Сабақ мақсаты: «Менеджмент»



Дата09.07.2016
өлшемі213.75 Kb.
#187618

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС






ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ЖҮРГІЗУГЕ

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС

ЖОО аты: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

Кафедра: «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг»

Пән «Мамандыққа кіріспе»

Мамандық 5В050700 - «Менеджмент»

Оқу сағатының (кредит) көлемі - 45 сағ (1 кредит)

Тәжірбиелік (семинарлық) сабақ - 10 сағ

Студенттердің өзіндік жұмысы

оқытушының басшылығымен (СОӨЖ) - 7 сағ

Барлығы аудиториялық - 17 сағ

Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) - 28 сағ

Курс - 1 Семестр – 1

Алматы

2012


Тәжірбиелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқауы «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг» кафедрасында қарастырылып, бекітілді. Хаттама № «____»__________2012 ж.

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. Жаксығұлова Г.К.



Тақырып 1 Мамандыққа кіріспе: кіріспе бөлім – 3 сағат

Сабақ мақсаты: «Менеджмент» мамандығын түсіну, менеджердің квалификациялық мінездемесін ашу, «Менеджмент» мамандығы бойынша негізгі пәндермен танысу

Оқу міндеттері: студенттерге білім беру

- ұйым менеджерін кәсіби дайындау құрылымы жөнінде;

- мамандық бойынша дайындау процесінде меңгеретін пәндер мен сабақтар жөнінде.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. «Менеджмент» мамандығының түсінігі

  2. Маман ретінде менеджердің квалификациялық сипаттамасы

  3. Жалпы білім беру міндетті пәндердің қысқаша сипаттамасы және шолу

  4. Базалық пәндермен танысу және шолу

  5. Профильді пәндерге шолу

  6. Оқу және өндірістік тәжірибе мазмұнының қысқаша сипаттамасы

Білім беру мен оқыту әдістері: Пікір-талас. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікір-талас, ауызша жауап.

Бақылау сұрақтары

  1. «Менеджмент» мамандығы:түсінігі мен мазмұны.

  2. «Менеджмент» мамандығы бойынша студент қандай пәндерді оқуы керек?

  3. Ұйым менеджерін кәсіби дайындау үшін оқытылатын пәндердің қысқаша сипаттамасы.

  4. Оқу және өндірістік тәжірибенің арналымы қандай?

  5. Тәжірибеге қалай дайындалған дұрыс?

  6. Тәжірибенің мазмұны неде?

  7. Тәжірибе есебін рәсімдеу талаптары қандай?

  8. Тәжірибе есебін қабылдайтын комиссия неге көңіл аударады?

«Менеджмент пәні және функциялары» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 2 Менеджерді оқыту курсының мазмұны – 1 сағат

Сабақ мақсаты: менеджер-маманының кәсіби мінездемесін ашу, менеджер-маманын дайындаудың маңызды құрама бөліктерімен танысу.

Оқу міндеттері: менеджердің мінездемесі және оны арнайы дайындау жөнінде білім алу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Маманның кәсіби сипаттамасы

  2. Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық

  3. Ғылыми дайындық

  4. Жалпы білім дайындығы

  5. Арнайы дайындық

Білім беру мен оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша конспект жазу, тақырып бойынша сұрақтарды ауызша талқылау

Бақылау сұрақтары

  1. Менеджер-маманы кім?

  2. Менеджер-маманы қандай білімді меңгеруі қажет?

  3. Менеджерді дайындау қандай болуы керек?

  4. Менеджерді арнайы дайындаудың мазмұны неде?

Командалық жұмыста қарастырылатын тақырыптар:

1. Іскерлік функция: мазмұны, құрылымы және іскер адамдар типологиясы.

2. Басқару және өзін-өзі басқарудың негізгі ресурстары. Оқыту нәтижесін түсіну.

«Денсаулық сақтаудағы менеджер ролі» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 3 «Менеджмент» мамандығының негіздері - 2 сағат

Сабақ мақсаты: менеджмент мәні мен мазмұнын, оның функцияларын, міндеттері мен әдістерін қарастыру.

Оқу міндеттері: менеджмент негіздері жөнінде білім алу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Менеджмент мәні және мазмұны

  2. Менеджмент тарихы

  3. Менеджмент функциялары

  4. Менеджмент міндеттері

  5. Менеджмент әдістері

Білім беру мен оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша конспект жазу, тақырып бойынша сұрақтарды ауызша талқылау, жазбаша тапсырманы орындау

Бақылау сұрақтары

  1. Ұйымдағы менеджменттің ролі қандай?

  2. «Менеджмент» түсінігінің әртүрлі анықтамаларын талдаңыз және олардың өзара байланысын көрсетіңіз.

  3. Менеджмент мектептерін атаңыз.

4. Менеджменттің негізгі міндеттерін атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

5. Менеджмент функцияларының мазмұнын ашыңыз.

6. Менеджмент функцияларының ішінен бастысын ерекшелеуге бола ма?

7. Басқару әдісінің біреуін таңдауда, басшының әрекеті қандай болады?

8.
Пікір-талас сұрақтары:


  1. Сіз қалай ойлайсыз, менеджмент ғылым ба әлде өнер ме? Сізге белгілі менеджерлер неге сүйенеді: тәжірибеге ме, интуицияға ма немесе теорияға ма?

  2. Менеджмент туралы алған біліміңіз негізінде тиімді менеджерге қажетті қасиеттерді анықтап көріңіз.

Рольдік ойындар:

  1. Денсаулық сақтаудағы және ірі өндірістік компания менеджері. Рольдерді және менеджменттегі табыстың қажетті ресурстарын сипаттаңыз.

Жазбаша тапсырма:

  1. Адам қатынасы және іс-әрекет ғылымы мектептерінің негізгі артықшылықтары тізімін құрыңыз. Оларды талдаңыз және басқарудың рационалды тәсіл мектептерімен салыстырыңыз.

2. Оқулықты, ғылыми әдебиетті және периодты басылымды қолданып медициналық ұйымды басқару объектісі ретінде талдаңыз.

«Менеджердің жеке тұлғалық қасиеттері» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 4 Персоналды менеджмент негіздері – 1 сағат

Сабақ мақсаты: жеке еңбекті тиімді ұйымдастыру үшін персоналды менеджмент негіздерін оқу.

Оқу міндеттері: студенттердің өзін-өзі басқару тәсілдері мен әдістерін, өз еңбегін рационалдау, сендіру техникасы, өз жұмыс қабілеттігін арттыру дағдысын меңгеруі.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Персоналды менеджмент мақсаты

2. Персоналды менеджмент функциялары және техникасы

3. Персоналды менеджмент жүйесі

4. Жоспарлау және мақсатты анықтау

5. Жұмыс уақытын үнемдеудің негізгі ережелері



Білім беру мен оқыту әдістері: шағын топтарда жұмыс: ситуациялық есепті шешу

Бақылау сұрақтары

    1. Персоналды менеджмент дегеніміз не?

    2. Оның негізгі мақсаты қандай?

    3. Өзіңді басқару қабілеті дегеніміз не?

    4. Тиімді басқаруға қажетті адамның қасиетіне не қосар едіңіз?

Ситуациялық тапсырма:
Ситуация 1. Сіздің «достық» ұжымыңызға жаңа адам келді. Ол тамаша маман және оның қасиеттері менеджердің көптеген жақсы қасиеттеріне сай. Уақыт өте бұл жағдай дәлелденді, бірақ жоғары ұйымдастырушылық пен мұқияттылықты талап ететін шұғыл тапсырмаларды орындауда оның жұмыс сапасы төмендейді. Сіз оны сұхбатқа шақырасыз және айтасыз: .....
Ситуация 2. Менеджерді жұмысқа қабылдағанда Сіз тиімдірек жұмысқа сенесіз, бірақ нәтижесінде сеніміңіз ақталмады, өйткені оның менеджер тән маңызды қасиеті – тәртіптілік жоқ. Оның міндеттілік, жинақтылық қасиеті жоқ және бас тарта алмайды. Бірақ өз қызметінде жақсы маман. Сіз бұл жағдайды қалай шешесіз?
Ситуация 3. Сізге өзіндік менеджмент артықшылықтарына арналған анкетаны толтыру ұсынылды. Қандай артықшылықтар ең маңызды және қайсысы менеджердің өмірлік мақсатын қоюға көбірек әсер етеді? «Ұйымдастырушылық» графасына қандай анықтама бере аласыз? Өз жауабыңды дәлелдеңіз.


Тест:

«Өз «Мен»-імді басқару қабілеті»


Персоналды менеджмент - өзін–өзі ұйымдастыру қасиетін дамытуға бағытталған қызмет. Бұл тест Сізге тұрақтылық және өзіңізді басқара алу дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Төрт баллдық жүйені қолданып өзіңіздің төмендегі тұжырымға көз қарасыңызды анықтаңыз: «Мен бұл туралы өте жиі ойлаймын» – 4 балл; «жиі» – 3 балл; «кейде» – 2 балл; «анда санда» – 1 балл; «ешқашан» – 0 балл.

1. Менің достарымның мені итермелеуін қалаймын.

2. Мен өзіме берілген жұмысқа жауаптылығымды үнемі сезінемін.

3. Мен өз болашағымды уайымдаймын.

4. Көп адамдар мені жек көреді.

5. Менің инициативам басқалардан аз.

6. Мен өзімнің психикалық жағдайымды уайымдаймын.

7. Мен ақымақ болып көрінуден қорқамын.

8. Басқалардың сыртқы түрі менікінен жақсы.

9.Мен бейтаныс адамдар алдында сөз сөйлеуден қорқамын.

10. Мен жиі қателіктер жіберемін.

11. Менің адамдармен қарым-қатынас жасай алмауым өкінішті.

12. Өзіме деген сенімділіктің жеткіліксіздігі өкінішті.

13. Менің іс-әрекетімді басқа адамдардың жиі мақұлдағанын қалаймын.

14. Мен өте қарапйыммын.

15. Менің өмірім пайдасыз.

16. Көп адамдар мен туралы дұрыс емес пікірді ұстанады.

17. Менің өз ойымды бөлісетін адам жоқ.

18. Адамдардың менен күтетіндері көп.

19. Адамдар менің жетістіктеріме оншалықты қызықпайды.

20. Мен аздап ұяламын.

21. Мен көптеген адамдардың мені түсінбейтінін сеземін.

22. Мен өзімді қауіпсіздік жағдайда сезінбеймін.

23. Мен бекерге уайымдаймын.

24. Мен адамдар отырған бөлмеге кіргенде ыңғайсызданамын.

25. Маған адамдар менің сыртымнан мен туралы айтатын сияқты.

26. Мен өзімді ынжықпын деп сезінемін.

27. Мен адамдардың барлығы маған қарағанда жеңіл қабылдайтынына сенімдімін.

28. Маған әрқашан қандай да бір жағдайсыздық болатын сияқты.

29. Адамдар маған қалай қарайды деген ой мені мазалайды.

30. Менің онша ашық еместігім өкінішті.

31. Бәстесу кезінде мен өз ойымды дұрыстығыма сенімді болғанда ғана айтамын.

32. Мен қоғамның менен не күтетінін ойлаймын.



«Өз «Мен»-імді басқару қабілеті» тест тапсырмасының кілті


25 балл және одан төменСіз өз әрекетіңізге сенімдісіз. Сіздің «Мен»-іңіз жеткілікті тұрақты, және бұл Сізді өз сұхбаттасушыларыңызбен қарым-қатынаста оншалықты икемді етпейді. Өз әрекетіңізге сенімділігіңізді төмендетпей икемдірек болуға, басқалармен жақындасуға тырысыңыз.

26 баллдан 45 баллға дейінСіздің «Мен»-ге сенімділігіңіз бен тұрақтылық деңгейіңіз орташа. Бұл деңгейде «Мен»-дік тұрақтылығы ауытқымалы бола бастайды. Жаттығыңыз, сенімділікті жоғарылатуға тырысыңыз.

46 балл және одан жоғарыСіздің «Мен»-ге сенімділігіңіз бен өзіңізді бағалау деңгейіңіз төмен. Бұл өзіңізге критикалық ескертпе, өз әрекетіңіздің дұрыстығына күмандануды уайымдау. Өз еркіндігіңіз бен мақсатқа ұмтылуыңызды нығайту керек.

«Кадрлық саясат және жұмыскерлерді ынталандыру» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 5 Мансап технологиясы – 1 сағат

Сабақ мақсаты: өз еңбек болашағың жөнінде жеке болжамыңды түсіну үшін мансапты ұйымдастыру технологиясын, қзінөқзі көрсету жолдары мен еңбекке қанағаттануды қарастыру.

Оқу міндеттері: өз қажеттілігіне сүйеніп болашақты, мансапты жоспарлау дағдылары мен білімін алу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Мансап және кәсіп: мәні, таңдау, табыс

  2. Жеке қабілеттердің мансапқа әсері

  3. Жұмыс орнын іздеу әдістері

  4. Өзін-өзі жарнамалау: анкета, резюме, жолсерік хаттар, телефон шалу

  5. Жұмысқа қабылдау кезінде сұхбаттасу және келісім-шарт жасау

  6. Жұмыс орнындағы табыс: кәсіби факторлар, қызмет бабы бойынша жоғарылау

Білім беру мен оқыту әдістері: Жазбаша тапсырманы орындау

Бақылау сұрақтары:

  1. Еңбек нарығындағы өзгерістер дегеніміз не?

  2. Жұмыс іздеуде мінездің қандай қасиеттері көмектеседі?

  3. Мансапты таңдауда немен басшылық жасауға болады?

  4. «Жұмыс» түсінігіне анықтама беріңіз.

  5. «Жұмыс» түсінігі қандай үш элементті қамтиды?

  6. Жұмыс орнын іздеудің негізгі ережелерін атаңыз.

  7. Жұмыс орнын іздеудің негізгі әдістерін атаңыз.

  8. Жұмыс орнында қалай тез бейімделуге болады?

  9. Жұмысқа тұруда өзін-өзі жарнамалау дегеніміз не?

  10. Сауалнамадағы негізгі сұрақтарды атаңыз.

  11. Хронологиялық жазбамен жасалған резюменің негізгі блоктарын атаңыз.

  12. Телефонмен сөйлесуге қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.

Ситуациялық тапсырма:
Ситуация 1. Сіз ұйымыңызға бос жұмыс орынына кандидаттарды іріктеу жүргізіп жатырсыз. Кейбіреулерімен сұхбаттасуда олардың Сіздің ұйымға жұмысқа тұру мақсатын қоймайтынын анықтадыңыз. Сіз жұмысқа қандай адамдарды қабылдайсыз: Сіздің ұйымда жұмыс істеуге тырысатын адамдарды ма, әлде басқа критерийлерге жүгінесіз бе?
Ситуация 2. Сіздің бөлімнің жаңа жұмысшысы үнемі өзіне берілген тапсырманы әріптесіне қарағанда жақсы және тезірек орындайтынын айтады. Бірақ шындығында олай емес. Сіз оны сұхбатқа шақырып, айтасыз: .....
Ситуация 3 Сіз жұмыс іздеп жүрсіз. Кезекті конкурстық іріктеуде Сізге анкета толтыруды ұсынды. «Тегі.Аты.Әкесінің аты.», «Жынысы», «Кәсібі» графаларын Сіз автоматты түрде толтырдыңыз, ал «Мақсат» графасына келгенде Сіз тоқтап қалдыңыз. Іріктеуден өтетіндей және жұмыс берушіні қызықтыратындай мақсатыңызды анықтаңыз.

Жазбаша тапсырма:

  1. Әр студент жеке өзін тестілейді «Мансапты жүзеге асыру жолдары».


1. Қандай тәсілмен ақшаны тез табуға болады?

а) Көп жұмыс істеу керек, жақсы ақпараттану керек, тәуекелге бел буып бар ақшаны іске салу керек.

б) «Атаның» мұрасына сеніп, лотереядан үміттену.

в) Ақырындап басшылыққа дейін барлық деңгейден өтіп мансап жасау керек немесе саясатпен айналысу керек.


2. Пайданың қандай мөлшері, Сіздің ойыңызша, бай болған адамдарды келісім-шарт жасауға итермелейді?

а) жарты миллионнан бір миллионға дейін.

б) 10 млн. дейін

в) Ондаған миллион және одан жоғары

.

3. Қай ұйғарыммен Сіз келісесіз?

а) Ақша неғұрлым көп болса, соғұрлым рахаттану көп болады.

б) Ақша билікті білдіреді.

в) Ақша қызғанушылықты көбейтеді

.

4. «Хат бойынша» ойынының тәртібі бойынша конвертке Сіз аздаған ақша суммасын саласыз, одан кейін төлеуге дайын тағы да бір «құрбан адамды» іздейсіз, нәтижесінде сіз салымыңызды еселеп қайтарып аласыз. Бұл жағдайда сіз қандай роль ойнауға дайынсыз?

а) Қатыспайсыз.

б) Қатысасыз және ақша табасыз.

в) Ойын инициаторы боласыз.


5. Қандай да бір газеттің «Жарқын өмір» бөлімінде сіз жөнінде жазуға мән бересіз бе?

а) Мен оған қуанар едім.

б) Жоқ.

в) Мен туралы онсыз да көп жазады.


6. Ат жарысында қалай жеңуге болады?

а) Жоғары ставкаға бел буу керек.

б) Ат жарысына қатысып қана, ақшаны үнемдеу керек.

в) Жеңімпаз ат сатып аласыз.



7. Сіздің ойыңызша кімнің тез және сенімді түрде бай болуға шансы бар?

а) Режиссер, актер, жазушы, суретші, спортсмен-рекордсмен.

б) Адвокат, дәрігер, маклер, саясаткер.

в) Фирма басшысы, баспа иесі.



8. Достар арасындағы бизнеске қалай қарайсыз?

а) Мен достарыма ақша беруге дайынмын — кейін олар да маған қарыз береді.

б) Ақша мен достық бір-бірімен ұйқаспайды.

в) Мен достарымнан қарыз алуға дайынмын, бірақ бере алмаймын.



9. Егер Сіз миллионер бола алсаңыз, сіз бұл сезіммен рахаттанар ма едіңіз?

а) Әрине.

б) Мен өз сезімімді маған сенген және жоғарыдан қараған адамдардың барлығына көрсетер едім

в) Жоқ.


10. Сіз миллиондарыңызды қайда салар едіңіз?

а) Жылжымайтын мүлікке, мүлікке, өнер заттарының жинағына.

б) Акция және басқа да бағалы қағаздарға.

в) Мен әйелім (күйеуім) немесе туыстарым қалай шешсе, солай жасар едім.



11. Егер сізде миллион жұбы болса, сіз толқып ақша табуға тырысар ма едіңіз?

а) Аздаған сумма міндетті емес, бірақ ірі суммадан бас тартпаймын.

б) Әрине.

в) Жоқ, өйткені маған жетеді.



Келесі кесте бойынша баллдарыңызды есептеңіздер:

Сұрақ

1


2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

а

6

0

6

3

0

0

3

0

3

3

6

0

3

3

0

6

3

3

6

3

6

в

3

6

0

6

3

6

6

0

6

0


Қорытынды нәтиже:

О—16 балл: сіз үшін баюдың ең жақсы жолы – табысты үйлену немесе мұрагер болу не лотереядан ұту.

17—42 балл: байлық сіз үшін еңбекпен байданысты. Қаржылық алып-сатарлықтан қашыңыз. Мансап жасаңыз, бастықтың орнын аласыз. Бұл сізге миллион алып келмесе де, сіздің өміріңіз материалды түрде қамтамасыз етіледі.

43— 66 балл: сіздің миллионер болу шансыңыз бар. Сіздің коммерциялық тұрғыда ойлау қабілетіңіз бар, сіз ақша мен достықты ажырата аласыз. Сіз өзіңіздің шалқып өмір сүруіңізбен мақтанбайсыз, өз байлығыңызды шыдамды түрде көбейтуге тырысасыз.

.
2. Оқылған материалға сәйкес жұмыс орнын іздеудің негізгі әдістерін талдаңыз.
3. Арнайы басылымдарды қолданып сіздің қаладағы жұмыс күші нарығын талдаңыз.
4. Өзіңіздің мини-резюмеңізді құрастырыңыз.

«Мансап және кәсіп: мәні, таңдау, табыс» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 6 Менеджер және оның командасы: табыстылық тарихы – 1 сағат

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Менеджер қызметінің жаңа жағдайлары

  2. Таңдалған мамандықтың сәйкестігі

  3. Менеджер сапасы моделі

  4. Менеджер командасы: командалық жұмыс тиімділігі

  5. Көшбасшылық

Білім беру мен оқыту әдістері: тақырып бойынша сұрақтарды ауызша талқылау, шағын топтарда жұмыс: тақырып бойынша сұрақтарды талқылау

Бақылау сұрақтары

  1. Басқару еңбегінің мазмұны неде?

  2. Басшылық деген не?

  3. Менеджер еңбегінің соңғы өнімі не?

  4. Басшы кәсібіне сай тұлғаның қасиеттерін атаңыз.

  5. Басшы не істей алуы қажет?

Командада жұмыс істеу. Мәселелі сұрақтар:

    1. Адамның қандай да бір: не әсер ету, не авторитеті бар, не көшбасшылық қасиеті бар ситуацияны модельдеңіз.

    2. Ситуацияның қайсысы көп кездеседі?

    3. Заманауи көшбасшылардың қайсысы сізге көбірек ұнайды? Олардың іс-әрекетін талдаңыз. Сіз олардың қандай қасиеттерін алар едіңіз. Бұл сізге заманауи менеджердің іс-әрекетін қалыптастыруға көмектеседі? Неге?

    4. Заманауи көшбасшының әрекеті қандай болуы керек? Бұл ұйымның мақсатына байланысты ма? Неге? Көшбасшының әрекеті фирманың мамандану сипатына тәуелді ме? Мысал келтіріңіз.

    5. Сізді ұйытқысы әлсіз топ жетекшісіне (формальды көшбасшы) тағайындады. Бұл жағдайда сіз не істейсіз?

«Көшбасшылық: модельдер, негізгі сапасы және стильдері» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 7 Шешім қабылдау қажеттілігі және техникасы – 1 сағат

1. Шешім қабылдау техникасы

2. Мәселені белгілеу және баламаны анықтау

3. Оптимальды нұсқаманы таңдау

4. Шешімді жүзеге асыру және нәтижені бақылау

Білім беру мен оқыту әдістері: пікір-талас, тақырып бойынша сұрақтарды ауызша талқылау

Бақылау сұрақтары:

1. «Шешім қабылдау» деген не?

2. Шешім қабылдаудың негізгі этаптарын атаңыз.

3. Басымдылық деген не?

4. Шешім қабылдауда болатын негізгі қателерді атаңыз.

Рольдік ойын және командада жұмыс:

  1. Еңбек нарығы туралы нақты картина алу үшін Сіз бірқатар ұйымға телефон соқтыңыз. Сіз кадрларға қажеттілік немесе кандидаттарды конкурстық іріктеу туралы хабарландыру берген ұйымға телефон соқтыңыз. Сізге ұйым жөнінде керекті мәлімет алу қажет, бірақ хатшы Сізге ұйым туралы толық ақпарат бермейді, көбіне оны Сіздің кәсіби және жеке қасиеттеріңіз қызықтырады. Сіз айтасыз: ...
  2. Сіздің досыңыз ұзақ бір нәрсе жасауы, машиналар мен механизмдердің құрылғысы туралы журналдар оқуы мүмкін, басқаша айтқанда техникамен қызығады. Сіз музейге, театрға барғанды ұнатасыз, адамдар тез танысасыз, Сізге өз құрдастарыңызды немесе кішілердің әрекет етуге сендіру қиын емес.
ЖОО түсуді шешкен Сіздің досыңыз сізді бірге Сіздің аудандағы техникалық университетке түсуге көндіреді. Сіз не істейсіз?
  1. Жаңадан вакансия ашылды. Сізді ол өте қызықтырды, бірақ Сіздің ондай қызметпен айналысу тәжірибеңіз жоқ. Бірақ Сіз өзіңізді жақсы ұсынғандықтан достарыңыз Сізді шешім қабылдауға көндіреді. Сіздің ойыңызша қабілетіңіз тәжірибеңіз жеткіліксіз болса да бұл лауазымды алуға болады. Сіз не істейсіз?
  2. Сізді жоғарылатуды ұсынды. Жаңа лауазым төлемі жоғары және атақты. Бірақ бұл жұмыс Сізді қанағаттандыра ала ма Сіз оны білмейсіз, тіпті қанағаттандыра алмайды деп ойлайсыз.Сіз не істейсіз?
  3. Мансапқа адамның бірқатар жеке ерекшеліктері әсер етеді. Табысты менеджерде болатын сипаттың 10 қасиетін жазбаша жазыңыз.

«Басқарушылық шешімдер: түсінігі, ролі және менеджменттегі орны» тақырыбына реферат жеке қорғау
Ұсынылатын әдебиет

Негізгі әдебиет

  1. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. М.: Изд-во МГУ, 2005.

  2. Вудкок М., Френсис Д.. Раскрепощенный менеджер. М.: Дело, 1994.

  3. Герчикова Н.Н. Менеджмент. М.; ЮНИТИ, 2005.

  4. Менеджмент: Учебник / Под ред. Ф.М. Русинова и М.Л. Разу. М.: ФБК-ПРЕСС, 2008.

  5. Максимовский, Соловьев. Этикет делового человека. М., 2004

  6. Максимцев М.М., Игнатьев А.В. Менеджмент. М.: ЮНИТИ, 1998.

  7. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента / Пер. С англ. М.: Дело, 2006.

  8. Морита А. Сделано в Японии / Пер. с англ. М., 2008.

  9. Огарев Г. 31 закон карьерного роста. М.: РИПОЛ КЛАССИК, 2002.

  10. Пасс Ю., Торшина К., Беляева Е. Трудоустройство. Советы профессионалов. М-:

Экономика,1999.

11.Правила этикета. Краткий справочник / Под. ред. Л.В.Гангнус. М.: Дсльта-МКС, 2004.

12.Румянцева З.П., Саломатин Н.А., Акбердин Р.З. Менеджмент организации: Учебное пособие. М.: Инфра-М, 2005.

13. Управление организацией: Учебное пособие / Под ред. А.Г. Борт-нсва, З.П. Румянцевой. М.:Инфра-М, 2007.



  1. Форд Г. Моя жизнь, мои достижения / Пер. с англ. М.: Финансы и статистика, 1989.

  2. Форсайт П. Делу — время: Как правильно распоряжаться своим временем. Минск:

Амалфея, 1998.

  1. Хрупкий В. Е, Как добиться успеха. М.: Политиздат 2001.

  2. Швальбе Б., Швальбе X. Личность, карьера, успех- Психология бизнеса. М.: Прогресс,

2007.

  1. Шекшня С.В. Управление персоналом современной компании. М., 2006.

Қосымша әдебиет

  1. Дебра Олкок. Управление временем и рабочей нагрузкой. М.: Фин-пресс, 1998.

  2. Джонс Р. Как сделать карьеру / Пер. с англ. Екатеринбург: «Урал ЛТД», 1999.

  3. Дракер П. Управление, нацеленное на результаты / Пер. с англ. М.:

  4. Дункан Дж. У. Основополагающие идеи в менеджменте. Уроки основоположников менеджмента и управленческой практики / Пер. с англ. М.:Дело, 1996.

  5. Резник С.Д. Как учиться в институте: Методические указания по использованию метода активного самотестирования, анализа и контроля при изучении курса «Введение в специальность. Пенза: ИСИ, 1993.

  6. Карлоф Б,, Седерберг С. Вызов лидеров / Пер. со швед. М.: Дело, 1996-

  7. Карнеги Д. Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей. М.: Прогресс, 2006.

  8. Комаров Е., Комаров А. Уроки становления и развития фирмы «Сони».

  9. Кибанов А.Я. Управление персоналом: Учебник для вузов. М., 1997.

  10. Резник С.Д. Управление персоналом. Пенза: ПГАСА, 1990.

  11. Рейс Ф. 500 советов студентам / Пер. с англ. Д.Н. Выглежанина. М.:

  12. Аудит, ЮНИТИ, 1996.

  13. Русинов Ф.М. Менеджмент и самоменеджмент в системе рыночных

  14. отношений. М.: Инфра-М, 1996.

  15. Уткин Э.А. Управление фирмой. М.: Акалис, 1996.

  16. Якокка Ли. Карьера менеджера. М.; Прогресс, 2001.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет