І кезең
Дәлелдеу-ояту
|
«Шаттық шеңбері»
Ерте тұрып күнде мен,
Терезені ашамын.
«Сәлем» деймін күнге мен
Шаттық әнге басамын.
-Көңіл күйлерің қалай?
-Балалар, мен сендерге тақпақ айтамын, осы тақпақты қай мезгіл екенін айтыңдаршы.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады.
Жып-жылтыр боп жатады.
-Дұрыс айтасыңдар.
Қыс мезгілінде ауа –райы қандай болады?
Қардан біз не жасаймыз?
|
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
-Қыс мезгілі
-Күн суық болады. Боран, айнала аппақ қар болады.
-Аққала жасаймыз.
|
ІІ кезең Ұйымдастыру-іздену
|
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Біздің дәрігер».
Енді балалар мына бейнетаспаға қарайықшы. Мында аудандық аурухана. Онда көптеген дәрігерлер жұмыс жасайды.
Мыс: құлақ дәрігері, тіс дәрігері, хирург, терапев дәрігерлері бар. Мынау біздің балабақшамыздың медбике бөлмесі. Іші тап-таза ұқыпты жиналған. Медбике апайдың аты: Құдабаева Самал апай.
Медбике апай балалардың салмағын, бойын өлшеп жатыр. Балалар, адамдар ауырып сырқаттанып қалса дәрігерге көрінеді. Дәріге оларды жан-жақты емдеп тексеріп ауырған жерін табады. Смондықтан да ол кісілерді «ақ халатты абзал жандар» дейміз.
-Балалар, ауырсақ қайда барамыз?
Қане шаршасақ сергіту сәтін жасайық.
-Жарайсыңдар!
Тақтадағы суретпен жұмыс:
Ғажайып сәт.
Мейірбике келеді.
Енді, балалар мейірбике апайымызға тазалық туралы тақпағымызды айтайық.
Ойын: «Таны да ата».
Мақсаты: Қорапшадағы заттарды алып, мейірбикенің құралдарын атап көрсету.
|
Дәрігерге.
Әжеме тіс саламын.
Көзіне әйнек тағамын.
Сондықтанда өскенде
Мен дәргер боламын.
|
ІІІ-кезең
Рефлексивті түзету
|
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не туралы таныстық?
Ауырғанда бізді кім емдейді?
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге гематоген шоколадын беремін.
Сау болыңдар, балалар!
|
Дәрігер туралы.
Дәрігер емдейді.
Сау болыңыз.
|