Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Word процессорында кестені екі түрлі әдіспен қоюға болады. Бірінші: Таблица-Добавить таблицу



бет31/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Word процессорында кестені екі түрлі әдіспен қоюға болады.
Бірінші: Таблица-Добавить таблицу командасы көмегімен
Екінші: аспаптар тақтасындағы Добавить таблицу батырмасын пайдаланып.
Бірінші жолмен кесте қою үшін Таблица-Добавить таблицу командасын орындаған соң экранға Вставка таблицы терезесі шығады. Число столбцов өрісінде баған санын, число строк өрісінде жол санын енгізіп, ОК батырмасын шертеді.
Құжатқа енгізілген баған мен жол саны бойынша кесте енгізіледі. Кестедегі бағанның енін бағаналар арасындағы шекараларды маус көмегімен жылжытып өзгертуге болады. Ал жол биіктігін де осы тәсілмен өзгертуге болады.
Кестенің ұяшықтары арасына ауысу үшін меңзерді басқару пернелерін немесе маусты пайдалануға болады.


Ұяшықтарды қосу және өшіру, біріктіру.
Кей кезде дайын кестеге баған немесе жол немес ұяшық қосуға болады. Кестеге баған немесе жол қосқанда деректердің жаңылысуы болмайды. Ал ұяшық қосақанда мұқият болған жөн. Ұяшық, немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица-Добавить ячеек командасын орныдаңдар. Добавление ячеек терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннанкейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсету керек. Дайын кестеге көбіне жаңа ұяшық қосу көп қолданылмайды.
Кестеге жаңа баған қосу үшін жанына жаңа баған орналасатын бағанды белгілеп, Таблица-Добавить столбцы командасын орындайды.
Кестеге жаңа жол қосу үшін жанына жаңа жол орналасатын жолды белгілеп, Таблица-Добавить строки командасын орындайды.
Кестедегі жаңа жол, баған немесе ұяшықты өшіру үшін оны белгілеп Таблица-Удалить ячейки командасын орындаймыз. Удаление ячеек терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы немесе жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
Жолдардың көрші ұяшықттарындағы ақпаратты біріктіріп, оларды бір ұяшыққа жазу үшін осы ұяшықтарды ерекшелеп, ТАблица-Обьединить ячейки командасын орындайды. Нәтижесінде ерекшеленген ұяшықтардағы ақпараттар бір ұяшыққа біріктіріледі.
Кестенің ккейбір ұяшықтарын бірнеше ұяшыққа бөлу үшін бөлетін ұяшықты белгілеп, Таблица-Разбить ячейки командасын орындайды. Разбиение ячеек терезесінде число столбцов өрісіне қажет бағана санын, число строк өрісіне қажет жол санын енгізіп ОК батырмасын шертеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет