Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
№ 18 орта мектеп
Ашық сабақ
Мәтін. «Жалбыз» мәтіні
Пәні: әдебиеттік оқу
Класы: 1 «А»
Өткізген: Аниева Ә.М
Бастауыш класс мұғалімі
Күні: 24.04.2009ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Мәтін. «Жалбыз» мәтіні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды айыра білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Пайдалы өсімдік туралы түсінік беру, адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелілік. Өсімдіктің пайдасы жайлы айтып, оны күтуге, жалпы туған жердің табиғатын қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Пейзаж
Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндірме, ізденушілік, ойын.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, көркем жазу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Көктем.
-Көктемде жердегі барлық тіршілікке жан бітеді. Осы табиғаттағы тіршілік иелерінің барлығымен сәлемдесіп алайық!
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Армысың, мектебім, дос – жаран!
Армысың, құрметті апайым!
-
Дайын болсақ, орнымызға отыра қояйық.
-
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.Сендермен бірге болғысы келіп, асығып тұрған тағы бір қонағымыз бар. Оның кім екенін білгілерің келе ме?Ендеше тыңдаңдар:
(су ағысы, құстар даусы естіліп тұрады.)
-Қар еріді, су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты.
Қонағымыз кім екен?
-
Көктем.
-
Төрлет, «Көктем-ару!». (Көктем бейнесіндегі қыз суреті тақтаға орналасады.)
-
Балалар, көктем мезгілінде аспанда қалықтап, ұшып келіп жатқан құстар, олардың балапан шығарғандарын көріп, мәз боламыз. Жылы жақтан өздерінің өзен-көлдерін сағынған қаз-үйректер келіп, мереке болып жатады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Балалар, сендерге үйге «Қаздарым» өлеңін рөлге бөліп, жаттап келу тапсырылған болатын. Кәнеки, қаздарым шыға қойыңдар!
(2 оқушы рөлге бөліп, жаттап айтады.)
(оқушылар құстар суретін жапсырады.)
-
Балалар, кәне, осы өлеңді оқығанда сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілер кездесті?
-
? (сұрақ белгісі)
! (леп белгісі)
. (нүкте)
-
Ал, балалар, естеріңе түсіріңдерші! Осы мен сендерге сөйлем туралы жұмбақ жасырған едім ғой. Сол жұмбақты кім айтады?
-
Өзім сөзден тұрамын,
Біткен ойды құрамын.
-
Балалар, осы «сөйлем» деген тақырыпты өткен кезде біз қандай ауылға барып едік. Ол ауылдың аты қандай?
-
Сөйлем.
-
Осы «сөйлем» ауылында кімдер тұрады?
-
Сөздер.
-
«Сөйлем» ауылының тыныштығын күзететін алып күшті 3 батырды көрдік. Ол батырдың аттарын естеріңе түсіріңдерші?Бірінші, үлкен батыр не деп аталады?
-
Нүкте батыр.
-
Ортаншы батырдың аты қандай?
-
Сұрақ батыр.
-
Үшіншісі, ең кенжесі ше?
-
Леп батыр.
-
Ал, балалар осы батырлар бір-біріне ұқсай ма? Олар ағайынды болғанмен, мінез-қылықтары әр түрлі. Нүкте батыр-ол қандай батыр?
-
Қарапайым, тек болғанды айтады да тұрады.
(күннің шуағын орналастыру)
-
Ал, сұрақ батыр-ол қандай батыр?
-
Ол үнемі сұрай береді. Сұрағы таусылмайды.
(күннің шуағын орналастыру)
-
Кенже, леп батыр-ол қандай батыр?
-
Ол үнемі көңілді, қуанышты, қуанып жүреді.
(күннің шуағын орналастыру)
-Өте жақсы! Күн «Сөйлем» еліне және Көктем-аруға өзінің шуақтарын сыйлай қойсын.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Ал, балалар, енді мына сөйлемдерге назар аударып, оқиықшы!
-
Әкесі үндемеді.
Көкектің тілі сақау.
Тиін орманда болады.
|
-Неше сөйлем берілген?
-3 сөйлем берілген.
-Бірінші сөйлемді оқып, онда не туралы айтылғаны жайлы білейік. Бұл сөйлем қандай әңгімеден үзінді?
-Әкесінің үндемегені, сөйлемегені туралы. «Әке мен бала» әңгімесінен үзінді.
-Екінші сөйлемде ше?
- Көкектің тілі сақау болғаны туралы. «Сауысқан мен көкек» ертегісінен үзінді.
-Соңғы сөйлемді кім оқиды? Онда не туралы айтылған?
- Тиіннің орманда болатыны туралы.
-Кәнеки, енді мына сөйлемдерді оқып жіберейік.
-
Жалбыз-шипалы өсімдік.
Жалбыздан дәрі жасалады.
Жалбыз өсетін жерде шыбын-шіркей болмайды.
| -
Балалар, жалбыз дегеніміз-ол өсімдік. Оның түсі жасыл болады.
-
Бұл неше сөйлемнен құралған?
-
3 сөйлем.
-
Бірінші сөйлемді кім оқиды?
-
Жалбыз-шипалы өсімдік.
-
Бұл сөйлемде не туралы айтылған?
-
Жалбыздың шипалы өсімдік екені.
-
Екінші сөйлемде не туралы айтылған?
-
Жалбыздан дәрі жасалатыны жайлы.
-
Соңғы сөйлемде ше?
-
Жалбыз өсетін жерде шыбын-шіркейдің болмайтыны туралы.
-
Ал, енді екі бағандағы сөйлемдерді салыстырайық. Со жақтағы бағандағы 3 сөйлемдердің мағыналары әр түрлі. Біреуінде әке, екіншісінде көкек құсы, ал үшіншісінде тиін туралы айтылған.
-
Оң жақтағы бағанда да 3 сөйлем бар. Бірақ бұл сөйлемдердің барлығында да қандай өсімдік жайлы?
-
Жалбыз.
-
Мағына жағынан байланысқан ба?
-
Иә.
-
Ендеше, егер сөйлемдер бір-бірімен мағына жағынан байланысқан болса, онда біз оны мәтін дейміз. Сонда қай жақтағы сөйлемдерді мәтін дейміз?
-
Оң жақтағы.
-
Сол жақта да 3 сөйлем бар. Неге, оны мәтін демейміз?
-
3 сөлемде әр түрлі әңгіме айтылған.
-
Балалар, мәтін сөйлемдерден құралады. Екі сөйлем болса да, ол мәтін болады. Мәтінге ат қоюға болады. Мына мәтінге қандай ат қоюға болады?
-
Жалбыз.
(соңғы жауап берген жапырақтарды орналастырады.)
-
Көктем мезгілінен басқа қандай жыл мезгілдері бар?
-
Жаз, күз,қыс.
-
Енді балалар, осы төрт мезгілдің бір-біріне ұқсамайтын дүниелері болады. Бізде осы 4 мезгілдердің болып, сергиік.
ІV. Сергіту сәті.
Күзде жапырақ боп түсеміз,
Қыста жерге қарша жауамыз.
Көктемде дән болып егілеміз,
Жазда әдемі гүл болып өсеміз.
-Біз, көктем туралы ойымызды одан әрі жалғастырамыз.Балалар, жаңа біз мәтінге не деп ат қойып едік?
-Жалбыз.
- Енді балалар, кітаптарыңа қараңдаршы! «Жалбыз» туралы мәтін бар екен.Неге мәтінге «Жалбыз» деп ат қойылған?Неге бұлай аталған, бірге талдайықшы.Әуелі мәтінді тыңдаңдар.
А) Мұғалім оқиды.
- Енді өздерің іштей 1 рет оқып шығыңдар.
-Мәтінді дауыстап, әрі тізбектеп оқиық. Қолдарыңды жүгіртіп отырыңдар.
Ә) Оқушылардың тізбектеп оқуы.
- Мәтінде не туралы айтылған?
-Жалбыз.
-Жалбыз қандай өсімдік?
-Пайдалы өсімдік.
-Жалбыз қайда өседі?
-Жалбыз сулы жерде өседі.
-Жалбызды пайдалы, шипалы өсімдік дедік. Қандай пайдасы бар?
-Дәрі жасалады.
-Жалбыз өсімдігінің қандай екенін көрдіңдер. Оны неге қосады?
-Кәмпит, сабаын, тіс жуатын пастада жалбыздың иісі бар.
-Мәтіннің мазмұнын кім әңгімелеп береді?
. . .
(жауап берген оқушы тақтаға гүлдің суретін орналастырады.)
V.Көркем жазу.
- Көктем сөздерін әдемі етіп жазайықшы!
Мына таңбалар ағаштағы бүршіктерге ұқсайды, ә?
бүршік бәйшешек
-Бұл сөздер туралы не білесіңдер?
Бүршік-ағаштың гүлдеуі
Бәйшешек-көктем хабаршысы, қарды жарып шығатын гүл.
-Балалар, бұл сөздер тек көктем мезгілінде ғана айтылады.
(көбелектер суретін орналастыру.)
-
Мына суретке қараңдаршы, көктем бейнесін әдемі шығардық емес пе? «Көктем – ару » қандай көңілді. Біз күннің тезірек жылуын күтіп жүрміз. Осы көктем көрінісі бейнеленген суретті пайдалана отырып, әдемі сөйлемдер құрайықшы. Қазір, көзімізді жұмып, сөйлемдер ойлайық. (Осы уақытта оқушылардың сабақтағы белсенділігіне байланысты, түрлі – түсті суретті бағаларды партаның астына жапсырып, не кітаптарының арасына жапсырып қоямын )
-
Қане, көзімізді ашайық. Кім сөйлем құрады? (Оқушылардың құраған сөйлемдері тыңдалады. Көркем құраған екі сөйлемді таңдап, дәптерге жаздырамын )
VІ. Дәптермен жұмыс.
Көктем келді. Көбелектер гүлге қонды.
VІІ. Бекіту.
Сонымен жалбыз өсімдігі туралы не білдік?
. . .
. . .
. . .
. . . . . .
VІІІ. Бағалау.
-
Бүгінгі сабаққа барлығың жақсы қатыстыңдар. Сендерге «Көктем- арулары» риза. Ризалығы сондай, сендерге берер сыйлығы да бар. Оны өздерің жан – жақтарыңнан іздеп, тауып, жоғары көтеріңдер.
-
Сыйлық ұнады ма? Олар бүгінгі сабақта алған бағаларың. Жарайсыңдар!
ІХ. Үйге тапсырма беру.
Мәтінді оқып, түсінігін айту.
Достарыңызбен бөлісу: |