Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру



бет22/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Мәтіндік құжат құру.
Мәтін клавиатурадан символдық түрде енгізіледі. Бас әріп салу үшін Shift пернесін басып тұрып қажетті әріпті салу керек. Абзац соңында Enter пернесін басу керек. Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру үшін Caps Lock пернесін басып бас әріптер режимін іске қосу керек. Қателеcкен жағдайда меңзердің сол жағындағы символды Backspace пернесімен өшіреді. Ал оң жағындағы символды Delete пернесімен өшіреді. Меңзерді мәтін ішінде меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжытуға болады. Мәтіннің блогын жою үшін оны белгілеп алып, Delete пернесін басу керек. Қазақ, орыс және латын әріптерін енгізу режимдерін Shift +Alt пернелері комбинациясын қолданып өзгертуге болады. Цифрларды оң жақтағы цифрлық пернетақта көмегімен жазады. Оны Num Lock пернесін басып іске қосады.


Мәтінді сақтау.
Мәтінді алғаш сақтаған кезде Файл-Сохранить как.. командасын қолданып сақтайды. Мұнда ашылған терезеде Папка өрісінен файлды сақтайтын папканы таңдап, Имя файла өрісінде файлдың атын енгізіп, Сохранить батырмасын шертеді.
Бұрын сақталған файлға өзгеріс енгізіп қайталап сақтаған кезде Файл-Сохранить командасын орындайды. Мұнда файл бұрынғы атымен, бұрын сақталған папкасында сақталады.


Мәтіндік құжатты ашу.
Бұрын сақталған файлды ашу үшін Открыть'>Файл-Открыть командасын орындайды. Ашылған терезенің Папка өрісінен файл сақталған паканы таңдаған кезде , терезенің негізігі бөлігінде сол папканың мазмұны көрінеді. Сол папканың ішінен қажетті файлды белгілеп Открыть батырмасын шерту керек.


Қате тексеру.
Қалып қойған сөзді немесе әріпті енгізу үшін меңзерді керекті жерге қойып, сөзді немесе әріпті енгізеді.
Абзацты бөлу үшін меңзерді абзац басталатын сөздің алдына апарып, Enter пернесін басу керек.

Жұмыс столында Практикалық жұмыстың тапсырмалары жазылған Word мәтіндік процессорының шаблоны әзірленген. Оқушылар осы шаблонды ашып, ондағы тапсырмаларды орындап, өз құжаттарын сақтап қояды. Сабақтан соң жұмыстары тексеріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет