Сабақ: Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі Күні: Мұғалімнің аты-жөні



бет2/3
Дата23.12.2023
өлшемі74.55 Kb.
#487791
түріСабақ
1   2   3
7-сабақ. Қазақ тілі 6-сынып 6-бөлім ҚМЖ 1-нұсқа

Оқылым алды сұрақтар:
1.Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
2.Біз тұтынып жүрген тағамдар құрамында су бар ма?
«Бос орындары бар әңгіме»
Мұғалім жаңа сөздерден мәтін дайындайды. Ондағы кейбір сөздерді алып тастайды. Оқушылар өздеріне таратылған қағаздағы бос орындарды өз беттерінше толтырады. Содан соң мұғалім оқыған кезде, оқушылар жазғандарын тексереді.


Су туралы нe білeміз?
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.
Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.


1-тапсырма.

1.Мәтін қандай стильде жазылған?


______________________________________________________________________________________________
2.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмотоның су туралы пікірімен келісесіздер ме? Неге?
______________________________________________________________________________________________
3.Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
______________________________________________________________________________________________
4. Біз тұтынып жүрген тағамдар құрамында судың мөлшері қанша?
______________________________________________________________________________________________
5.Табиғи, таза суды үй жағдайында қалай дайындап алуға болады?
______________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет