгерілді ме? Сынып жұмысына баға.
Бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар
І-деңгей
Мына жұптардағы қай металл коррозияға ұшырайды:
Al-Fe,Zn-Fe,Fe-Cu?

ІІ-деңгей

FeCl2


FeCl3 Fe Fe3О4

Fe(ОН)3


ІІІ-деңгей
Тұз қышқылы ерітіндісінде темірге мырыш жанастырылды.Осы құбылыстың сызбанұсқасын және реакция теңдеуін жазыңдар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет