Сабақ Лексикалық тақрып



бет1/3
Дата22.08.2022
өлшемі25.59 Kb.
#460000
түріСабақ
  1   2   3
3саб 1сем


  1. Сабақ

Лексикалық тақрып: Білім жүйесі.
Грамматикалық тақрып: Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді білу, меңгеру және мағыналарын түсіну; сөйлеу әрекеттері барысында қолдану. Түбір сөздің, күрделі сөздердің, атаулық тіркестердің тәуелденуі, жіктелуі, септелуі/тәуелдене септелуі (оңаша және ортақ тәуелдену). Мөлшер ұғымын білдіретін бірнеше, біраз, бірталай, көптеген, талай т.б. сөздердің қолданылуы.
1. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Білім беру жүйесі - білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл.
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады және бакалвриатты тәмамдап, белгілі бір мамандық бакалавры дәрежесін алады. Оқу мерзімі – 4-5 жыл.
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді Республика азаматтары магистратурада, докторантураларда оқып, магистер мен PhD докторлары дәрежелерін атақтарын алуға мүмкіндігі бар, ғылыми кадрларға деген қажеттілікті қамтамасыз етеді.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет