Сабақ мақсаттарының сәйкестігі; бағалау критерийіне негізделген дискриптордың жүзеге асырылуы



Дата07.02.2023
өлшемі16.27 Kb.
#469216
түріСабақ
Математикадан талдау сұрақ. өзгерт


Математикадан талдау сұрақтары
1.Математика сабағы жайлы мағлұматтар:
- Сыныбы, пәні,тақырыбы;
- бағдарламадағы оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарының сәйкестігі;
- бағалау критерийіне негізделген дискриптордың жүзеге асырылуы.
2. Сабақтың басы
- Математика сабағын ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін қолданылуы (психологиялық ахуал, ширату жаттығулары, топқа бөлу әдістері);
- Математика сабағындағы оқытуды ұйымдастыру формаларының(ұжымдық, топтық, жұптық , жеке жұмыстар) жүзеге асырылуы;
- Оқушы мен мұғалімнің іс - әрекетін үйлестірудегі интербелсенді әдістердің қолданылуы.
3. Сабақ ресурстары
- Ресурстардың тақырып мазмұнына, әдістемелік және эстетикалық талапқа сай болуы;
- Оқушылардың белсенділігін арттыруда саралау тапсырмаларының жүргізілуі;
- Математика пәніне қызығушылығын арттыруға дидактикалық , ұлттық ойындарды қолдану деңгейі;
- Математикалық танымын дамытуға қосымша тапсырмалардың( шығармашылық, логикалық, танымдық жаттығулар )қарастырылуы.
4.Сабақ мақсаты
- Ортақ тақырыптардың қамтылуы;
- Математиканы оқытуда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын (айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым)дамытатын жұмыс түрлерінің іске асырылуы.
5. Сабақтың мазмұны
- Алдыңғы меңгерілген білімді қайталауға , жаңа материалды меңгертуге , оқулықтағы тапсырмаларды орындауға уақыттың бөлінуі;
- Есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін ұйымдастырылатын жұмыстардың жүргізілуі;
- Есептер жүйесі мен жаттығуларды оқытудың өмірмен байланысы;
- Математикалық терминдерді қолдану реті, теория мен практиканың бірлігі;
-Оқушылармен есеп мазмұнын талдай алуы( есеп мазмұнын таныстыру, шарты мен сұрағын анықтау, әр түрлі тәсілмен шығару);
- Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлері мен мазмұны;
6. Мұғалімнің сабаққа дайындығы,әдістемелік шеберлігі, педагогикалық әдебі.
7. Қорытындылар мен ұсыныстар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет