Сабақ Лексикалық тақрып : Адам және руханият Грамматикалық тақрып: Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді білу, меңгеру. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз



бет1/3
Дата02.11.2023
өлшемі18.6 Kb.
#482228
түріСабақ
  1   2   3
1-сабак


1-Сабақ
Лексикалық тақрып: Адам және руханият
Грамматикалық тақрып: Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді білу, меңгеру.
1. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
РУХ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
1. Рух – ол идеалды бастаманы білдіретін ұлттық формадағы жалпы азаматтық құбылыс. Ол – рухани күш-қуат, батылдық. Ұлттық рух – ұлтыңа деген сүйіспеншілігің. Ұлттық рухтың негізі – өз ұлтыңның болмысын қаныңа, жаныңа, тәніңе сіңіре білу, тілін меңгеріп, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білу, ұлтың үшін бар іс-әрекетке батыл бару.
Ұлттық рухтың қайнар көздері:
-Табиғатпен үйлесімділік, табиғаттағы өзгерістерді тани отырып, ауа райын жұлдыз арқылы болжап әрекеттену;
- сөзге тоқтап, сөз бостандығын сақтау;
-ұлттық рухтың қайнар көзі – жеті атаға дейін қыз алыспау нәтижесінде тектілікті, қан тазалығын сақтап қалу;
-әркім өзінің аталас бауырына қамқорлық көрсетіп, жетімін жылатпай, жесірін жалғыз қалдырмау;
- осы айтылғандардан туындайтын негізгі ұлттық тәрбие, ар мен ұят мәселесін алдыңғы қатарға шығара білу.
2 .Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.
АДАМГЕРШІЛІК ДЕГЕН НЕ?
3. Адамгершілікқоғамдық талапқа сай өмірде ізгілікті, инабаттылықты білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік –асыл ізгі қасиет. Ол – ар-ождан, намыс, абырой, мінез және ұят. Адамның өзгелерге жақсылық тілейтін жүрегі кең, ниеті аппақ мөлдірдей, бүкпесіз түзу, ойы сара, басқа да адами таза асыл қасиеттері көп болса, әркез құрметтеледі. Адамдармен шынайы, ықыласпен қарым-қатынас жасап, сыйласып, ниеттестік білдіріп, өз ісіңе, айналаңа адал болу – адамгершіліктің биік шыңы.
Адамгершілігін жоғалтқан адам – надан. Оны жоғалтып, қайта тауып алатын зат емес, оны сақтай білген жөн. Адамдар малымен емес, арымен мақтанатын болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет